Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік



жүктеу 26,45 Mb.
бет85/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   136
§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік

балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы

 

340-бап. Салық салу объектісі

Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:

1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;

2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;

3) өзінің шаруашылық мұқтаждары үшін мемлекеттік мекемелер өндіретін жерасты сулары бойынша төленбейді.



 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 341-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



341-бап. Салық базасы

1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар көлемінің құны кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.



Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген жерасты суларының көлемі жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.



Өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:

Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө. … + Vn ө.п. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұндағы:

V1 ө.п., V2 ө.п., …, Vn ө.п. - салық кезеңінде өткізілетін кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың әрбір партиясының көлемдері;

Б1 ө., Б2 ө., …, Бn ө. - салық кезеңінде әрбір партия бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің нақты бағалары;

n - салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар партиясының саны;

V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізудің жалпы көлемі.

Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.

3. Кең таралған пайдалы қазбалар және емдік балшықтар өткізілмеген жағдайда, есепті салық кезеңінде олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өткізу мүлдем болмаған кезде, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

Кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің нақты өлшемді орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомаларына түзетуді жүргізуге міндетті.

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.

5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасын айқындау тәртібіне қолданылмайды.



 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 342-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 342-бап жаңа редакцияда



342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

 


Р/с №

Пайдалы қазбалардың атауы

Мөлшерлемелер, %-бен

1

2

3

1.

Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас

2,5

2.

Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы

4,7

3.

Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

5,6

4.

Емдік балшықтар

10,6

 

2. Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:



 

Р/с



Пайдалы қазбалардың атауы

Мөлшерлемелер, АЕК-пен

1

2

3

1.

Осы кестенің 2-12-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы

1,000

2.

Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға сумен жабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы

0,001

3.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы

0,001

4.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол:




4.1.

пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша іс жүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерасты суы

0,003

4.2.

жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындау үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын, әжетхана, жуынатын, шомылатын орындарды) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

5.

Өндірістік-техникалық жерасты сулары

0,003

6.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 97-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін іске қосу кезінде ол пайдаланған жерасты суы

0,003

7.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

8.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

9.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

10.

Санаторий-курорттық ұйым (санаторий, профилакторий) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

11.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балаларға арналған сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балаларға арналған сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

12.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суы (4.2., 6, 7, 8, 9, 10, 11-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерасты суын қоспағанда)

0,250

 

3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең үлкен мөлшері қолданылады.

 

 

§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі



 

343-бап. Салық кезеңі

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 344-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 344-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



344-бап. Төлеу мерзімдері

Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

 

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 345-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



345-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей береді.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 346-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 346-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi

1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.

2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық немесе iшiнара жүргізілуі мүмкін.

3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ақшалай мәнде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.



Міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.

4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеуі көзделетін қосымша келісім жасалған кезде онда:

1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін мемлекет атынан алушы;

2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін жеткізу пункті, шарттары және мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі.

5. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбаларды салық төлеушінің беру мерзімдері осы Кодексте белгіленген осы салықтар мен төлемдерді ақшалай нысанда төлеу мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.

6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының тиесілі сомасын осы Кодексте белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімдерінде ақшалай нысанда бюджетке аударады.

7. Мемлекет атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін өзіне уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.

Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауапты болады.

8. Салық төлеуші және мемлекет атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшерлері және оларды заттай нысанда төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімдерде және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша табыс етеді.

 

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 46-тарау жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



46-тарау. Үстеме пайда салығы

 

347-бап. Жалпы ережелер

1. Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 347-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеушi болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңiнде есептеледi.

2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгiленген тәртiпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектiсiн, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектiлердi:



1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты;

2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табысты;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жиынтық жылдық табысты;

4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдердi;

5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығын;

6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттiң тұрақты мекемесiнiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.

 

347-1-бап. Төлеушiлер



1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушiлер болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) осы Кодекстiң 308-1-баптың 1-тармағында көрсетiлген;

2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдiк балшықты барлауға, барлау мен өндiруге немесе өндiруге;

3) барлауға және өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгiленген үстеме салығын төлеушiлер болып табылмайды.

 

348-бап. Салық салу объектiсi



Осы Кодекстiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушының шегерiмдер сомасының 25 пайызына тең сомадан асатын салық кезеңi үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстiң 348-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.

 

348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс

1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс осы Кодекстiң 348-2-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс пен осы Кодекстiң 348-5-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметiн жүзеге асыратын бейрезиденттер үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс осы Кодекстiң 349-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.



 

348-2-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс



Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, осы Кодекстiң 348-3-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

 

348-3-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс



Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетулердi ескере отырып, корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсаты үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.

 

348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер

1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерiмдер:

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) осы Кодекстiң 100 - 108, 109 - 114, 116 - 122-баптарына сәйкес есептi салық кезеңiнде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында шегерiмдерге жатқызылған шығыстардың;

2) мынадай шығыстар шегiнде:



тiркелген активтердi сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған салық кезеңi iшiнде нақты шеккен шығыстардың;

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берiлген қолданыстағы тiркелген активтер бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығы мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылмаған осы активтер құнының қалған сомасы шегiнде;



тiркелген активтердiң бухгалтерлiк есепте баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тiркелген активтердiң кейiнгi салық кезеңi iшiнде шеккен шығыстарының;

жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстiң 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен шегерiмге жатқызылатын шығыстарының;

3) осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдардың сомасы ретiнде айқындалады.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шығыстарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдерге жатқызу ағымдағы немесе кез келген келесi салық кезеңiнде iшiнара немесе толықтай жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.

Есептi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған осы шығыстар басқа да салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызуға жатпайды.

3. Тиiстi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңiнiң корпоративтiк табыс салығын есептеу кезiнде шегерiмге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға мiндеттi.

4. Егер белгiлi бір шығыстар осы баптың 1-тармағында белгiленген шығыстардың бірнеше түрiнде көзделсе, үстеме пайда салығын есептеу кезiнде аталған шығыстар бір рет қана шегерiледi.

 

348-5-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы



Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңi үшiн осы Кодекстiң 147-бабының 1-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, осы Кодекстiң 139-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.

 

349-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы

Осы тараудың мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңiнде осы Кодекстiң 147-бабының 5-тармағында белгiленген бейрезиденттiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық мөлшерлемесінің және осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген бейрезиденттiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық салу объектiсiнiң көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.

 

350-бап. Есептеу тәртібі

1. Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиiстi мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейiннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектiсiнiң әрбір бөлiгiне қолдану арқылы жүргiзiледi.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолдану үшiн жер қойнауын пайдаланушы:

1) салық салу объектiсiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектiлердi айқындайды;

2) осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомаларын мынадай тәртiппен:



1 - 6-деңгейлер үшiн - осы Кодекстiң 351-бабында келтiрiлген кестенiң 3-бағанында белгiленген әрбір деңгей үшiн пайыздың және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының көбейтiндiсi ретiнде;

7-деңгей үшiн:



егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретiнде;

егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретiнде айқындайды;

3) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық кезеңiнде алынған нақты таза табысты мынадай тәртiппен бөледi:



1-деңгей үшiн:

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса, бірiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, бірiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасына тең болады.

Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлер үшiн жүргiзiлмейдi;

2 - 7-деңгейлер үшiн:

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осы тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;

егер салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осындай айырмаға тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлерге арналып жүргiзiлмейдi.

Таза табыс бөлiктерiнiң деңгейлерi бойынша бөлiнген жалпы сома салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиiс;

4) үстеме пайда салығының тиiстi мөлшерлемесін осы Кодекстiң 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбір деңгейi бойынша бөлiнген бөлiгiне қолданады;

5) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.

 

351-бап. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн пайыздардың деңгейлерi мен мөлшерi



Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртiппен айқындалатын мөлшерлемелердің өзгермелi шкаласы бойынша төлейдi:

 


Деңгей

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу шкаласы, шегерiм сомасының пайызы

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн пайызы

Мөлшерлеме (%-пен)

1

2

3

4

1

25 пайыздан кем немесе соған тең

25

белгiленбейдi

2

25 пайыздан 30 пайызға дейiн қоса алғанда

5

10

3

30 пайыздан 40 пайызға дейiн қоса алғанда

10

20

4

40 пайыздан 50 пайызға дейiн қоса алғанда

10

30

5

50 пайыздан 60 пайызға дейiн қоса алғанда

10

40

6

60 пайыздан 70 пайызға дейiн қоса алғанда

10

50

7

70 пайыздан жоғары

Осы Кодекстiң 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

60

 

352-бап. Салық кезеңi

1. Үстеме пайда салығы үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.

2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтiзбелiк жыл iшiнде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн бірiншi салық кезеңi болып табылады.

3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, күнтiзбелiк жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн күшiне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.



 

353-бап. Салықты төлеу мерзiмi



Үстеме пайда салығы салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей төленедi.

 

354-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.

 

 

12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ



 

 

47-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 355-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 355-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау