Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)



жүктеу 26,45 Mb.
бет68/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   136
242, 276-11 және 276-13-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;

3) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;

4) осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



13. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушыға беріледі.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда



14. Бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер енгізу, оның ішінде қателерді түзету мақсатында өзгерістер енгізу бұрын жазып берілген шот-фактураны жою және түзетілген шот-фактураны жазып беру арқылы жүргізіледі.

Бұл ретте түзетілген шот-фактурада бұрын жазып берілген шот-фактурада көрсетілгеннен өзге тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер берушіні көрсетуге жол берілмейді.

Осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесі қолданылмайды.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 14-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



14-1. Түзетілген шот-фактура:

1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес келуге;

2) мынадай ақпаратты:

шот-фактураның түзетілгені туралы белгіні;

түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.

14-2. 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 14-3-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 14-3-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының кез келгенінің:

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;

немесе

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жолдауының және оның алынғаны туралы хабарламаның;

немесе

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:

заңды тұлғалар үшiн - егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;

дара кәсiпкерлер үшiн - мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.

Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:

1) бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсеткені, байланыс қызметін көрсеткені үшін банктер арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жолаушы тасымалы жол жүру билетімен (осы тармақтың 3) және 3-1) тармақшаларында көзделгеннен басқа жағдайларда) ресімделген;

3) әуе көлігінде берілетін жолаушы тасымалдау электрондық билетпен ресімделген;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) жолаушы тасымалы теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

4) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген;

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



7) осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларын қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайларда талап етілмейді.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді



16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.

 Осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді алушы өнім берушіге осындай өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында әуе көлігімен ұшу фактісін растау үшін өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші:



жеке тұлғаның әуе көлігімен ұшу фактісін растайтын құжатты

немесе

жазып берілуі осы баптың ережелері сақталып, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде сенім білдірілген адамы арқылы әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе әуе көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді сатып алушы дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде жүзеге асырылуға тиіс шот-фактураны тегін жазып беруге міндетті.

Осы баптың 15-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші көрсеткен тасымалдау қызметтері бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мақсатында теміржол көлігімен жол жүру фактісін растау үшін шот-фактура жазып беруді талап ете отырып, осы өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты орындауға міндетті.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 16-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 16-1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсаттарында шот-фактураны жазып беру:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) осы баптың 15-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, шот-фактуралар айналым жасау күнінен кешірек жазып берілген кезде, көрсетілетін қызметтерді беруші шот-фактураны жазып беру күнімен қатар айналым жасалған күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда



2) осы баптың 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

17. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 235-бабында белгіленген.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 18-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 18-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып берудің ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленген.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 19-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 19-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

19. Тапсырма шартына сәйкес келетiн талаптармен өткiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алушыға шот-фактураны жазып берудi сенім бiлдiрушi (осы Кодекстiң 233-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда - сенім бiлдiрiлген адам) осы бөлiмде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 20-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 20-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмау орын алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:

1) мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактураны жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi (қаржы лизингі бойынша сыйақы сомасы қосылмаған) қамтылуға тиiс;

2) мүлiктi қаржы лизингі бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 21-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



21. Оператор осы Кодекстің 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың жеткізуші (сатып алушы) ретіндегі деректемелерін көрсете отырып, осы баптың талаптарына сәйкес жазып беріледі.

 

264-бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жүк тасымалдауға шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.

Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.

Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналымның мөлшері көлік экспедициясы шартының шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.

Шот-фактурада:

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын қамтитын айналым көрсетіледі.

Көлік экспедициясы шарты бойынша сыйақының экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшеріне қосылатын сомасы шот-фактурада бөлек жолмен жазып көрсетілуге тиіс.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда экспедитор шот-фактураны екі данада жазып бередi.

Шот-фактураның бірінші данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа беріледі.

Шот-фактураның екінші данасы экспедиторда қалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



3-1. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедиторда тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарттың шеңберінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететін құжаттың болуы міндетті.

Бұл ретте мұндай құжат экспедиторда осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде сақталады.

Құжатта мынадай деректер көрсетілуге тиіс:

1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің шот-фактурасының реттік нөмірі және жазып берiлген күні;

2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы;

4) егер тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі;

5) тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетілген салық салынатын айналым мөлшеріне қосылатын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетудің құны бөлек көрсетіледі.

2012.26.12. № 61-V ҚР


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау