Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)



жүктеу 26,45 Mb.
бет64/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   136
Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар және ветеринариялық техника, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехника; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;

8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);

9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10) мемлекеттердің, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар;

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді



11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтыннан басқа, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:

қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын;

қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі ішінде импортталған инвестициялық алтынның жалпы құны мынадай:

импортталған инвестициялық алтынның салмағын өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы)

көбейту

өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына

көбейту

өткізілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына.

Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды:

құймалар;

пластиналар;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған алтын монеталар түрінде өткізу кезінде қолданылады.

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі импорттайтын инвестициялық алтын импорты;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді



13) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты;

Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесін және оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

14) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:

автокомпонент мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген, импорты қосылған құн салығынан босатылған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер тізбесіне енгізілсе;

осындай автокомпонентті әкелу Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген құжаттарда ресімделсе;

қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді пайдалану туралы міндеттемесін моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана берсе, инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттердің импорты қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.

Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын автокомпоненттер бойынша қосылған құн салығы Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларды әкелген кезде олардың қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады;

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



15) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:

шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесіне енгізілсе;

шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе;

қосылған құн салығын төлеуші кеден органына талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттемені ұсынса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады. Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша үш данада толтырылады.

Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап кезекті бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасымен екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Кеден одағының кедендік заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)



16) 2016 жылғы 1 қарашаға дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде еркін қойма аумағында шығарылған және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін көлік құралының құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

17) егер мұндай шикізат және (немесе) материалдар 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылса, осы Кодекстің 248-бабының 29) тармақшасында көзделген тізбеге енгізілген, еркін қойма аумағында өндірілген тауар құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

 

34-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ



 

256-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, бюджетке төленетін жарнаға жатқызылуға жататын салық сомасын анықтау кезінде осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда, егер олар салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:

1) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шот-фактура жазып берілген күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші салық салынатын айналым бойынша шот-фактура немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес табыс етілетін басқа да құжат жазып берген болса;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:

Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу жүргізілген болса;

қосылған құн салығы бюджетке төленген және кедендік рәсім шарттарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) Кеден одағына мүше болып табылатын мемлекеттер аумағынан тауарлар импортталған жағдайда:

жанама салықтар бойынша салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесі орындалған болса;

қосылған құн салығы осы Кодекстің 276-20-бабына сәйкес бюджетке төленген және қайтаруға жатпайтын болса;

4) осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған болса;

5) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғаларды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою кезінде, осы тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша есепке қою күні тауарлар қалдықтары бойынша (негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоса алғанда) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

2. Мыналар:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1) осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бөліп көрсетіліп, жазып берiлген шот-фактуралар бойынша өнім берушілерге төлеуге жататын;

2) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қаржы лизингі шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 238-бабының 10-тармағына сәйкес айналым жасау күні айқындалатын лизинг берушінің салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспайтын;

3) осы Кодекстің 263-бабының 10-тармағына сәйкес, қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4) есепті салық кезеңінде алынған мерзімді баспа басылымдарының және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiнiң құнына келетін бөлігінде осы Кодекстің 263-бабының 11-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге жататын;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресiмделген тауарлар декларациясында көрсетiлген, белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын;

6) төлем құжатында немесе салық органы берген және осы Кодекстің 241-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжатта көрсетілген;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) темір жол немесе әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып берілетін жол жүру билетінде бөлек көрсетілген;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді



8) мынадай шарттар:

отырғызу талонының немесе тасымалдаушы берген, әуе көлігімен жол жүру фактісін растайтын құжаттың болуы;

электрондық билет құнының төлену фактісін растайтын құжаттың болуы шарттары бір мезгілде орындалған жағдайда әуе көлігінде тасымалдаушының - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі және қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетіле отырып берілетін электрондық билетте бөлек көрсетілген;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



8-1) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

тасымалдаушы берген отырғызу талоны болса;

электрондық жол жүру құжаты құнының төлену фактісін растайтын құжат болса, салық төлеуші тасымалдаушының сәйкестендіру нөмірі мен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлігінің нөмірі көрсетіле отырып, теміржол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатында бөлек белгіленген;

9) есеп айырысуы банктер арқылы жүргізілетін коммуналдық қызмет көрсетуші қолданатын құжаттарда көрсетілген;

10) осы баптың 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың тиісті тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге жасалған тауарлар қалдықтарын түгендеу тізімдемесінде көрсетілген салық сомасы;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



11) осы тармақшаның ережелерін ескере отырып, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органының құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжатында көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

Мұндай құжатта:

өткізілуі бойынша айналымдары салық салынбайтын айналымдарға жататын тауарлар бойынша «ҚҚС-сыз» деген белгі көрсетіледі;

қалған тауарлар бойынша мемлекеттік материалдық резервке осы тауарларды жеткізген кезде төленген салық сомасының шегінде және шығарылатын тауарлардың құнына оларды шығару күні қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығының сомасы кіргені айқындалса, қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР
жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау