Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12) импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда көрсетілген және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасына сәйкес келетін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мынадай күндердің:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күнінің;
шот-фактураны жазып беру күнінің неғұрлым соңғысы тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстің 241 және 276-20-баптарына сәйкес қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
3-1. Босатылған айналымның мақсаттары үшiн сатып алынған, бірақ салық салынатын айналымның мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша өнiм берушiлер жазып берген шот-фактуралардағы қосылған құн салығының сомасы олар салық салынатын айналым мақсаттары үшiн пайдаланылған салық кезеңiнде осы тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынған күнi қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылуға жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
3-2. Аяқталмаған құрылыс объектiсiн өткiзген жағдайда бұрын осы Кодекстiң 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым түрiнде өткізуге арналған осы объектiнiң құрылысы процесiнде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы аяқталмаған құрылыс объектiсiн өткізу жүзеге асырылған салық кезеңiнде аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған күнi қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылуға жатады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3. Тұрғын үй ғимаратының құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқылы, ол мынадай:
ҚҚСте = ҚҚСтғ*Sте/Sтғ формула бойынша айқындалады,
мұнда:
ҚҚСте - тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСтғ - тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;
Sте - тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
Sтғ - тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-4-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 3-4-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактураны жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстiң 263-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күнi тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстiң 263-бабының 20-тармағында көрсетiлген жағдайларда лизинг алушы қосылған құн салығын лизинг берушiнiң осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген өткізу бойынша айналымды жасаған күнi тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызады.
5. Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 260-бабында көзделген тәртіппен есепке жатқызылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Егер салық төлеушілердің мемлекеттік базасында тұрған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағын қолданған болса, қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған сома мөлшеріне азайтылуға жатады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы қосылған құн салығын есепке жатқызу мақсаттары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға қатысты осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген деректемелерді көрсету міндетті болып табылмайды.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін төленуге жататын қосылған құн салығы сомаларын есепке жатқызуға бірнеше негіз болған кезде қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызу неғұрлым ертеректегі негіз бойынша бір рет жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 257-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы, егер:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi.
Қосылған құн салығы, егер ол салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшiн пайдалануға арналған (пайдаланылған), оның болуына байланысты салық төлеушi осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған (қолданатын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жатқызылады;
Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған, қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін дербес білім беру ұйымдарының қызметі бойынша нысаналы салым қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) негiзгi құралдар ретiнде ескерілген (ескерілетін) жеңiл автомобильдердi;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) шот-фактуралары осы Кодексте белгiленген талаптар сақталмай жазып берiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) төлемнің кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол есеп айырысу төлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып берген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша қосылған құн салығы:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алғанға дейін есепке жатқызылуға тиіс емес.
Тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша қосылған құн салығын осы Кодекстің 256-бабының 3-3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін тұрғын үй ғимаратын салуды жеке жүзеге асыратын қосымша құн салығын төлеуші:
осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
мұндай тұрғын үй ғимаратын пайдалануға қабылдап алғанға дейін ескереді.
2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өтеусiз негiзде алған кезде, осындай мүлiктi алған тұлға осындай мүлiктi өтеусiз берген тұлғаның төлеуiне жататын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қосылған құн салығының сомасы:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушімен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) комиссионер - комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) экспедитор - көлiк экспедициясы шарты бойынша міндеттерді атқару кезінде, осындай шарт бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушыдан және (немесе) басқа өнім берушілерден сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайды.
258-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету
1. Мынадай жағдайларда:
1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің болуына байланысты осы Кодекстің 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
2) тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша;
3) табиғи монополия субъектісі нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;
4) - 6) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) жарғылық капиталға үлес ретінде берілген мүлік бойынша;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындаған;
8) осы Кодекстің 239-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиеттерінің) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың бүлінуін білдіреді.
Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеуші табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.
3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған жағдайлар басталған сол салық кезеңінде жүргізіледі.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының 1) - 3), 7) және 7-1) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету:
1) осы баптың 4-1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, тауар-материалдық қорлар бойынша - түзету жүзеге асырылған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін сол күнгі тауар-материалдық қорлардың баланстық құнына қолдану жолымен айқындалатын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде;
2) сатып алынған негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша - көрсетілген активтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін олардың түзетілу күнгі қайта бағалау мен құнсыздану ескерілмеген баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Осы баптың 1-тармағының 1) - 3), 7) және 7-1) тармақшаларында белгіленген жағдайлар басталған жекелеген активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету осы тармақта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте осы тармақтың мақсаты үшін қосылған құн салығын төлеуші салған (құрған) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар жекелеген активтерге жатады.
Егер тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тек қосылған құн салығы қамтылған бағалар бойынша және қосылған құн салығы мөлшерлемесінің бірдей мөлшері бойынша сатып алынған болса, онда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құнына қолдану жолымен айқындалған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.
Қалған жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы жекелеген активті салуға (құруға) пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған күні қолданыста болған қосылған құн салығының мөлшерлемесін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құнына қолдану арқылы есептелген қосылған құн салығының сомасын қосу жолымен айқындалады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ топ 1, 2,… n = (Қ б х У топ 1, 2,… n), мұнда:
Қ топ 1, 2,… n - қосылған құн салығының әртүрлі мөлшерлемелері бойынша сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының есептік құны;
Қ б - жекелеген активтің түзетілу күнгі баланстық құны;
У топ 1, 2,…n - жекелеген активтің бастапқы құнындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір тобының үлес салмағы.
Тауарлардың әрбір тобы қосылған құн салығының қолданылған мөлшерлемесіне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны бойынша жеке қалыптасады.
2012.26.12. № 61-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |