Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


Осы бөлімде реттелетін қатынастар



жүктеу 26,45 Mb.
бет80/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   136
Осы бөлімде реттелетін қатынастар

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы бөлім жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын есептеу және төлеу тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.

3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:



1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін;

а) қол қойылатын бонусты;

б) коммерциялық табу бонусын;

в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

3) үстеме пайда салығын қамтиды.

Осы бөлімдегі арнайы ұғымдар мен терминдердің Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған маңызы бар.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін пайдалы қазбаларды өндiру салығы бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 308-бап жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



308-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын бейрезидент жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198 - 200-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, сондай-ақ рентабельдiгi төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебетi аз және қазылған кен орындарын (кен орындары тобын, осындай кен орындары тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгiн, бір келісімшарт шеңберіндегі кен орындарының бір бөлігін) әзірлеу кезінде, осындай кен орындары (кен орындарының тобы, бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының бір бөлiгi) бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді осы Кодексте белгіленгендерден ерекшеленетін тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеген жағдайда, салық мiндеттемелерiн есептеу үшін осы Кодекстің 310-бабына сәйкес бөлек салық есебін жүргізуге мiндеттi.

Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөніндегі келісімшарттарға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.

4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.

5. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.

Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттігі осы Кодекстің 17 немесе 17-1-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.

6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 308-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



308-1-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау тәртібі

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимi мұндай келісімнiң (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер үшiн сақталады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келісімi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.



Төлем көзiнен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агентi ретiнде әрекет ететiн салыққа қатысты салық мiндеттемелерiн орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлем көзiнен ұсталатын салық салу тәртібін реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөніндегі мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімнiң (келісімшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың салық режимiнде көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.

2. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) ережелерінде операторды айқындау көзделсе және осы келісім (келісімшарт) бойынша салық мiндеттемесiн орындауды оператор жүзеге асырса, онда мұндай оператор осы баптың 1-тармағына сәйкес осы келісімнiң (келісімшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режимiне сәйкес аталған келісімнiң (келісімшарттың) салық мiндеттемесiн орындайды.

3. Өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың салық міндеттемелерін орындау төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін:

1) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауы дербес немесе аталған қатысушының үлесіне қатысты міндеттемелер бөлігінде ғана осындай қатысушының атынан және тапсырмасы бойынша оператор жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарда салық төлеуші ретінде - жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушының деректемелері, уәкілетті өкіл ретінде оператордың деректемелері көрсетіледі;

2) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауды өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтық түрде жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарды жасау мен табыс етуді (кері қайтаруды) осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде оператордың деректемелерін көрсетіп, оператор жүзеге асырады.

4. Егер жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды орындау барысында операторда салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушідегідей (салық агентіндегідей) салық міндеттемелері пайда болса, онда мұндай салық міндеттемелерін оператор дербес орындайды.

 

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 308-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



308-2-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі

1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

1) осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;

2) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

2. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау үшін:

1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;

2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді;

3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;

4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есебін) орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте көзделген тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.

3. Күнтізбелік тоқсан салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін заттай нысанда орындауы үшін салық кезеңі болып табылады.



Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу бөлігінде күнтізбелік жыл мемлекет атынан алушы үшін салық кезеңі болып табылады.

4. Салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.

6. Мемлекет атынан алушы орналасқан жеріндегі салық органына:

1) салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.

Осы Кодекстің 69-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін табыс етуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді;

2) күнтізбелік жыл үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салық кезеңі ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударады.



Алдыңғы салық кезеңдері үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есебінде көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.

Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла отырып, тиісті салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.

8. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады.



Заттай нысандағы салық міндеттемесінің күнтізбелік жыл үшін мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.

9. Төлеу (аудару) кезінде төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен сәйкестендіру нөмірі де көрсетіледі.

10. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің ақшалай мәнге аударылғандағы мөлшерінде айқындалады.

11. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі жер қойнауын пайдаланушы үшін салық кезеңінде берілуге жататын пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мен салық кезеңінде нақты берілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.



Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.

Осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.

12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелетін салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жылда өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда нақты өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.



Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін есепті күнтізбелік жылдағы орташа өлшемді нақты баға қолданыла отырып, бірақ осы баптың 11-тармағында көзделген орташа өлшемді шартты бағадан кем болмайтындай ақшалай мәнге аударылады.

 

309-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайтын қызметке салық салу



Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық міндеттемелері туындаған күні Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

 

310-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері



1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бөлігінде, сондай-ақ осы Кодекстің 307-бабының 4-тармағында айқындалған рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, сулы, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған кезде кен орындарының тобын) әзірлеген кезде келісімшарт қызметі бойынша салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

2. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай терминдер:

1) тікелей табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен немесе келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

2) жанама табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;

3) жалпы табыстар мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асыруымен байланысты және жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес және олардың арасында бөлуді талап ететін жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

4) жалпы тіркелген активтер - келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;

5) жанама тіркелген активтер - пайдаланылу ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен ғана тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



6) өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, қарыздар бойынша шығындарды, пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу шығыстарын, жалпы әкімшілік пен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты емес басқа да шығындарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысы бар өндіріс шығындарын білдіреді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.

Жер қойнауын пайдаланушы бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.

Жер қойнауын пайдаланушы алғашқы бекітілген салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) көшірмесін корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзімде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

Жер қойнауын пайдаланушы салықтық есепке алу саясатына (есепке алу саясатының бөлігіне) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды немесе салықтық есепке алу саясатының (есепке алу саясаты бөлігінің) жаңа нұсқасы бекітілгеннен кейінгі он жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

Осы тармақ ережелері сол сияқты осы Кодекстің 308-бабының 5-тармағына сәйкес жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да қолданылады.

4. Келісімшарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

1) корпорациялық табыс салығы;

2) қол қойылатын бонус;

3) коммерциялық табу бонусы;

4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;

5) үстеме пайда салығы;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) осы Кодекстің 308-1-бабының 1-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимдері негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіптен өзгеше есептелетін өзге де салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша жүргізіледі.

5. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін келісімшарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық еспке алуда көрсетуді;

2) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеуді;

3) корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді;

4) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді;

5) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.

6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған қандай да бір нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдары есептелмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 137-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.

2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру (оның ішінде сыйақы жөніндегі) бойынша мiндеттемесiн стратегиялық әріптестің есептен шығаруынан болатын кіріс те келісімшарттық қызмет бойынша кіріс болып табылады.

7. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.



Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.

Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарт қызметіне немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.

Жалпы табыстар мен шығыстар келісімшарт қызметі мен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және тиісті үлесімен келісімшарттан тыс қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.

Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.

Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 8-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) мен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады.

Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы кодекстің 103-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.

Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.

Жалпы және жанама салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 9-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.

9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарт қызметі үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді қызмет ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді; оның ішінде:

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін алған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;

2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;

4) мына баптардың бірі бойынша - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;

5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санына келісімшарт қызметіне қатысатын қыметкерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;

6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.



Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.

Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі пайызымен (0,01%) айқындайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді



10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген мұнайды және (немесе), бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты өткізуден түскен кіріс, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмендетілмей айқындалады.

Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ұлттық оператор газды осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген орган бекіткен баға бойынша мемлекеттің басым құқығы шеңберінде сатып алса, онда мұндай газды өткізуден түскен кіріс осы Кодекстің 86-бабына сәйкес айқындалады.

Өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша кірісті өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.

Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін болса, мұндай газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мына формула бойынша айқындалады:

 


CP =

СF х

(GP1 х 0,857)

х r

, мұндағы:

OP + (GP1 х 0,857)

GP1

 

СP - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны, мың текше метр үшін теңге;

СF - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын мұнай өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;

GP1 - ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында өзіндік құнды айқындау көзделетін, ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;

OP - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;

0,857 - шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;

r - мына формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:

 


r =

GP2 х AEPG

,мұндағы:

OP х AEPO

 

 

GP2 - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі, мың текше метр;



Op - ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі, тонна;

AEPG - сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, тауарлы газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлы газдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, мың текше метріне теңге;

AEPO - сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың орташа өлшемді экспорттық бағасы, тоннасына теңге.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына осындай кейіннен өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жылдық жиынтық табысына қосылатын, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.

Осы бөлімнің мақсаты үшін шахта, кеніш, карьер, ұсату зауыты (қондырғысы), байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыты) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.

11. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелерін қоспағанда, салық міндеттемелерін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мынадай түрлері:

1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге;

2) жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;

3) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;

4) барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша туындаған салық міндеттемелеріне қолданылмайды.

12. Мұнай немесе тау-кен операцияларын жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын осы баптың 11-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар және (немесе) қызметтің нәтижелері жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуын жүргізу тәртібінің ерекшеліктері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті мұнай немесе тау-кен келісімшарттары бойынша салықтық есепке алуда көрсетілуге тиіс.

 

43-тарау. БОНУСТАР



 

311-бап. Жалпы ережелер

1. Жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері бонустар болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:

1) қол қойылатын бонус;

2) коммерциялық табу бонусы.

 


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау