Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)



жүктеу 26,45 Mb.
бет71/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   136
274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.

3-1. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Асып кеткен қосылған құн салығын қайтару қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

273-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару

1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтару:

1) егер осы Кодектің 274-бабында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімде;

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданбайтын және (немесе) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер үшiн 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасыныын колдануы 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн тоқтатылды

2) салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда аталған қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.

2. Егер қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсетпесе, онда бұл асып кеткен сома алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне жатқызылады немесе қайтарылуға ұсынылуы мүмкін.



Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде, 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтаруға құқығы бар.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Егер осы Кодекстің осы бабының 4-тармағында және 274-бабында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап күнтізбелік жүз елу бес күннің ішінде жүргізіледі.

Осы тармақтың мақсатында:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы Кодекстің 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.

3) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару салық органына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген, салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етуге осы Кодексте белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып) соңғы күннен бастап елу бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.



Осы тармақтың мақсатында:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Кодекстің 634-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.

5. Қосылған құн салығының асып кетуі:

2010.21.01. № 242-IV Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 373-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) мыналар:

шағын бизнес субъектілері;

шаруа немесе фермер қожалықтары;

ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда



2) осы Кодекстің 267-бабының және 231-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.

6. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге осы Кодекстің 603-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады.



Бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотына есепке жатқызу жүргізілмейді.

7. Салық төлеушінің декларацияда қосылған құн салығын қайтару талабы көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төлеуіне жатады.

Егер салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына бұрын өсімпұл есебіне жатқызу және аудару арқылы жүргізілген болса, салықтық тексеру кезінде расталмаған, салық төлеушіге бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін өсімпұл тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады.

8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген сомалар осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде салық төлеушінің осы сомаларды аударған күнінен бастап әр күн үшін өсімпұл есептен шығарыла отырып бюджетке төленуге жатады.

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен Кодекс 273-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



273-1-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері

1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.



Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:

1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;

2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;

3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.



Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы құрылыстарға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер қоюға немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақ үй, мейрамхана мақсаттарындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатқызылады.

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «толық аяқталған» құрылыс кезінде де қолданылады.

Бұл ретте құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.

Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:

1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн;

2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн құрылыстың басталуы деп танылады.

Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

1) салық төлеуші қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын немесе инвестициялық басым жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйым болып табылса;

2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;



3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылса;

4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады.



Осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.

2. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.



Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасқан күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.

Осы тармақтың ережесі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып көрсетеді.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.

4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 272-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кеткен сомасына, сондай-ақ қосылған құн салығының асып кетуін қайтарған кезде осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.

 

274-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі



1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын-ала салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.

2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс еткен:



2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ірі салық төлеуші мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылатын тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) өтеді.

Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.

Мониторингке жататын ірі салық төлеуші - заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.

Осы тармақшаның төртінші бөлігінің ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

бірігу және (немесе) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуі мониторингке жататын ірі салық төлеуші болса және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келсе;

бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күні ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, қолданылады.

Осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің жаңа тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылады.

Бұл ретте есепті салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс ету күнi салық есептілігiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндеттемелерi жоқ, осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарының қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48-бабына сәйкес 274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының қолданылуы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы жоқ төлеушілер санатына жатқызылмаған тұлғалардың қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар.

3. Оңайлатылған тәртіппен қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару мынадай мерзімдерде:

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы баптың 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында аталған қосылған құн салығын төлеушілерге - салық кезеңі ішінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны салық органына табыс ету үшін осы Кодексте (ұзарту кезеңін ескере отырып) белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау