Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



жүктеу 26,45 Mb.
бет35/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136
Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және оларды пайдалануға беру;

4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және оларды пайдалануға беру;

5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуі кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-2-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-2-бап. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

тамақ өнімдерін өндіруді;

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаз шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-3-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-3-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-3-бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

тамақ өнімдерін өндіруді;

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаз шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-4-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 151-4-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-4-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-4-бап. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері:

1) мыналарды:

тамақ өнімдерін өндіруді;

сусындар шығаруды;

темекі бұйымдарын өндіруді;

тоқыма бұйымдарын өндіруді;

киім шығаруды;

жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіруді;

металлургия өнеркәсібін;

жиһаз шығаруды;

автокөлік құралдарын шығаруды;

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) ақпарат және байланыс;

3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;

4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.

151-4-баптың 2-тармағы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады

2. Осы Кодекстiң 150-бабының 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:

1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;

2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу.

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1 - 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді



5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталғанда:

жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі - заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуметтік салық жөніндегі салық кезеңінен бастап 5 жыл болса;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құраса;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының 90 пайызын Қазақстан Республикасы резидент қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары құраса, осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында, 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен ғана айналысатын қызметкерлердің кірістері түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық пен осындай қызметкерлер бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының
жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау