Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі



жүктеу 26,45 Mb.
бет124/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   136

608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) өзiнiң қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.

Бұл ретте, төменде тiзбеленген тәсiлдердiң біреуiмен жiберiлген хабарлама мынадай жағдайларда:

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;



Бұл ретте пошталық немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

салық органы веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;

«электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - келу тәртібімен оны алған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл ретте осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салық кезеңінде есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберу тәсілдері осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларға қатысты қолданылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1-1. Егер осы баптың 1-2, 1-3-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп тексеру жүргізу күні осындай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



1-2. Осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағына сәйкес салықтық зерттеу актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда мына күндердің бірі:

салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болмаған кезде - осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күн;

салық төлеушіде (салық агентінде) банк шоты болған кезде -егер хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы мерзім ішінде қол қою арқылы тапсырылмаса, осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң басталатын күн мұндай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)



1-3. Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4) - 9) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық органдары осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетiлген хабарламаларды жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелер салық төлеушiге (салық агентiне) хабарлама табыс етiлген күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға жатады.

3. Салық төлеушi осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен толық келiскен жағдайда, салық төлеушi хабарламаларда көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келiсу туралы өтiнiштi табыс етедi.

Бұл ретте, салық төлеушi тарату салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi салық органына хабарлама тапсырылған күннен кейiнгi күннен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.

4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгiленген хабарламаларды тапсыру және орындау тәртібі осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiне де қолданылады.

5. Салық органдары осы Кодекстiң 607-бабының 4-тармағында көрсетiлген жағдайда салық төлеушi өтiнiш жасаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мұндай салық төлеушiге осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағы 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын бередi.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы электрондық тәсілмен не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

 

 



85-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

 

609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда



2) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) мынадай:

салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың мүлікке;

салық төлеушінің мүлікке, оның ішінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындамаған кезде импортталатын тауарға билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесіне қатысты қолданылмайды.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:

осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;

осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:

1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;

2) өтініштері осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қаралатын салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты қолданылмайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3-1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:

1) банкрот деп танылған жағдайда - салық төлеушіні банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - оңалту жоспарын бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

3) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда - осындай келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

4) банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда - мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесінің сомасы бойынша және (немесе) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған салық төлеушінің салық міндеттемелері бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы тараудың ережелеріне сәйкес қолданылады.

3-2. 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.

5. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші - заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін бір мезгілде қолданады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



6-1. Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.



 

610-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұл

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсімпұл болып танылады.

2. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан өсімпұл сомасы есепке жазылып, төленеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (


жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау