С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі
Білгірлер, тапқырлар сайысы
Ұйымдастырушы: Мысаева Р.
2015-2016 оқу жылы
«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
_________ Д.Қауысов.
«_____» _______ 2015ж.
Тақырыбы: «Білгірлер, тапқырлар» білім сайысы.
Сайыс мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер
Сайыс кезеңдері:
Таныстыру
«Сөз тапқанға»
«Ойлан, тап!»
«Сен білесің бе?»
«Өнерпаз болсаң»
«Кім жылдам, әрі тапқыр»
Қорытынды
Барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Информатика жайында
Сайысты біз бастаймыз
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Білімділер, тапқырлар сайысына қош келіпсіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін екі топтарға береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен– дей отыра келесі кезеңді бастайық.
2-ші кезеңі «Сөз тапқанға»
Мұнда әр ойыншы бір-бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1 топқа сұрақтар:
1. Интернет не үшін керек?
2. Компьютер қашан пайда болды?
3. Компьютердің бағасы қанша?
4. Компьютер не үшін қажет?
5. Кітапханадан қандай кітап алдың?
6. Ноутбук сатып алғың келе ме?
2 топқа сұрақтар
1. Компьютер алдында қалай отыру керек?
2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
3. Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?
4. Вирусты қалай жояды?
5. Интернеттен не іздейсің?
6. Агентте кімге хат жазасың?
3-ші кезеңі «Ойлан, тап!»
Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.
1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, құлақшын, жүзім, хат, модем, электр тогы, қарындаш, әділ-қазылар суреті, колонка, калькулятор, процессор.
2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: сағат, компакт-диск, мұғалім, маус, үй тапсырмасын орындап отырған қыз, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.
4-ші кезеңі «Сен білесің бе?»
Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.
5 ұпай – экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ
5 ұпай – Caps Lock пернесінің қызметі?
5 ұпай – Enter пернесінің қызметі?
10 ұпай – Paint графикалық редакторын іске қосу үшін қандай командалар орындаймыз?
10 ұпай – Сурет салуған арналған редактор қалай аталады?
10 ұпай – пернетақта дегеніміз не?
20 ұпай – Word редакторында қандай жұмыс жасаймыз?
20 ұпай – Shift пернесінің қызметі?
20 ұпай – Пробел пернесінің қызметі қандай?
20 ұпай- Құжатты қалай сақтаймыз?
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп келесі кезеңге көшейік.
5-ші кезеңі «Өнерпаз болсаң»
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
6-ші кезеңі «Кім жылдам, әрі тапқыр»
Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» сөзі беріледі. 1 минутта қай топ көп мағыналы сөз құрайтынын байқау.
Қорытынды
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
. Қателерді анықтау.
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты.Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
1) Мен компьютерде жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын.Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын.Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокка қағаз саламын.Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарымды сақтаймын.
Жауабы: 9 қате жіберілген.
монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет;
әріптер пернетақта арқылы теріледі;
сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады.
компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады.
мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады.
ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек;
құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады;
плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы.
3. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меңінше, суреттер салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторды шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын.Оған қосса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық bmp форматында сақтаймын.Жауабы: 3 қате жіберілген.
Word графикалық редактор емес.
Word – та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес.
Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.
5. Финал. «Тапқыр болсаң шешіп көр»
Ал, енді тапқыр болсаң, мына есепті шеш.
1 тапсырма. Мен 10001 жасымда мектеп бітірдім,
ал 10110 жасымда академия бітіріп,
электронды сарайды қызмет еттім.
Ол кезде сендер бар болғаны 111 жастасыңдар.
11110 жасымда ғылыммен айналысып, 11 жылдан кейін ВИРУС атанып сиқырға ұшырадым.Мені сиқырдан құтқару үшін осы есепті шешу керек.
Шешуі:
10001 – 17 жас
111 – 7 жас
10110- 22 жас
11110- 30 жас
11- 3жыл.
Сонымен 17 жасында мектеп бітірген. Ол кезде сендер 7 жастасыңдар. 22 жасында академия бітіріп, 30 жасында ғылыммен айналысқан. 3 жылдан кейін Вирус атанған. Сонда 33 жасында ВИРУС атанған.
2 тапсырма:
Автобуста 4 жолаушы бар.1аялдамадан 2 жолаушы мінді, 2 аялдамадан 1-еуі түсіп 3-еуі мінді, келесі аялдамадан 4-еуі мініп 2-еуі түсті, келесіден 3-еуі мініп 1-еуі түсті, сонан соң 5-еуі түсіп 4-еуі мінді.Автобус неше аялдама жүрді?
Әртіс Сұлтанның мойнына оның әйелі Майра, екі ересек қыздары – Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары – Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады.Цирк әртісінің мойнында қанша адам отыр.
Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды.Қанша қойы қалды.
Сіз Астанадан Анкараға ұшатын ұшақтың ұшқысысыз.Ұшақ Астанадан Анкараға 2 ауысым жасап ұшады.Ұшқыштың жасы нешеде?
Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен аяқталады.Қай айда 28 саны бар?
Қолдарыңда он саусақ бар.10 қолда неше саусақ бар?
Австралияда 7 қазан күні бар ма?
Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін, неше рет кесу керек?
Жауабы:
1
|
5 аялдама;
|
|
5
|
Барлық айда 28 саны бар;
|
2
|
6 адам;
|
|
6
|
50 саусақ;
|
3
|
9 қой;
|
|
7
|
әрине бар;
|
4
|
Жауап берушінің жасына тең;
|
|
8
|
11 рет кесу керек;
|
Қорытынды марапаттау.
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңақала ауылы
Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.
5 ұпай – экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ
5 ұпай – Caps Lock пернесінің қызметі?
5 ұпай – Enter пернесінің қызметі?
10 ұпай – Paint графикалық редакторын іске қосу үшін қандай командалар орындаймыз?
10 ұпай – Сурет салуған арналған редактор қалай аталады?
10 ұпай – пернетақта дегеніміз не?
20 ұпай – Word редакторында қандай жұмыс жасаймыз?
20 ұпай – Shift пернесінің қызметі?
20 ұпай – Пробел пернесінің қызметі қандай?
20 ұпай- Құжатты қалай сақтаймыз?
Достарыңызбен бөлісу: |