Сагинаева Дарига Кайырмановна



Дата26.11.2018
өлшемі78 Kb.
#24611


Сагинаева Дарига Кайырмановна

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі,

жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері

Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы
Шағын жинақты бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі
Бүгінгі күннің талабы - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ал шағын мектептер ерекше мән беретін білім ордалары. «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды айтқанын қазір қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, солардың озық ойлы, білімді азаматтары да толық мақұлдайды. Халқымызда ұлы мұраты жастарға халықаралық деңгейде білім беру, ол мұратқа жетудің алғашқы баспалдағы мектеп , соның бәрі шағын мектепте өркен жаяды.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып - комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетілген.

Еліміздегі шағын жинақталған мектеп (ШЖМ) желісінің даму динамикасы туралы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: «Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі - мектептердің жалпы санының 56,5 пайызын құрайтын ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде - 68,6%.

Казталов ауданы бойынша 32 шағын құрамды мектеп бар. Бұл мектептерге 1356 оқушы тартылды. 32 шағын құрамды мектептердің 7 орта, 7 негізгі, 18 бастауыш жалпы білім беретін мектептер. 203 сынып, 177 сынып-комплектісі бар.


Ауыл мектебінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердің жайы да Елбасын толғандырып отырған мәселелердің бірі. Бұл ретте Президенттің: «...ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениетінің, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» деген сөздері жоғары пікірімізге дәлел бола алады.

Қазіргі таңда Үкімет қаулысымен шағын жинақталған мектептер қызметінің құқықтық-нормативтік ерекшеліктері анықталып, олардың нормативтік-құқықтық базасы жасалуда. «Білім туралы» заңда шағын жинақталған мектеп мәселесіне арнайы бап енгізілді. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» да шағын жинақталған мектептердегі білім беру сапасын арттыруға ерекше назар аударылып, оның негізгі тетіктері белгіленді.

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.



  • өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

  • сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

  • осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

Шағын кешенді мектепте оқытудың барлық әдістері қолданылады. Бірақ кең тараған әдістер – сөздік, көрнекілік, тәжірибелік. Бағдарламалық, тәжірибелік, компьютерлік оқыту элементтерін енгізген жақсы.

Сөздік әдістерді мұғалім өз басшылығымен істелетін жұмыста көп қолданады. Әңгіме, әңгімелесу әдістері мұғалімнен өте мұқият әзірлікті талап етеді. Мұғалімнің әдемі, әсерлі, жүйелі сөзімен сабақтың таңырыбын талдауға оқушылардың өздері қатысады.

Жаңа материалды түсіндіруде ауызша баяндау әдісінің көрнекілікпен ұштасуы оқушыларға жақсы әсер етеді. Көрнекіліктер қарапайым, әдемі, нақты жасалу керек.

Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімдерін анықтайды. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін анықтап болған соң, жаңа материалды қабылдату басталады. Мұғалім тақырыпты түсіндіріп, білімді тәжірибеде қалай қолдануға болатындығын көрсетеді.

Сурет, сызба, кесте, заттардың үлгісі сол сәтте оқылып жатқан тақырыпқа сай болу керек. Техникалық оқу құралдарын өте сақтықпен, ақылға қонымды етіп қолданған дұрыс.

Көрнекілікті қолданғанда оқушылар алаңдайды. Сондықтан оларды тек бір тақырып бойынша өтетін сабақтарда қолданып, қызықты бейнематериалдарды, фильмдерді сабақтардан кейін көрсету керек. Тапсырманы дұрыс орындау үлгілері, есептерді шешу алгоритмі, т.б. "Тіректер" сызба, кесте түрінде жасалады.

Уақытты үнемдеу үшін сыныптарды дұрыс біріктіріп, сабақ кестесін дұрыс жасау керек. Егер бір сынып өздік тапсырманы орындауды бастап, екіншісі мұғалім басшылығымен өздік жұмыс орындаса, уақытты үнемдеуге болады. Тапсырманы мұғалім алдын ала әзірлеп, әр оқушыға таратады. Сабақтың басында кезекші тапсырма жазылған конвертті оқушыларға таратады. Көбіне тапсырмалар күштілер, орта және нашар оқушылар үшін жасалған. Әр конвертке оқушының аты-жөні жазылады. Орындалған жұмыс конвертке салынып мұғалімге қайтарылып беріледі. Егер өздік жұмыстың жаппай сипаты болса, тапсырма нұсқау тақтаның бір жағына жазылады. Бірнеше сабақтарға арналған тапсырмалар: таңдап көшіру, фонетикалық, грамматикалық талдау, шығармашылықпен баяндау, "кері" тапсырмалар құру.

Сонымен сабақ – шағын комплектілі мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі нысаны. Ол сабаққа қойылатын жалпы тақырыпқа бағынады, бірақ өзгешеліктері бар. Сабақ құрылымы:

• мұғалім басшылығымен жұмыс;

• өздік жұмыс.

Сөздік және көрнекілік әдістерді ұштастыру уақытты тиімді пайдалануға және оқыту мен тәрбиелеуге көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Шағын комплектілі мектепте оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігі. - Орал, 1991

  2. Т.Оспанов, Ш.Құрманалина. Математиканың бастауыш курсын Оқыту

әдістемесі. II бөлім. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. - 96-1176.

3.Құсайынұлы Ы.Қ., Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектептердегі бастауыш сыныптардағы оқыту әдістері. – Алматы, 2001.

4.Баймолдаев Т.М. және т.б. Шағын жинақталған мектептерде пәндерді

оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары. (Әдістемелік



нұсқау). – Алматы, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау