Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері



жүктеу 22,18 Mb.
бет43/53
Дата21.12.2017
өлшемі22,18 Mb.
#5160
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53

Сергіту сәті.

Ү. Өткен материалды бекіту.

1. Ауызша жұмыс. № 4. Бірінші санның жүздіктерінің саны екінші санның жүздіктерінің санынан қанша артық:

429 және 248 --- 200-ке артық

674 және 231 --- 400-ке артық т. с.с.

№ 5. Салыстыр:

654 + 236 ‹ 901 360 см – 185 см › 170 см

910 – 187 › 675 700 м – 63 м › 540 м + 66 м

2. Есеп шығару. № 6. Есепті екі тәсілмен шығар.

Сатып алды – 18 хоккей таяғы мен 12 шайба

Үш командаға бөліп берді - ?

Шешуі: 18 : 3 + 12 : 3 = 6 + 4 = 10 (құралдан) Жауабы: 10 құралдан

Шешуі: (18 + 12) : 3 = 30 : 3 = 10 (құралдан) Жауабы: 10 құралдан

№ 7. Кесте бойынша есептер құрастыр, оларды шығар.

Шешуі: 100 ∙ 5 = 500 Жауабы: 500 тг

Шешуі: 500 : 2 = 250 жауабы: 1 бас киімнің бағасы 250 тг

3. № 8, амалдарды орында: Топтық жұмыс.

1 топ(1 баған) 2 топ (2) 3 топ (3)

70 ∙ (45 – 44) = 70 1 = 70 50 : (567 – 557) = 50 : 10 = 5 9 ∙ ( 17 – 17) = 0

45 : 9 + ( 91 – 86) = 9 +5 = 14 63 : 9 + (92 – 18) = 7 + 74 = 81 70 ∙9 + (68 – 39) = 659

4. Жұптық жұмыс № 10. Теңсіздіктер тура ма? Тексер және тура теңсіздікті теріп жаз.



10 + 0 › 45 : 5 18 : 342 : 6 180 : 6 › 160 : 8

72 : 9 ‹ 63 : 7 24 : 8 = 27 : 9 900 : 3 › 300 : 3



ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не үйрендік? № 11, ауызша талдау.

Шығармашылық жұмыс. № 12 . (жауабы:4; 8; 12.) Ауызша. № 13, неше есе?



ҮІІ. Үйге тапсырма: № 9, 151 бет. Бағалау.
83 . Тақырыбы: Бір сан екінші саннан неше есе артық немесе кем екенін табуға арналған есептер

Мақсаты: Бір сан екінші саннан неше есе артық немесе кем екенін табуға арналған есептер шығаруды үйрету; ұғымталдыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: талдау, іздену, ауызша, жұптық жұмыс істеу. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық!

Бір – біріңе сендер де, жақсы тілек тілеңдер, біраз жақсылық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9. ІІІ. Білімін тиянақтау: ауызша жұмыс.

а) Нөлді натурал санға бөлу.

65 + 40 15 : 0 37 ∙ 0

60 : 3 0 ∙ 60 90 : 3

0 : 5 85 ∙ 0 100 ∙ 0

ә) – Біздің класта 12 қыз, 15 ұл бар еді. Тағы 1 қыз, 3 ұл бала келді. Барлығы неше оқушы болды?

б) 8 ∙ 7 = 56 56 : 7 = 8 63 : 7 = 9 56 : 7 = 8 49 : 7 = 7

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Бір сан екінші саннан неше есе артық немесе кем екенін табуға арналған есептер шығару.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру.

1. Оқулықпен жұмыс № 1.


Шешуі: 35 : 5 = 7 Жауабы: орындықтар 5 есе кем

Шешуі: 35 : 5 = 7 Жауабы: креслолар 5 есе артық

№ 1 (2)
Шешуі: 35 : 5 = 7 Жауабы: талдың көшеті 5 есе артық

Шешуі: 35 : 5 = 7 Жауабы:қайыңның көшеті 5 есе кем.

2. Өздік жұмыс. № 2. Кестелерді толтыр: (5 ∙ 8 = 40 24 : 3 = 8)

№ 3. Тиісті санды қой:

6 жүзд. 5 онд. 8 бірл. = 658 бірл. 36 дм =360 см

9 м 6 дм 3 см = 963 см 84 м =840 дм



ҮІ. Білімін тексеру:

  1. Жұптық жұмыс. № 5

а) Шешуі: 20 : 5 = 4 Жауабы. Жайынның массасы 4 есе артық.

ә) шешуі: 30 : 15 = 2 Жауабы: акуланың ұзындығы 2 есе кем



  1. Есеп шығару, ұжыммен. № 6.

Сүлік – 72 ай, 24 ай артық Шешуі: 72 + (72 – 24 ) = 120

? теңіз кірпілері

Асшаяны - ? жауабы. 120 теңіз кірпілері

7.

Гренландия киті – 21 м. Шешуі: 21 : 3 = 7

Басы үштен бір б. - ? жауабы: Г. китінің басының ұзындығы 7 м



  1. Өздік жұмыс. № 8. Амалдарды орында.

  2. Ұжыммен талдау. № 10.

Шаршының ұз. 3 см. Егер 2 есе арттырсақ, оның ауданы неше есе артады?(2 есе)

  1. № 13, кесінді сыз.

ҮІІ. Сабақты қорыту.

1.ауызша № 11. Бірінші санның жүздіктері екінші санның жүздіктерінен неше есе кем:

325 және 953....... 3 есе артық 278 және 623 ... 3 есе артық


  1. не 819 ....... 4 есе артық 640 және 304 ... 2 есе артық т.с.с.

2. Шығармашылық жұмыс. № 14. (Жауабы: 4 есе артық)

3. № 15 ауызша. ҮІІ. Үйге. № 9, 12 153 бет. Бағалау.


84 . Тақырыбы: Санды көбейтіндіге көбейту( көбейтудің терімділік қасиеті)

Мақсаты: Санды көбейтіндіге көбейту немесе көбейтудің терімділік қасиеті жайлы түсінік беру; көбейту, бөлу, қосу, азайту дағдыларын бекіту, ойлау, зейінін дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, геометриялық фигуралар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер, жымиып күліп қойыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9, 13

ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.

Ауызша жұмыс.



  • Ал енді, өрнектердің мәнін есептеп шығарыңдар.

а) 27 : 1 0 : 5 20 ∙ 0 0 ∙ 9 0 : 30

33 : 1 0 : 4 13 ∙ 1 0 ∙ 17 40 : 1

ә) 6 ∙ 6 = 36 36 : 6 = 6 6 ∙ 6 = 36

6 ∙ 7 = 42 42 : 6 = 7 7 ∙ 6 = 42

6 ∙ 8 = 48 48 : 6 = 8 8 ∙ 6 = 48

6 ∙ 9 = 54 54 : 6 = 9 9 ∙ 6 = 54



ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

1 Фигурада неше текше бар?



Шешуі: 4 ∙ (2 ∙ 3) = (4 ∙ 2) ∙ 3




Санды көбейтіндіге көбейту үшін, ол санды бірінші көбейткішке көбейтіп, алынған көбейтіндіні екінші көбейткішке көбейтуге болады.

2. Суретпен жұмыс. Суретте неше теңге бар?

Есептеу тәсілін түсіндір:

(5 ∙ 3) ∙ 2 және 5 ∙ (3 ∙ 2).

(5 тг. бір қатарда үш монетадан екі қатар;

бұл жерде «көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан

көбейтіндінің мәні өзгермейді» деген ережені естен шығармау керек)

№ 3. Көбейтуді орында және нәтижелерін салыстыр:

(3 ∙ 2) ∙ 5 = 6 ∙ 5 = 30 (5 ∙ 4) ∙ 2 = 20 ∙ 2 = 40

3 ∙ (2 ∙ 5 = 3 ∙ 10 = 30 5 ∙ (4 ∙ 2) = 5 ∙ 8 = 40

4. Жұптық жұмыс. № 6. Тура теңсіздіктерді теріп жаз.

Ү. Өткен тақырыпты пысықтау.

1. Жұптық жұмыс. № 4. Өрнектер құр және мәндерін тап:

(2 ∙ 4) ∙ 2 = 8 ∙ 2 = 16 36 + (81 : 9) = 36 + 9 = 40

(6 + 3) ∙ 7 = 9 ∙ 7 = 70 (7 ∙ 6) - 24 = 42 – 24 = 18



2. Ұжымдық жұмыс. № 5. Амалдарды орында.

1 м – 8 дм 6 см = 100 см – 86 см = 14 см 4 дм 8 см + 5дм 8 см = 10 дм 6см

2 м 6 дм + 7 м 4 дм = 26 дм + 74 дм = 100 см 54 см + 4 дм 8 см = 10 дм 2 см

3. Есеп шығару. № 7.

Ашық хат – 48 Шешуі: 48 : 8 ∙ 6 = 36

Марка - ?, 8 есе кем Жауабы: 36 конверт

Конверт - ?, 6 есе артық

№ 8.


32 газет пен 25 журнал : 9 ? (32 + 25) : 9 = 57 : 9 = 6 (қалд. 3)

4. Өздік жұмыс. № 9.

І - 9 п. жәшігіне 4 ж. газеттен, ? есе артық Шешуі: 9 ∙ 4 : 6 = 36 : 6 = 6

ІІ – 1 п. жәшікке 6 ж. газет Жауабы: 6 есе көп.

5. ауызша № 11, 12.

ҮІ. Сабақты қорыту: № 13. Өрнектердің мәндерін табудың қолайлы тәсілінкөрсет.

ІҮ.Үйге тапсырма : № 10,  156 бет. Бағалау
85. Тақырыбы: Натурал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері.

Мақсаты: оқушыларға натурал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, іздену. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегіосындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 10. ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

Ауызша жұмыс.

а) 5 : 5 6 ∙ 1 70 :70

7 ∙ 1 8 : 0 0 : 56

200 ∙ 0 1 ∙ 0 25 : 0

0 : 65 1 ∙ 10 40 : 40
ә) 7 ∙ 7 = 49 7 ∙ 4 = 28 3 ∙ 7 = 21 56 : 7 = 8

8 ∙ 7 = 56 28 : 7 = 4 7 ∙ 6 = 42 7 ∙ 9 = 63

14 : 7 = 2 2 ∙ 7 = 14 5 ∙ 7 = 35 7 ∙ 6 = 42

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

Оқулықпен жұмыс. № 1. Ұжымдық талдау. Салыстыр. Қорытынды жаса.



4 ∙ (2 ∙ 3) = 24

4 ∙ (3 ∙ 2) = 24

(4 ∙ 3) ∙ 2 = 24

(3 ∙ 4) ∙ 2 = 24

(4 ∙ 2) ∙ 3 = 24

Қорытынды жаса.


Сандарды кез келген ретпен көбейтуге болады

№ 2. Көбейту мен қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, мысалдарды шығару тәсілін түсіндір.

(2 + 3) + 4 = 2 + (4 + 3) = 2 + 7 = 9

(4 ∙ 3) ∙ 2 = 3 ∙ (4 ∙ 2) = 3 ∙ 8 = 24

2. Жұптық жұмыс. № 3. Көбейтінділердің мәндерін қолайлы тәсілмен есепте:

Ү. Өткен материалды бекіту.

1. Есеп шығару. № 6.

Лера – 8 тг – 3 а. хат, ?, есе қымбат Шешуі: (8 ∙ 3) : (4 ∙ 2) = 24 : 8 = 3

Әсет – 4 тг – 2 марка Жауабы: 3 есе қымбат.

№ 7.

Балшықтан – 40 ойыншық Шешуі: 40 + (40 : 5) + (8 ∙ 8) = 40 + 8 + 64 = 112



Жұмсақ ойыншық - ?, 5 есе кем ? Жауабы: барлығы 112 ойыншық.

Қағаз ойыншық - ?, 8 есе артық


2. № 8, 9, 11 (ауызша)

Ұшақ моделі – 3 үстелге - 8 м. Шешуі: 8 : 4 = 2

Кеме м. - 4 үстелге сонша - ? Жауабы: әр үстелге 2кеме моделі қойылған.

3. Шығармашылық жұмыс. № 12. ( Жауабы: 1) 4есе артады; 2) 9 есе артады.



ҮІ.Сабақты қорыту: № 13 ауызша есептеу.

ҮІІ.Үйге тапсырма: № 4, 5. 157 бет. Бағалау
86. Тақырыбы: Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу

Мақсаты: Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу, бірнеше есе арттыру, кемітуге берілген есептер шығару; көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, суреттер.

Сабақтың түрі: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Білімін тексеру: математикалық диктант

58+1 60+9 75-70 3 ∙ 2 6 : 2 4 ∙ 5

70+1 91-1 27-20 2 ∙ 3 10 : 2 20 : 4

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

1.Ауызша талдай отырып, амалдарды орындау:




20 ∙ 30

Шешуі: 20 ∙ 30 = 2 онд. ∙ 30 = 2 онд. ∙ (3 ∙ 10) =

(2 онд. ∙ 3) ∙ 10 = 6 онд. ∙ 10 = 60 онд. = 600

20 ∙ 30


20 ∙ 30

600 : 300

Шешуі: 600 : 200 = 3, себебі 3 ∙ 200 = 600

200 ∙ 300

200 ∙ 300



20 ∙ 30

№ 2. Өрнектердің мәндерін үлгі бойынша тап:

30 ∙ 20 = 600 40 ∙ 20 = 800 50 ∙ 20 = 1000

20 ∙ 30 = 600 20 ∙ 40 = 800 20 ∙ 50 = 1000

600 : 20 = 30 800 : 40 =20 1000 : 20 = 50

600 : 30 = 20 800 : 20 = 40 1000 : 50 = 20

№ 3. Салыстыр.

560 ‹ 650 99 = 100 - 1

324 ‹ 330 640 – 40 = 600

30 ∙ 10 ‹ 400 80 ∙ 10 ‹ 9 ∙ 90

5 ∙ 100 = 500 30 ∙ 20 ‹ 550 + 60

ІҮ. Өткен материалды бекіту.


  1. № 4. Қатар бойынша. Теңдеулерді шеш:

1 қатар: 2 қатар: 3 қатар:

х ∙10 = 40 300 ∙ х = 810 + 90 в : 400 = 20 : 10



  1. Ауызша есептеу. № 5. 1) (5 ∙ 100 = 500(г) 2) 5∙ 10 = 50( кг картоп)

№ 6. ( 50∙10 : 5 = 100 жауабы: 1 маркер 100 тг тұрады)



  1. Есеп шығару. № 7.

Өшіргіш – 8 тг Шешуі: 8 + (8∙ 7) + (8 ∙ 7 + 72) = 8 + 56 + 128 = 192

Қаламсап - ?, 7 есе қымбат ? Жауабы: 192 тг төледі.

Күнделік - ?, 72 тг қымбат


  1. Өздік жұмыс. № 10. 5. Шығармашылық жұмыс: № 11.

(жауабы: қарға – 120 жыл, қыран – 104 жыл, үкі – 71 жыл, аққу – 70 жыл, ләйлек – 60 жыл өмір сүреді.)

Ү. Сабақты қорыту. № 12. Есептерді ауызша есепте.

ҮІ .Үйге тапсырма: № 8. 9. 159 бет. Бағалау

87. Тақырыбы: Фигуралардың көлемдерін салыстыр



Мақсаты: Фигуралардың көлемдерін салыстыру жолдарын үйрету; көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 8, 9. ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.

Ауызша жұмыс. 1. Көбейту кестесі бар карточкалар таратып беру (2,3,4,5,6,7)

2 ∙ 2 = 4 2 ∙ 5 = 10 2 ∙ 8 = 16

2 ∙ 3 = 6 2 ∙ 6 = 12 2 ∙ 9 = 18

2 ∙ 4 = 8 2 ∙ 7 = 14 2 ∙ 10 = 20

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

1 . Оқулықпен жұмыс.(түрлі ойыншық, сіріңке, геометриялық фигуралар арқылы олардың көлемдерін салыстырып баланың ойын тұжырымдау.) № 1, № 2 тапсырманы ауызша орындату.

№ 3.


1). 3л – 2л = 1л Ж: екінші банкада 1л шырын

2). 1л ∙ 3 = 3 л Ж: екінші бидонда 3л сүт бар.

3). 4кг : 2кг = 2 Ж: ірімшік 2 есе артық

2. Өздік жұмыс. № 4. Бос орынға тиісті санды қой:

4 м 2 см = 402 см 178 см = 1 м 78 см

5 м 4 дм =540 см 309 см = 3 м 9 см

 825 см = 8 м 2дм 5 см 486 см = 48 дм 6 см



3. Жұптық жұмыс. № 5. а - 236 өрнегінің мәнін тап, мұндағы:

1) а = 896 ; 896 – 236 = 630 3) а = 708; 708 – 236 = 472



2) а = 734; 734 – 236 = 498 4) а = 452. 452 – 236 = 216

№ 6. Салыстырып, салыстыру нәтижелерін түсіндір.(ауызша)



Ү. Өткен материалды бекіту.

1.Есеп шығару. № 8

Дүйсенбі – 20 л сүт Шешуі: 20 + (20 : 2) + (20 : 2 + 16) = 20 + 10 + 26 = 56

Сейсенбі - ?, 2 есе кем. ? Жауабы: барлығы 56 литр сүт.

Сәрсенбі - ?, 16 л артық

№ 9.

Таңқурай – 2 л – 4 банка Шешуі: 2 ∙ 4 + 3 ∙ 3 + 5 ∙ 2 = 8 + 9 + 10 = 27



Бүлдірген – 3 л – 3 банка ? Жауабы: барлығы 27 л компот.

Алмадан – 5 л – 2 банка

№ 10. (ауызша)

8 ∙ 2 = 16 Жауабы: 16 қасық дәрі болды.



2. Жұптық жұмыс. № 11. Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба,тексер:

207 : 20 = 10 (қалд. 7) 340 : 30 = 11 (қалд. 10)



220 : 20 = 11 (қалд. 0) 304 : 30 = 10 (қалд.4)

ҮІ. Сабақты қорыту:

1. Шығармашылық жұмыс. № 12.

а = 8 см 8 ∙ ( 8 – 4) = 32(см2)

в = ?, 4 см қысқа 32 : 4 = 8 см(ш. қабырғасының ұз.)

Р тік төртбұрыштың = Р шаршының. 8 ∙ 8 = 64 см2



2. № 13. Салыстыр.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 7. 161 бет. Бағалау.
88. Тақырыбы: Текшелерден құрастырылған кейбір геометриялық фигуралардың көлемдерін салыстыру

Мақсаты: Текшелерден құрастырылған кейбір геометриялық фигуралардың көлемдерін салыстыру, есеп шығару; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 7. ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ауызша. Бос орынға тиісті санды қой:



:






:

∙ :

8

8


8

9

8

64

8

8

93

72

8

64

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

Өлшемдері бірдей текшелерден мынадай геометриялық фигуралар құрастырылды.









Толықтыр: оқулықпен жұмыс (салыстыру)

  1. Ауызша. № 2, Кестені толтыр.

  2. Жұптық жұмыс. № 3. Мәндері бірдей көбейтінділер мен бөлінділерді тап.

3 ∙ 2 = 600 : 100 8 ∙ 5 = 400 : 100 150 : 5 = 5 ∙ 6

Өздік жұмыс. № 4. Есепте.

63 : 7 ∙ 4 = 36 6 ∙ 6 : 4 = 9 20 ∙ 20 : 400 = 1 72 : 8 : 3 = 3

54 : 9 ∙ 7 = 42 3 ∙ 6 : 2 = 9 900 : 900 ∙50 = 1 40 : 5 : 4 = 2



  1. Қатар бойынша. № 5. Теңдеуді шеш.

Сергіту сәті. Ү. Өткен материалды пысықтау:

1. Есеп шығару. № 7.

Шай – 500г Шешуі: 500 + 3 ∙ 100 = 800

? Жауабы: барлығы 800 г шай.

3 қорап – 100г

№ 8

1 қ. ү. саны – бірдей. Шешуі: 40 : (80 : 8) = 40 : 10 = 4



80 шеге. – 8 үйшік Жауабы: 4 қараторғайдың үйшігін жасады.

40 шеге - ?

№ 9.

90 : 9 : 2 = 10 : 2 = 5 Жауабы: 5 л су жұмсалды.



№ 10, ауызша. Аудандарын салыстыр.

2. Ұжымдық жұмыс. № 11. Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба, тексер:

425 : 40 = 10(қалд.25) 511 : 10 = 51(қалд.1)



452 : 40 = 11 (қалд. 12) 511 : 100 = 5(қалд. 11)

ҮІ. Сабақты қорыту: 1) № 12, ауызша.

  1. Шығармашылық жұмыс. № 13.

( жауабы: F1, F4, F3, F2, F5 . )

  1. № 14. Ауызша.

ҮІІ.Үйге тапсырма: № 6, 163 бет. Бағалау

89. Тақырыбы:Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру.



Мақсаты: Таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыру; есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, жұптық. Көрнекілігі. схема, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.



ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 6.

ІІІ. Білімін бекіту: ауызша жұмыс.

  1. Көбейту кестесі жазылған карточкаларды таратып беру.

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

  1. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  2. Ауызша талдау. № 1. Қай ыдысқа су көбірек сыяды? Қай ыдыстың көлемі кіші?

Мұны қалай дәлелдей аласыңдар?

  • Ең жылдам салыстыру қай әдіс? (көзбен көру)

  • Сендер өлшеудің қандай түрін білесіңдер?

  • Шаманы өлшеу үшін не керек?

  • Қорытынды жасаңдар?

  • Сыйымдылықты өлшеу үшін қандай өлшемдерді пайдалануға болады?

  1. Жұптық жұмыс. № 2.

Бидонның сыйымдылығы құмыраның сыйымдылығынан қанша артық? (4 – 3 = 1(артық))

Банканың сыйымдылығы бидонның сыйымдылығынан қанша кем? (4 – 2 = 2 (кем))

№ 3. Ауызша. (12л – 10л = 2л (үлкен))

№ 4 ауызша. Сыйымдылығы үлкен затты ата.( 1) бак; 2) жасыл қорап; 3) ожау)



Сергіту сәті. Ү. Жаңа сабақтан алған білімін бекіту.

1. Жұптық жұмыс. № 5. Кестені толтыр:


Азайғыш

40

10

400

9

600

700

Азайтқыш

30

9

0

7

200

100

Айырманың мәні

10

1

400

63

400

600

  1. Өздік жұмыс. № 7. Қосулар мен азайтулардың мәндерін тап.

  2. Есеп шығару. № 8.

Әкелінді – 360 шар.

Сатылды – 288 шар

Қалғанын - 8 қорапшаға бөлді.- ? салынды

Шешуі: (360 – 288) : 8 = 72 : 8 = 9

№ 9.

600 қызыл шар – 6 қорап Шешуі: 600 : 6 ∙ 9 = 100 ∙ 9 = 900



9 қорап - ? көк шар Жауабы: 900 көк шар

№ 10.


3 қатар – 8 үстел Шешуі: 8 ∙ 3 : 6 = 4

6 орындық - ?есе кем. Жауабы: 4 есе кем.

№ 11.

24 : 4 + 3 = 6 + 3 = 9(см) (ұзындығы) 6 : 2 = 3(см) (ені) Р = 9 + 3 + 9 +3 = 24



  1. № 12. Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба, тексер:

629 : 30 = 20 (қалд. 29) 709 : 10 = 70 (қалд. 9)

629 : 20 = 30 (қалд. 29) 709 : 70 = 10 (қалд.9)

Ауызша. № 13. 4 есе арттыр 4 есе кеміт

9 ∙ 4 = 36 6 ∙ 4 = 24 16 : 4 = 4 28 : 4 = 7

8 ∙ 4 = 32 60 ∙ 4 = 240 36 : 4 = 9 40 : 4 = 10

100 ∙ 4 = 400 400 : 4 = 100

№ 14.

І күні – 6 км Шешуі: 6 + (6 : 2) + (6 : 2 + 2) = 6 + 3 + 5 = 14



ІІ күні - ?, 2 есе кем. ? Жауабы: үш күнде 14 км жол жүрді.

ІІІ күні - ?, 2 км артық



ҮІ. Сабақты қорыту:

15. Ауызша . 5 ∙ 3 = 3∙ 5 № 16. Шығармашылық жұмыс. № 16.

17. Ауызша суретке қарап көзбен салыстыру.

Үйге тапсырма: № 6, 165 бет. Бағалау.
90. Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің қасиеттерін қолдану.

Мақсаты: Көбейтудің қасиеттерін қолдану, есеп шығаруға пайдалана білуін жетілдіру, кестелік жағдайларды ұғыну, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: сызба, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.

ІІІ. Пысықтау: ауызша жұмыс.

Көбейту , бөлу кестесі бойынша ауызша есептеулер.



ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ . 1.Ұжымдық жұмыс. № 1 Көбейтудің қасиеттерін қолданып есепте:

2 ∙ 9 ∙ 5 = 2 ∙ 5 ∙ 9 = 90 5 ∙ 6 ∙ 2 = 5 ∙ 2 ∙ 6 =10 ∙ 6 = 60 3 ∙ 5 ∙ 2 = 15 ∙ 2 = 30

8 ∙ 5 ∙ 2 = 40 ∙2 = 80 2 ∙ 4 ∙ 5 = 2 ∙5 ∙ 4 = 10 ∙ 4 = 40 7 ∙ 2 ∙ 5 = 7 ∙ 5 ∙ 2 =70

2. Өздік жұмыс. № 2. Кестені толтыр

3. Топтық жұмыс. № 4. Теңдіктер тура ма, тексер: (үш топқа бөлініп)

1 қатар:

64см = 6дм 4см 4м 3 см = 403 см 2дм = 20 см

28дм = 280 см 73м = 7300см 105см = 1м 5 см

4. Жұптық жұмыс. № 6.

304 – 214 + 359 = 449 700 –( 236 – 127) = 591

279 + 221 – 262 = 238 (964 – 536) + 362 = 790

Сергіту сәті: мұғалім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.

Егер сан екіге бөлінсе – оқушылар екі рет секіреді, ал егер бөлінбесе – бір рет орнында адымдайды.



ҮІ. Өткен материалды бекіту.

  1. Есеп шығару. № 7 (ауызша)

Балақай - 6 тоқаш Шешуі: 6 + (6 4) = 6 + 24 = 30

Карлсон- ?, 4 есе көп ? жауабы: барлығы 30 тоқаш жеді.

№ 7 (2).

Қызыл – 9 гүл. Шешуі: 9 : 3 = 3

Ақ - 3 гүл.- ? есе кем. Жауабы: 3 есе кем.

№ 8.


1 қармауышта – 13 р. гүлі. Шешуі: (13 + 3 ∙ 9) : 8 = (13 + 27) : 8 = 5

3 қармауышта - 9 гүлден Жауабы: әр құмыраға 5 гүлден.

8 қармауышқа бөлді -? гүлден

№ 9.


4 күн – 28 Шешуі: 28 : 4 ∙ 6 = 6 ∙ 6 = 36

6 күнде - ? Жауабы: Мүйізтұмсық 36 дөңгелек нан жейді.

№ 10. Ауызша.


  1. Өздік жұмыс. № 11. Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба, тексер:

834 : 40 = 20(қалд.34) 808 : 10 = 80(қалд.8)

834 : 20 = 41(қалд.14) 808 : 80 = 10(қалд.8)

  1. Жұптық жұмыс: № 12. (ауызша)

ҮІІ. Бекіту: бүгінгі сабақта не істедік, неге үйрендік?

Шығармашылықжұмыс. № 13. Күрделі теңдеу шешу.

(164 : х – 164) ∙ 300 = 0

(164 : х – 164) = 0 : 300

164 : х – 164 = 0

164 : (х – 1)= 0

Х – 1 = 0 ∙ 164

Х – 1 = 0

Х = 1

(164 : 1 – 164) ∙ 300 = 0



ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 3, 14. 167 - 168 бет. бағалау.

91. Тақырыбы: Қайталау.



Мақсаты: оқушыларды көбейту мен бөлудің қасиеттерін есеп шығарудағы білік дағдыларын жетілдіру; салыстырып, талдай білуге дағдыландыру.

Әдісі: қайталау, талдау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 3, 14 . ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

5 ∙ 8 = 40 7 ∙ 8 = 56

27 : 3 =9 27 : 9 = 3

9 ∙ 4 = 36 8 ∙ 7 = 56



ІҮ. Өткен материалды бекіту.

  1. 1. «Саяхатқа шығайық» ойыны. Оқулықпен ұжымдық жұмыс .

300 ∙ 3 = 900 20 ∙ 8 = 160 800 – 120 = 680 340 + 60 = 400 13 ∙ 7 = 81 6 ∙ 9 = 54

2. № 2. Топтық жұмыс.Амалдарды орында:

- 900 + 564 - 890 - 543 - 432 + 547 + 302 + 285

324 136 347 276 238 327 598 135

576 700 543 267 194 874 900 420

3. № 3 Жұптық жұмыс. № 4. Өрнек жаз және оның мәнін тап:

6 ∙ 6 : 4 = 9 82 – (7 ∙ 8) = 82 – 56 = 26 (34 – 25) ∙ 5 = 9 ∙ 5 = 45 (56 + 7) : 9 = 7


  1. № 5. Топтық жұмыс. Есепте.

1 топ: (1 баған) 2 топ (2) 3 топ (3баған)

(814 м – 797 м) ∙ 2 = 34м (59тг + 31тг) : 9 = 10тг (1сағ – 30мин) : 6 = 5 мин т.с.с.

Есеп шығару. № 6.

Кеме апаты - 7 рет Шешуі: 7 + ( 7 ∙ 3) + 12 = 7 + 21+ 12 = 40

Дауылға - ?, 3есе артық ? жауабы: 40 рет апатқа кезікті.

Көру аймағы – 12 жоғалтты.

№ 7. Шешуі: 3 ∙ 3 9 Жауабы. 9 күн керек.

№ 8.


Команда – 66 адамнан тұрады. Шешуі: 66 + 633 + 633 : 3 = 910

Бортында – 633 жолаушы ? Жауабы: 910 адам бар.

Қызмет көрсетуші ?, 3 есе кем

№ 9. Теңдеулерді шеш. Өздік жұмыс. № 10. Жұптық жұмыс.



Ү. Сабақты қорыту: 1.Шығармашылық жұмыс. № 11. 2. ауызша есепте. № 12.

ҮІ. Үйге : № 3. 170 бет. Бағалау.
92. Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту – көбейтудің үлестірімділік қасиеті.

Мақсаты: оқушыларды көбейту амалының үлестірімділік қасиетімен таныстыру; білімі мен білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай отырып өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер,сызба, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3.

ІІІ. Өткенді пысықтау. 1. Ауызша жұмыс.

8 ∙ 8 = 64 3 ∙ 7 = 21 72 : 8 = 9 42 : 7 = 6

4 : 8 = 9 8 ∙ 9 = 72 9 ∙ 7 = 63 35 : 7 = 5

2 ∙ 8 = 16 2 ∙ 2 = 4 2 ∙7 = 14 1 ∙ 2 = 2

2 ∙ 9 = 18 0 ∙ 2 = 0 2 ∙ 6 = 12 3 ∙ 2 = 6

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

1.Ұжымдық жұмыс. № 1. Оқулықпен жұмыс. А 3см В 6см С

Тік төртбұрыштың ауданы қалай табылғанын

түсіндір. 2см

1 тәсіл: 3 ∙ 2 + 6 ∙ 2 = 6 + 12 = 18

2 тәсіл: (3 + 6) ∙ 2 = 9 ∙ 2 = 18 М К Е




Қосындының санға көбейту үшін, әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан мәндерді қосу керек.

2. Ұжымдық жұмыс. № 2. Қосудың үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есепте:

(3 + 2) ∙ 5 = 3 ∙ 5 + 2 ∙ 5 = 15 + 10 = 25 (6 + 7) ∙ 3= 6 ∙ 3 + 7 ∙3 = 18 + 21= 39 т.с.с.

Жұптық жұмыс. № 3. Өрнектер құр және олардың мәндерін тап:

(3 + 4) ∙ 5 = 7 ∙ 5 = 35 (6 + 2) ∙ 7 = 8 ∙ 7 = 56 (5 + 6) ∙ 3= 11 ∙ 3 = 33

Өздік жұмыс. № 4. Кестені толтыр.



Ү. Білімді тиянақтау:

  1. Өздік жұмыс. № 6. Өрнекте.

  1. Сантиметрмен: 3м 2см = 302см ; 8м 12см = 812см; 5м 3дм 1см = 531 см.

  2. Метрмен және дм : 850см= 8м 5 дм; 900см = 9м; 340см = 3м 4дм.

  1. Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығар. № 7.

Таңертең -12 түйір қант. Шешуі: (12 + 8) ∙ 2 = 20 ∙ 2 = 40

Кешке – 8 түйір қант. Жауабы: 40 қант жейді.

2 күнде - ? қант жейді.

№ 7(2).


6 кг сәбіз – 60 тг Шешуі: (6 + 4) ∙ 60 = 10 ∙ 60 = 600

? Жауабы: барлық көкөніске 600 тг төледі.

Пияз 4 кг – 60тг

№ 8.


8 орам қағаз – 72м Шешуі: 72 : 8 ∙ 4 = 9 ∙ 4 = 36

Кіреберіске – 4 орам қ. Жауабы: кіреберіске 36м тұсқағаз сатып алынды.

Жұптық жұмыс. № 9.

Өздік жұмыс. № 10. Салыстыр. (20 + 60) ∙ 2 = 20 ∙ 2 + 60 ∙ 2 т.с.с.

Қатармен шығару. № 11. 234 : 100 = 2( қалд.34) т.с.с.

ҮІ. Сабақты қорыту:

1) шығармашылық жұмыс. № 13. ( жауабы: 592ге)

2) № 14. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, өрнекті жақшасыз жаз.

(9 + 8) ∙ 4 = 9 ∙ 4 + 8 ∙ 4 = 36 + 32 = 68 т.с.с.

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 4, 13. 146- 147 бет. 2. бағалау.

93. Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту – көбейтудің үлестірімділік қасиеті



Мақсаты: Оқушыларды көбейту амалының үлестірімділік қасиетімен таныстыру; білімі мен білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай отырып өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік, жұппен

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ұжымдық жұмыс. № 1. Кестені толтыр.

24

42

30


: 6
24 : 6 = 4 8 ∙ 8 = 64

8


5

4
30 : 6 = 5 8 ∙ 9 = 72

5 ∙ 6 = 30 24 : 8 = 3

42 : 6 = 7 4 ∙ 8 = 32


0

24

64


∙ 8
8 ∙ 6 = 48 0 ∙ 8 = 0


8


4

9

№ 2. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып, есепте:



(9 + 4) ∙ 6 = 9 ∙ 6 + 4 ∙ 6 = 54 + 24 = 78 (5 + 8) ∙ 2 = 5 ∙ 2 + 8 ∙ 2 = 10 + 16 = 26

№ 4. Есепте.

384 см + 5дм = 384см +50см = 434 см 112см - 6дм = 112см – 60см = 52см

№ 5. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығар.

а) Шешуі: (2 + 3) ∙ 3 = 5 ∙ 3 = 15 Жауабы: 15 әшекейлік зат бар.

ә) Шешуі: (4 + 5 ) ∙ 7 9 ∙ 7 63 Жауабы: 1 аптада 63 орындық жасайды.

б) Шешуі: 10 ∙ 3 + 10 ∙ 4 = 30 + 40 = 70 Жауабы: барлығы 70 сәбіз.

ІҮ.Түсінгендерін тексеру:


  1. Есеп шығару. № 6.

12 май ш. – 10 шамшырақ Шешуі: 12 ∙ 10 + 5 ∙ 100 = 120 + 500 = 620

? Жауабы: барлығы 620 шам жанып тұрды.

5май ш. – 100 канделябр

№ 7.


2 алқа - 20 жақұты Шешуі: 20 ∙ 2 + 10 ∙ 4 = 40 + 40 = 80

? Жауабы: барлығы 80 асыл тас.

4 салпыншақ - 10 меруерт тас


  1. Жұптық жұмыс. № 9. Қалдықпен орында және тексер:

21 : 10 = 2(қалд.1) 65 :10 = 6(қалд.5) 32 : 10 = 3(қалд.2)

Ү. Сабақты қорыту. Біз бүгін сабақта немен таныстық?

Шығармашылық жұмыс. № 10.

Егер бірінші көбейткішті 7 санына кемітсе, 40 ∙ 36 көбейтіндісінің мәні қанша кемиді?

(40 – 7) ∙ 36 = 40 ∙ 36 – 7 ∙ 36 деп аламыз, 7 ∙ 36, яғни 252ге кемиді, өйткені 7 ∙ 36 252

Жауабы: 252-ге.

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. № 3,11. 173 бет 2. Бағалау.
94. Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту – көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Мақсаты: оқушыларды көбейтудің үлестірімділік қасиетін есеп шығарудағы қолайлы тәсіл ретінде пайдалану біліктігін қалыптастыру; зейінін, жадын, тілін дамыту.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, өздік . Көрнекілігі: сызбалар, кестелер,суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 3, 11. ІІІ. Білімді тиянақтау: Ауызша жұмыс.

а) көбейту кестесін ауызша карточкалар арқылы орындау. ә) Есеп шығару.

- Қайыңның биіктігі 9 м, ал үй одан 3 м биік. Үйдің биіктігі қандай? ( 12м)

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.


  1. Оқулықпен жұмыс. № 1, № 2 ауызша шығарылады. Мысалдарды шығар.

800 – 150 = 650 560 : 8 = 7 200 ∙ 4 = 800 650 – 90 = 560

  1. Топтық жұмыс. № 3. 1 топ (1баған); 2 топ (2бағанды); 3 топ (3 бағанды)

№ 4. (4оқушы тақтада, қалғандары дәптерде) Өрнектерді жазып, мәнін тап.

(1 + 9) ∙ 7 = 10 ∙ 7 = 70 4 ∙ 5 + 8 ∙ 5 = 20 + 40 = 60 т.с.с.



  1. Өздік жұмыс. № 6. Теңдеулерді шеш.

  2. Ауызша талдау арқылы есеп шығару. № 7.

Поезд – 14 күн сонша жаяу. ? Шешуі: (14 + 14 : 2) ∙ 2 = 21 ∙ 2 = 42

Автобус - ?, 2 есе аз Жауабы: 42 күн жолда болды.

№ 8.

4 байдарка – 10адамнан Шешуі: (10 ∙ 4 + 9) : 7 = 49 : 7 = 7



Қосылды – 9 адам Жауабы: 7 қайық керек.

7 орындық қайықтан - ? керек



Сергіту сәті. Ү. Өткен материалды бекіту.

1.Есеп шығару. № 9.

4 орынды, 6 орынды – 3 рет Шешуі: (4 + 6) ∙ 3 = 10 ∙ 3 = 30

Неше оқушы ұшты - ? Жауабы: 30 оқушы ұшты.

2. № 10 топтық жұмыс.

3. № 11, ауызша. (3 + 2) ∙ 2 = 5 ∙ 2 = 10 Жауабы: 10 шашақ керек.

4. Шығармашылық жұмыс: № 12. (жауабы: 18 см-ге.

ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 5, 13. 174 - 175 бет. Бағалау.
95 . Тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Мақсаты: Оқушыларды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту әдісімен таныстыр; білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 5, 13. ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

Ауызша жұмыс.

а) 5 : 5 6 ∙ 1 70 :70

7 ∙ 1 8 : 0 0 : 56

200 ∙ 0 1 ∙ 0 25 : 0

0 : 65 1 ∙ 10 40 : 40

ә) 7 ∙ 7 = 49 7 ∙ 4 = 28 3 ∙ 7 = 21 56 : 7 = 8

8 ∙ 7 = 56 28 : 7 = 4 7 ∙ 6 = 42 7 ∙ 9 = 63

14 : 7 = 2 2 ∙ 7 = 14 5 ∙ 7 = 35 7 ∙ 6 = 42



ІҮ. Жаңа сабақ:

  1. № 1, № 2. Есептеуді түсіндір:

  1. 13 ∙ 4 = (10 + 3) ∙ 4 = 10 ∙ 4 + 3 ∙ 4 = 40 + 12 = 52

  2. 45 ∙ 2 = (40 + 5) ∙ 2 .. . .

№ 3, № 4 ауызша орындау.

Есеп шығару. № 5.



  1. 10 ∙ 4 + 6 = 40 + 6 = 46 Жауабы: 46 ағаш отырғызды.

  2. 24 ∙ 2 = 48 Жауабы: 48 құмыра қойылды.

Ү. Өткен материалды бекіту.

1. № 6. Есеп шығару.

6 қатар – 12 ағаштан 12 : 6 ∙ 8 = 6 ∙ 8 = 48

8 қатарда сонша - ? қайың Жауабы. 48 қайың өсіп тұр.

№ 7.


4 гүлзар - 34 гүл шешуі: 34 ∙ 4 – 64 = 136- 64 = 74

Қалды- 64 гүл Жауабы: 74 гүл қалды.

Жұлынды - ?


  1. Өздік жұмыс. № 9. Өрнектердің мәндерін тап.

566 + 234 = 600 680 – 135 = 600 532 – 384 = 148 т.с.с.

  1. Шығармашылық жұмыс. № 12.


жүктеу 22,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау