Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 29-жаттығу Көп нүктенің орнына бастауыш мүшені қойып көшіріп жазу:Тоғжан үйді тазалады. Терезе ашылды. Үйдің ауасы тазарды. Сабақ оқыдық. Содан соң екеуіміз далаға шықтық... 30-жаттығуды түсініп оқу. Ерулік - көшіп келген, алыстан келген адамдарға көршілерінің, туыстарының күн сайын әр үйдің қонаққа шақырып, ерулік беруі.
Кім?
|
Не?
|
Жұрт, біз
|
Үй, ерулік, домбыра, ән
|
31-жаттығудағы мақалдың мағынасын ашу, жаттау, көшіріп жазу.Қыстағы ең көрікті не болып табылады? Күздің сәні де мәні не? 32-жаттығуды түсініп оқу, ол сөзінің бастауыш екендігін дәлелдеу. Несі? сұрағына жауап беретін сөздерді табу? (сақасы, қалтасы) Бұл сөздер қай сөйлем мүшесіне жатады?
ҮІ. Бекіту: Ребусты шешу: Ара гүлге қонды. Бұл қай сөйлем түріне жатады? Бастауыштың астын сыз.
ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 34-жаттығу
ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оны сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік туғызу; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; экологиялық тәрбиесіне, табиғат-ананы, ондағы өсімдіктер дүниесін, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:34-жаттығудағы сурет бойынша әңгіме құрастыру, Сөйлемдегі бастауышты табу. Суретте қай мезгіл бейнеленген? Балалар құстарға неліктен тамақ беріп жүр?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Қимылды білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
35-жаттығу өлеңді түсініп оқу, қарамен жазылған сөздер сөйлемнің қандай мүшесіне жатады? Оларға қандай сұрақтар қойылады?
36-жаттығу.Өлеңді көшіріп жазу, қарамен жазылған сөздердің астын сызу, оларға сұрақтар қою. Қарамен жазылған сөз қай сөзбен байланысып тұрғанын сызып көрсету.
Ередемен жұмыс. 37-жаттығу топтап айту. Тапқан сөздерін қай мүше? Оларға сұрақ қой.
38-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқыту, түсінгендерін сұрақтар қою арқылы алу. Қимылды білдіретін сөздерді қойып жазу.
Бастауыш
|
Баяндауыш
|
Бұлт
Жел
Күн
|
тарады
соқты
шықты
|
ҮІ. Бекіту:
Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу.
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оған қандай сұрақтар қойылады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 39-жаттығу 83- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу «баяндауыш»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оны сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік туғызу; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; экологиялық тәрбиесіне, табиғат-ананы, ондағы өсімдіктер дүниесін, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.. Қызығушылықтарын ояту мақсатымен оқулықтағы ребусты шешкендегі, жұмбақты табу. Жұмбақ
Екі доп ауысты, Бір шеңберді тауысты (Күн, ай, тәулік)
Ребустағы суреттер: күн, тай, сәукеле, елік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 39-жаттығудағы сөзжұмбақтарды шешу.Табылған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ол қандай мүше болып табылады?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Қимылды білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Мысал келтіріңдер.
Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. Жұмбақтағы бастауыш пен баяндауышты тап, оларға сұрақтар қой.
ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Жаңылтпашты оқу, жаттау, жатқа жазу. Тыныс белгілеріне әр сөздің қалай жазылатындығына мән беру. Жазу, бастауыштың астын – бір рет, баяндауыштың астын екі рет сыздыру.
41-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Баяндауышты табу, оның қай сөз табынан жасалғандығын сұрақ қою арқылы табу. 42-жаттығу ьерілген Марс планетасы туралы мағлұматты есте сақтау, баяндауыштарды сұрақтар қою арқылы табу, көшіріп жазу.43-жаттығудағы жмбақтың шешімін табу, көшіру, баяндауыштың астын сызу.
ҮІ. Бекіту: «Не, қалай дыбыстайды?» Ойынның шарты: суретерге сәйкес жануарларды дыбысталуын табу, оның қай мүше екенін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |