Қызбаның сатылары
Қызба үш сатыда өтеді:
1. температураның көтерілуі сатысы (stadium incrementum)
2. температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы (stadium decrementum)
Қызбаның әр сатысынды организмде дене қызымының реттелуі әртүрлі болады.
Температураның көтерілу сатысы. Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (крупнозды пневмония, грипп, безгек, бөртпе сүзек т.б.), кейдке біртіндеп, бірнеше күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т.б.) көтерілуімен басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады. Шеткі қан тамыр тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төмендейді. Бұлшық еттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндірілуі күшейеді. Жиырылған қылтамырдарда қан айналымы баяулауына байланысты тері бозарып, суыйды. Арқаның, қолдардың, кейде жалпы қаңқа еттерінің талщықтарының еріксіз жиырылулары болады. Бұл кезде жиырылған еттер пайдалы жұмыс атқармайды ,тоңу сезімімен, дененің қалтырауымен қабаттасады. Температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы. Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге көтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт тұрақтанып тұрады. Бұл кезде жылудаң сыртқа шығарылуы да жоғарлайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. Бұл сатыда қызбаның келесі түрлерін ажыратады:
1. шамалы (субфебрильдік) қызба –дене қызымының 380С-ға дейін көтерілуі 2. орташа қызба -38-390С 3. қатты қызба -39-400С 4. асқын (гиперпиреттік) қызба -410С-тен астам көтерілуі. Температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы. Қызбаның бұл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу өндірілуден басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде жиналған жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі арқылы сыртқа шығарылады. Температураның түсуі екі жолмен болуы ықтимал:1.біртіндеп, лизистік (бірнеше тәулік ішінде) түсуі; 2. күрт (кризистік) түсуі. Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы. Қызба мен гипертермия кездеріндегі темрератураның көтерілуі жолдары мен себептері әртүрлі. Гипертермияның негізгі себебі сыртқы орта температурасының жоғары көтерілуінен болады. Ол ыстық өндірістерде істейтін жұмысшыларда, ыстық климаты бар аймақтардың тұрғындарында т.б. жағдайларда байқалады. Бұл кезде сыртқы ортада температура көтерілуіне организмнің компенсациялық механизмдері белгілі уақытқа дейін қарсы тұрады. Терінің қан тамырлары кеңиді, тыныс алу және жүрек соғысы жиілейді. Артынан бұл компенсациялық механизмдер жеткіліксіз болып, дене қызымы еөтеріледі, гипертермия дамиды.Қызба кезінде термореттеу механизмдерінің дене қызымын көтеруге бағытталған., ал гипертермия кезінде термореттеу механизмдері оған қарсы тұрады. Дене температурасының көтерілуі кезінде пирогендердің қатысымен болпды, ал гипертермия кезінде олардың маңызы болмайды. Кейде гипертермияны зат алмасуларын арттыратын дәрі-дәрмектердің көмегімен алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |