|
Сабақтың тақырыбы: Виртуалды және кеңейтілген шынайылық Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
бет | 10/13 | Дата | 13.12.2022 | өлшемі | 0,66 Mb. | | #40592 | түрі | Сабақ |
| 11 сынып Қысқа мерзімді жоспарыҚысқа мерзімді жоспары
Бөлім
|
Аппараттық қамтамасыз ету
|
Педагогтың аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып
|
Қатысушылар саны
|
|
Қатыспағандар саны
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Virtual Box орнату және баптау» практикумы
|
Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары
|
11.1.2.1 - виртуалды мәшинелердің мақсатын сипаттау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар:
|
Virtual Box виртуалды мәшинесін орнатты;
|
Көптеген оқушылар:
|
Virtual Box виртуалды мәшинесін баптады.
|
Кейбіроқушылар:
|
|
ЕБҚ бар балалар үшін
|
- Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға мұғалім педагогикалық –психологиялық көмек көрсету арқылы сөйлеуге мүмкіндік беру.
- Оқушының ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру.
(немесе жазбаша , практика түрінде жауап беруге жағдай жасау)
Денсаулығын ескере отырып оқушыға жеке карточкамен жұмыс жасау. (жүріп тұруы қиын оқушы)
Көзі нашар көретін оқушыны алдыңғы орынға отырғызып, аудио тыңдату арқылы жұмыс жасау.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
|
Жұлдыз
2 балл
|
Жұмыс дәптері
|
Сабақтың ортасы
|
Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:
– Virtual Box виртуалды мәшинесін қалай орнатуға және баптауға болатынын білесіңдер.
Компьютерде жеке жұмыс істеу
Оқулықтағы практикумды қарастырып, оны компьютерде жүзеге асырады. Мұғалім кеңесші.
Қадам бойынша тапсырма:
1. Virtual Box.org ресми сайтынан Virtual Box программасын жүктеп ал.
2. Программаны орнату үшін Virtual Box-6.0.10-132072-Win файлын іске қос.
3. Орнату іске қосылғаннан кейін терезе ашылады (2-сурет). Орнату программасының
нұсқаулықтарын ұстан.
4. Егер орнату барысында жұмыс үстелінде немесе басты мәзірде белгішені жасауға рұқсат етсең,
программаны орнатқаннан кейін Жұмыс үстелінен Oracle VM Virtual Box файлын іске қос.
Программаны іске қосқаннан кейін оның терезесі ашылады.
5. Баптауыш құралының көмегімен виртуалды мәшине, интерфейс тілі, жаңарту сақталатын
папка ашу.
Оқулық.
Компьютерлер,
6. Файл – виртуалды сақтаушы менеджер командасының көмегімен қажетті тасымалдаушыны
жасау (оптикалық диск).
7. Программаның бас терезесінде Іске қосу ( немесе Мәшине – Іске қосу) командасын басу.
8. Виртуалды мәшине жасау таңда.
9. Ubuntu жүйесін орнатуға көшу үшін жоғарғы панелде Іске қосу батырмасын басу.
10. Осыдан кейін ашылатын терезеде «Жүктеме дискіні таңда» терезесі пайда болады.
Қапшықтың белгішесін басып, жүйе дистрибутивіне жол көрсет.
Нәтижелерді талқылау.
Өз қалауы бойынша өзгерістер енгізе алады.
Жұптық жұмыс:
№1 тапсырма: Virtual Box-та виртуалды мәшиненің параметрлерін қалай өзгертуге болады?
Тізімнен керекті ОЖ-ды таңдау → Бөлшектер.
Тізімнен керекті ОЖ-ды таңдау → Бейне
Тізімнен керекті ОЖ-ды таңдау → Журнал
Тізімнен керекті ОЖ-ды таңдау → Құралдар
Тізімнен керекті ОЖ-ды таңдау →Баптау.
|
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
|
|
Презентация
|
Сабақтың соңы
|
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар
өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді.
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды
болуын қадағалайды.
|
Өзін-өзі бағалау.
|
|
Плакат /слайд/
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|