Құралдар мен фигуралар үшін баптау амалдарын орындауға болады. Мысалы
Қарындаш үшін – жуандық, түс;
Фигуралар үшін - , , түстер.
Жай-күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Мысалы, суреттің мөлшері.
Өшіргіш екі режимде болады: қарапайым және түрлі түсті. Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш /тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып/ тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.
Төмендегідей құралдардан тұрады:
Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш – бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;
Құю құралы– бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
Түс таңдау – бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
Масштаб – бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
Қарындаш – бұл кез келген сызықты әр түрлі жуандықта сызуға арналған.
Кисть – бұл ерікті сызықтарды салуға арналған.
Сызық – түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық сызық – тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
Тік төртбұрыш– бұл тік төртбұрыштар салуға арналған.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш – бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
Эллипс – шеңбер мен эллипс салуға арналған.
Көпбұрыш –ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
VІ. Жаңа сабақты бекіту: 1. Тест сұрақтары:
1.Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2
В) 1
С) 0
Д) 4
2.»Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) ALT
В) CTRL
С) SHIFT
Д) DELETE
3.Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті
В) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес
Д) Жұмсақ және қатты
4.Жай-күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер
В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) Файлдың аты
Д) Файлдың көлемі
5.Жұмыс үтелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау Басқару тақтасы
В) Paint Жұмыс үстелінің фоны ету
С) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
6.Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба?
А) Сызуға болады
В) Болмайды
С) Тек SHIFT пернесінің көмегімен ғана салуға болады
Д) Адамның мүмкіндігіне байланысты
2.Жаңа сабақты бекіту мақсатында компьютерде деңгейлік тәжірибелік жұмыстар орындалады.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі:
1.Paint –ті іске қосыңдар.
2.Жұмыс үстелінің мөлшері бойынша суреттің мөлшерін /Paint батырмасын Қасиеттер
белгілеңдер. Жұмыс үстелінің мөлшерін былай білуге болады: Бастау Басқару
тақтасыЭкранның шешімділігін баптау. Шешімділік нүктемен көрсетіледі, яғни суреттің
мөлшерін де нүктемен көрсетіңдер.
3.Парақты көкшіл түспен бояңдар. Түстің атын оған тышқанның сілтемесін апарып білуге болады.
4. Бұлттың суретін салыңдар:
Ол үшін:
Сопақ фигурасын таңдаңдар;
Ішін бояу түсін /Цвет 1/ - сұр 25% етіп етіп белгілеңдер.
Shift пернесін жібермей ұстап, дөңгелекті тышқанның оң батырмасымен созыңдар;
Ішін бояу тәсілін таңдаңдар;
Әртүрлі ішін бояу тәсілдерін таңдап, тағы бірнеше дөңгелек салыңдар.
5.Айдың суретін салыңдар:
Ішін бояу түсін /Цвет 1/ - сары етіп белгілеңдер;
Сопақ фигурасын таңдаңдар;
Фигураның келесі баптауын орындаңдар – ішін бояу біртұтас, контурсыз;
Тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып, сары түсті дөңгелек салыңдар;
Тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып, онымен қиысатын көкшіл түсті дөңгелек салыңдар;
6.Қылқаламның түрін таңдап, жауған қардың суретін салыңдар;
7.Қисық сызықты /Контуры –біртұтас түс/ және Түспен ішін бояу құралын пайдаланып, суреттің төменгі шекарасына күртік қардың суретін салыңдар.
Контур үзіліссіз болу керек, әйтпесе бояу суретке жайылып кетеді.
8.Файлды өз бумаларыңда «Түн» деген атаумен сақтаңдар.
9. Paint Жұмыс үстелінің фоны ету бұйрығын орындап, нәтижесін қарап шығыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |