(Ж)2-тапсырма. «Көршіңмен талқыла» әдісі: оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
Астана қаласындағы Бейбітшлік және келісім сарайындағы конференц-залдың едені шаршы тәріздес. Еденнің ауданы 288 м2. Конференц-залдың еденіне қанша метр жиектеме (плинтус) керек?
Дескриптор:
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұптар бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Кері байланыс. Ауданның формуласынан ұзындықты табуда көбейткішті түбір белгісінің алдына шығаруды қалай қолдандыңдар?
(Т) 3-тапсырма. «Сәйкестендіру» белсенді әдісі: Оқушылардың алған білімін қолдану, нақтылау және оқушылар белсенділігін арттыру мақсатында қолданылады.
Кинетикалық энергияның формуласынан жылдамдықтың формуласын қорытып, берілген мәндерді орнына қойып кестені толтырады.
E=48Дж
m=4 кг
|
м/с
|
E=75Дж
m=9 кг
|
м/с
|
E=72Дж
m=9 кг
|
м/с
|
Дескриптор:
- айнымалының мәндерін формулаға қояды;
- мәнін есептейді;
- көбейткішті түбір таңбасының алдына шығарады;
- мәндерін сәйкестендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |