Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесерлерді безендіру Сабақтың мақсаты



жүктеу 58,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі58,5 Kb.
#20533
түріСабақ

Күні: 12.04.2016ж

Пән аты: Информатика

Сынып: 6 «ә»
Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесерлерді безендіру
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға PowerPoint бағдарламасында тұсаукесерлерді құруды және оларды безендіруді үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, зейінділік қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Әдісі: түсіндірмелі-практикалық, СТО
Көрнекті құралдар: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткенді қайталау

  3. Жаңа сабақ

  4. Практикалық жұмыс

  5. Бекіту

  6. Үйге тапсырма

  7. Бағалау

  8. Рефлексия

Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңберін құрып, оқушылармен үш тілде амандасу. Қазақша-орысша-ағылшынша. Түрлі түсті геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: Слайд

2-топ: Анимация

3-топ: Дизайн



І. Білу. Оқушылар тұсаукесер туралы біледі.
ІІ. Түсіну. Балалар енді қаншалықты түсінгендерінді тексерейік.

«Миға шабуыл» Оқушыларға он сұрақ беріледі.


1. PowerPoint программасын қалай іске қосады?
2. Тұсаукесер деген не?
3. Тұсаукесердің негізгі элементі?
4. Жаңа слайдты қосу үшін қандай амал орындалады?
5. Слайдқа қандай обьектілер енгізуге болады?
6. Тұсаукесерді көрсету пернесі?

7. Тұсаукесерді сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?

8. Слайд фонын, дизайнын қалай өзгертуге болады?

9. Бұл бағдарламаның басқа офистік бағдарламадан артықшылығы ?



ІІІ. Қолдану.

«12 Сәуір – Ғарышкерлер күні» тақырыбында слайд жасау

1-топ: Тоқтар Әубәкіров туралы

2-топ: Талғат Мұсабаев туралы

3-топ: Айдын Айымбетов туралы
IV. Талдау. Жасаған жұмыстарын қорғау, түсіндіру.
V. Жинақтау. «Ассоциация әдісі»: PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері

Рефлексия.


  1. PowerPoint бағдарламасы күнделікті өмірге қажет пе? Өз ойларын жазу.

VІ. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, өзіңді тексер жұмысы
VІІ. Бағалау: бағдаршам түстері арқылы бағалау.

Жасыл- мен бүгінгі сабақты түсіндім

Сары- маған әлде де тақырыпты игеру керек

Қызыл- маған бүгінгі сабақ түсініксіз болды

- Белгілі бір тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.


Презентация (көрме) – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін көрнекі түрде ұсыну.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Обьект қою.
Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады.
Картинка қою.
Вставка - Рисунок - Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар слайдтың безендірілуінде екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word - тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint - та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады.
Дыбыс пен видео.
PowerPoint - та дыбыстар мен видеороликтерді слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады. Кейбір дыбыстар Эффекты анимации панелінде келтірілген. Басқа дыбыстар мен клиптерді Вставка командасынан табуға болады. Клип қойылған соң слайдта белгісі пайда болады. Клипті ойнату үшін белгіде екі рет шертеді.
Диаграмма қою.
Диаграмманы Excel - де құруға болады. Егер құрылған диаграмма болса, оны PowerPoint - қа слайдқа енгізуге болады. Диаграманы PowerPoint - та құру үшін, Вставка - Диаграмма командасын орындайды. Ары қарай диаграммамен жұмыс Excel - дегідей жүреді.
Word - тан кесте қою.
Егер кесте Word - та құрылған болса, оны PowerPoint - қа қою үшін, көшірмесін алмастыру буфері арқылы алып, слайдқа орналастыруға болады. Үш баған мен төрт жолдан үлкен кесте онша көрнекі көрінбейді. Сондықтан қарапайым кестелермен жұмыс жасаған дұрыс. Презентацияға Word кестесін қою үшін, Вставка - Рисунок - Таблица Microsoft Word командасын орындайды. Содан соң қажетті қатар саны мен жол санын енгізеді. ОК батырмасын шерткен соң, PowerPoint - тың құралдар тақтасы мен меню командалары Word программасының элементтеріне ауысады. Енді кестемен Microsoft Word - тағыдай жұмыс жасауға болады.
Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1. Power Point - ті іске қосу. Файл - Создать командасын таңдау.
2. Безендіру шаблонын жасау үшін
Файл - Создать - Шаблон - Оформления командасын қолдану
3. Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.
4. Слайдқа объект немесе сурет енгізу үшін Вставка менюіне кіріп керекті опцияны таңдау.
5. Мәтін мен кез келген объект үшін анимация енгізу үшін
Анимации - Настройка анимации командасын таңдау.
6. Бетке фон қою үшін Меню қатарындағы Дизайн командасын таңдау керек.
7. Құрылым тәртібіне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу.
8. Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін,
Показ слайдов менюін таңдау керек.
9. Презентацияны сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындап, ат беріп, сақтау.
Жұппен жұмыс.
1 жұп редакторлардан тұрады. Олар тақырыпқа сай мәтін құрайды, оны өңдейді. Мәтін қаншалықты қызық жазылса да безендірілмесе әдемі көрінбейді. Сондықтан бізге дизайнерлер керек.
Оқушыларға нөмірленген түрлі - түсті үлестірмелі қағаздар таратылады:
• Көк түсті (1 ден 8 - ге дейін) үлестірмелі қағаз алған оқушылар редакторлар тобын құрады.
• Қызыл түсті (1 ден 8 - ге дейін) үлестірмелі қағаз алған оқушылар безендіруші дизайнерлер тобын құрады.
Бір слайдты екі өңдеп шығарады: редактор және безендіруші. Үлестірмелі қағаздарындағы цифрлары бірдей оқушылар жұп құрайды.
Тапсырмалар
№1 -№3 жұптарға. Тақырыбы “Ғарышкерлер күні”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиент фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Текстура фонын таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Узор фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.

№2 -№4 жұптарға. Тақырыбы “Ұлы жеңіске 70 жыл”


Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Узорная заливка фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Сплошная заливка таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Рисунок или текстура фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.

№5 -№7 жұптарға. Тақырыбы “Менің ұстазым”


Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиентная заливка
Линейный түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Сплошная заливка таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз. Сөздеріңізді анимациямен баптаңыз.

№6 -№8 Тақырыбы “Біздің мектеп”


Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация таңдау, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиентная заливка
Радиальный түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Рисунок или текстура түрін таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Узор фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.
жүктеу 58,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау