Сабақтың тақырыбы: Түрлі әрлегіштерді өңдеу және оларды бөлшектермен біріктіру. Сабақтың мақсаты



жүктеу 182,3 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі182,3 Kb.
#16889
түріСабақ

Күні...............

Тақырып: Жекеленген бөлшектер мен түйіндерді өңдеу.

Сабақтың тақырыбы: Түрлі әрлегіштерді өңдеу және оларды бөлшектермен біріктіру.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға жаңа тақырыптың технологиялық шарттарын сақтай отырып, тақырыптың нұсқау картасымен өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.

Ә )Дамытушылық : Оқушылардың білімін тереңдедету.

Б) Тәрбиелік: Жұмыс барысында оқушыларды тазалыққа, шыдамдылыққа, ұжымдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың материалдық жабдықтау: тігін машинасы, үтік, тақырыпқа арналған плакаттар, см.лента, қайшы, қалам, бор, өшіргіш, тігін құралжабдықтары , белсенді тақта .

Өндіріс жұмыстарды өтетін оқу объекті: тігін шеберханасы

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздерме! Кезекші кім? Сабаққа қатысушылар түгел ме? Барлығыңыз арнайы киімдесіздерме? Жақсы. Ал енді жақсы көңіл- күймен ашық сабақты бастаймыз. 1 мин

Бүгінгі сабақтың тақырыбы сіз болашақ тігіншілер үшін маңызы өте зор. Осы сөзімді қызықты бейне материалдармен жалғастырамын. Назарларынғызды белсенді тақтаға аударыңызды сұраймын. Көріп отырғаныңыздай түрлі әрлегіштер қолданылған киім үлгілерін дайындау үшін жекеленген бөлшектерді өңдеуді жақсы үйренуіміз қажет.

Алдымен өткен сабақтың тақырыбын сұрақтармен бекемдейік. Сабақты жарыс тәрізді өткіземіз. Сіздерді екі топқа бөлемін: “Janome” және “Typical” топтары. Барлығыңыз таза парақ дайындап отырынңыздар. Түсті қағаздармен сіздерге ұпай беріп отырамын Параққа осы ұпайларынғызды гүл тәрізді етіп жапсырып отырыңыздар.Қызыл -5, жасыл – 4, сары – 3 деген бағаларды білдіреді





  1. Арнайы технология бойынша сұрақтар

Осындай қазақ ұлттық киімдерінің сүреттерін сіздерге дайындап келдім. Сұрақтар осы сүреттердің артында жасырынған.

1. Тігімдер орындалуына байланысты неше түрге бөлінеді? Олардың сипаттамасын айтыңыз. Белсенді тақтаға жазыңыз.

2. Машиналық тігістер қандай жұмысты атқарады?

3.Сырып тігу туралы түсінік беріңіз.

4..Біріктіру тігістері туралы не білесіз?

5.Әрлеуші тігістер турулы түсінік беріңіз.





  1. Кіріс нұсқауы

Үтікпен жұмыс істегенде техника қауіпсіздік ережелерімен танысайық.

Электр үтігімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі: 1. Электр үтігінің ыстықтығын қолмен ұстап тексеруге болмайды. 2. Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін үтік бауын, үтік тұғырын тексеру керек. 3. Үтіктің құлауына, сымның бұралуына үтіктің қатты қызуына жол бермеу. 4. Ысып тұрған үтікті суға салып немесе су бүркіп суытуға болмайды. Ондай жағдайда қолды немесе бетті күйдіріп алу мүмкін. 5. Ақаулы үтікпен жұмыс істеуге және электр сымын өз білгенінше жөндеуге болмайды. Тоқтан зиян шекпеу үшін үтікті тек құрғақ қолмен қосып, ажырату керек.



Түрлі әрлегіштерді өңдеу және оларды бөлшектермен біріктіру.

Ызба мен сутаж қазіргі кезде өте кең тараған және балалар мен әйелдердің көйлектерін, жейделерін өңдеу үшін қолданылады. Ызба (тесьма) сүреті мен түсі әр түрлі болады. Ирекбау ызбасын бұйымның оң жағына бастыра тігеді. Ирекбау ызбасын жағаны, мойын ойындысын, бұйымның етегін, ұлттық бас киімдерді әрлеуге болады.



Желбіршектер - әрлеудің өте кең тараған түрі. Олар негізгі немесе әрлеуші матадан дайындалуы мүмкін. Мәселен, сүреті бар матадан тігілген көйлек бірреңкті матадан жасалған желбіршектермен әрлендірілуі мүмкін. Желбіршектер бұйымға көлденең, тік, иінішті түзу немесе бедерлі сызықтар бойынша орналастырылуы мүмкін. Желбіршектер желі жіпке 450 бұрышпен моделіне байланысты енін 1,5 – 30см –ге дейін жеткізе пішеді. Қатпарлармен немесе бүрме түрінде орындалған желбіршектерді оның қосып тігу сызығынан үш есе ұзын пішеді.

Желбірлер шеңбер бойынша пішіледі. Желбіршектер мен желбірлердің жиек қиықтарын машанамен ирек тігім арқылы, сырып тігетін машинамен жабық қиықты енсіз бүгіп тігумен, жиектеу тігісімен өңдейді. . Желбіршектер мен желбірлер екі бүкпесін арасына немесе бүктесін қосымшасына қосып тігілген, бастыра тігілген және қондырып тігілгілген болуы мүмкін.

Желбіршектер мен желбірлердің қиықтарын өңдеу

Желбіршек немесе желбірдің жиек қиықтарын өңдеудің тәсілі моделі мен матасына байланысты. Бөлшектердің жиектерін арнайы машинада қиықтан 0,5 -0,7 см қашықтыңта сәндік тігіс жасай отырып әрлейді, содан соң айшықтың бағаншаларының орта-сынан тіледі (3.11 а-сурет).

Бөлшектің жиектерін иректі тігісті машинаның арнайы жабдығына енгізіп бағыттайды және жабық қиықты тігіспен бүгіп тігеді (3.11 б-сурет), арнайы табанша болмаған жағдайда тігісті бүгілген жиек жағы-нан жүргізеді, ал тігіс жағындағы тігім қосымшасын дәлдеп қияды (3.11 в-сурет). Жеңіл созылатын матадан пішілген бедерлі пішіндегі немесе тік бөлшектердің жи-ектерін бүгіп тігер алдында ңиығын 0,5-0,7 см бүге отырып және тігісті бүктемеден 0,2-0,4 см ңашыңтықта жүргізе отырып бүгіп көктеу керек немесе жатңыза үтіктеу қажет.



3.11-сурет. Желбіршектпер мен желбірлердің қиықтарынарын өңдеу

Желбіршектер мен желбірлерді негізгі бөлшектермен біріктіру

Желбіршектер мен желбірлер екі бөлшектің арасына немесе ңатпардың қосымшасына қосып тігілген, бастырып тігілген және қондырып тігілген болуы мүмкін.

Негізгі бөлшектің оң жағына желбіршекті ңосып тігу сызығын белгілейді. Желбіршекті негізгі бөлшектің оң жақ бетіне оң жағын төмен қаратып жайып салады (оның дайын бүйымдағы орналасуына қарсы жағынан), желбір-шек немесе желбір жағынан қосып көктейді және қосып тігеді, бүрмелерді үзына бойына бірдей етіп бөледі. Тігістің желбіршек жағынан алғандағы ені - 0,7-1 см. Желбіршекті төмен қарай бүгіп, тігістерді баса үтіктейді.

Моделі бойынша біріктіру тігісіне желбіршек немесе желбір салынатын негізгі бөлшек екі бөлшектен түруы мүмкін. Желбіршекті не желбірді бөлшектің бір бөлігінің үстіне оң жағын төмен қаратып жайып сала-ды, ңиьщтарын теңестіріп, бүрмелер дайындалған екінші тігім бойымен желбіршек немесе желбір жағынан қосып тігеді (3.12 а-сурет). Соның өзінде бүрмелердің біркелкі орналасуын және бөлшектің ңатпармен жабылып қал-мауын ңадағалайды. Тігістің ені - 1 см. Содан соң желбіршек немесе желбірмен ңосып тігілген бөлшектің бөлігін, оның екінші бөлігімен оң жағын төмен ңаратып жайып салады (3.12 б-сурет), желбіршек немесе желбірді ортасынан орналастырады, ңиықтарын теңестіре көктейді, тігісті желбіршек немесе желбірді қосып тігу тігіміне әр 0,1 см ңашықтыққа ораластыра отырып сы-рып тігеді. Тігістің ені - 1,3-1,5 см. Бөлшектерді екі жа-ғына жаяды, тігістерді бүгіп немесе желбірдің қарсы жағына қарай жатқыза үтіктейді.






3.12-сурет. Желбіршектер мен желбірлерді негізгі бөлшектермен біріктіру

Бөлшектердің бөліктерін жапсырмалы тігіспен біріктірген кезде (3.12 в-сурет) бөлшектің екінші бөлігінің қиығын белгіленген сызың бойынша теріс ай-налдырылған жағына қарай 1,5-2 см бүгеді, бүгіп көктейді немесе жатқыза үтіктейді, желбіршек немесе желбір қосып тігілген бөлшекті үстіне жайып салып көктеп тігеді, содан соң желбіршекті тіккен тігім оң жа-ғынан көрінбейтіндей етіп бастыра тігеді.

Тақырып түсінікті ме? Сұрақтарынғыз бар ма? Олай болса сіздердің тақырыпты қалай түсінгендеріңізді анықтау үшін мен сіздерге сұрақтар қоямын.

Бекемдеу үшін сұрақтар

1.Ызба мен сутажды киімдермен біріктіру туралы түсініктеме беріңіз.

2.Желбіршектер мен желбірлердің түрлері және олардың өңделуі туралы айтыңыз.

3. .Желбіршектер мен желбірлердің негізгі бөлшектермен біріктіру туралы түсінік беріңіз.

Практикалык және өзіндік жұмыстарды тігін шеберханасында жалғастыратын боламыз.

Ағымдық нұсқау

1-ші айналым Ызба мен сутажды тігу.

2-ші айналым Желбіршектер мен желбірлерді дайындау. .

3-ші айналым Желбіршектер мен желбірлердің қиықтарын өңдеу .

4-ші айналым Желбіршектер мен желбірлерді негізгі бөлшектермен біріктіру

3.Жұмыстарды қабылдау және бағалау.

Күн бойы оқушылардың орындаған жұмыстарын шебер бағалайды. Жасаған жұмыстың сапасын, тазалығын, оқушының тәртібін , білімін ескере отырып әділ бағасын қояды.бағаны өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық деп бағалайды.



4.Жұмыс орнын тазалау: Шеберхананы жинастыру.

5.Қорытынды нұсқау. Сонымен, киімдерді тігу және оларды модельдеу жұмыстарында түрлі әрлегіштердің маңызы зор. Киімге өзгеше сән береді. Сабақты жақсы үйреніп алдыңыздар деп үміттенемін.

6.Үйге тапсырма

Желбіршектер мен желбірлерді әр түрлі маталардан дайындап келу.

О/ө шебері: Бабатаева Д.С.
жүктеу 182,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау