|
Сабақтың тақырыбы: Трансформатор. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану. Сабақтың мақсаты
|
бет | 3/3 | Дата | 21.06.2023 | өлшемі | 46,51 Kb. | | #43026 | түрі | Сабақ |
| Ашық сабақ Трансформатор. Электр энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану 3. Жүктемелі трансформатор.
Екінші реттік ораманың ұштарына электр энергиясын тұтынатын тізбекті қосса (немесе трансформаторға "жүк арту" деп те атайды), екінші реттік орамадағы тоқ күші енді нөлге тең болмайды. Пайда болған тоқ өзек ішінде өзінің айнымалы магнит ағының туғызады да, бұл Ленц ережесі бойынша өзек ішіндегі магнит ағынының өзгерісін кемітуі керек.
Бірақ қорытқы магнит ағынының тербеліс амплитудасының кемуі өз кезе-гінде бірінше ретгік орамадағы индукция ЭҚК-ін кемітеді. Олай болуы мүмкін емес, өйткені (5) бойынша . Сондықтан екінші реттік ораманың тізбегін тұйықтағанда автоматты түрде бірінші реттік орамадағы тоқ күші артады. Оның амплитудасы қорытқы магнит ағынының тербеліс амплитудасын бұрынғы мәніне жеткізгенше өседі.
Бірінші реттік орама тізбегінде тоқ күшінің артуы энергияның сақталу заңына сәйкес істеледі: трансформатордың екінші реттік орамасына жалғанған тізбекке энергияның берілуі бірінші реттік ораманың желіден дәл сондай энергия алуымен катар жүреді. Трансформатор өзінің арналған мәніне дейін жүктелген кезде бірінші реттік тізбектегі қуат екінші реттік тізбектегі қуатқа шамалас болуы керек: (1)
Осыдан енді (2)
Бұл транфсорматордың көмегімен кернеуді бірнеше есе арттыра отырып, біз тоқ күшін сонша есе кемітеміз (және керісінше) деген сөз.
Қазіргі қуатты трансформаторларда энергияның жиынтық шығыны 2-3%-тен аспайды.
Трансформатор айнымалы электр тоғын, тоқ күшінің кернеуге көбейтіндісін бірінші реттік және екінші реттік орамаларда шамамен бірдей болатындай етіп түрлендіреді.
Трансформация коэффициенті.
VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§2.10, 2.11. дайындық сұрақтарын талдау.
Трансформатор қандай мақсаттарда қолданылады?
Трансформатордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.
Трансформация коэффициенті деп нені айтамыз?
Төмендеткіш деп қандай трансформаторды айтады?
Электр желісіндегі энергия шығынын азайтудың қандай жолдары бар?
Неге жоғары вольтты электр желісі қолданылады?
VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер шығарту: (2.10.1; 2.10.2; 2.10.3; 2.11.1; 2.11.2)
Дайындық тапсырмаға талдау жасау
VIІI. Бағалау.
Үй тапсырмасын беру: §2.10, 2.11. Есептер: (2.10.4; 2.10.5; 2.10.6; 2.11.3;)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|