Қолдану
Оқушылар топта отырып флипчартқа жауаптарын жазады, болған соң топтар флипчарттарымен алмасады да өзара тексереді:
1-Топ:
-Ядролық реакция дегеніміз не ?
— Тізбекті ядролық реакция дегеніміз не ?
— Адам баласының тарихында ядроларды жасанды түрлендіруді тұңғыш реет 1919 жылы жүзеге асырған ғалым?
-Беккерель 1896 жылы қандай құбылысты ашты, зерттеулер нәтижесі?
-Радиактивті құбылысты тереңірек кім зерттеді,
зерттеулер нәтижесі?
-1897 жылы қандай бөлшек ашылды, кім ашты?
-1911 жылы Резерфорд атомның моделін қалай атады?
-Ядроның ішінде протондармен нейтрондарды қандай күш ұстап тұрады?
-Байланыс энергиясының формуласын жаз.
-α ,β- ыдырауда ығысу ережесін жаз.
2- топ :
Атом құрылысының «планетарлық» моделін ұсынған ғалым кім? Қай жылы?
Атомның құрылысын кім айтып береді?
Электрон қалай белгіленеді? Заряды қандай?
Протон қалай белгіленеді? Заряды қандай? Массасы нешеге тең? )
Нейтрон қалай белгіленеді? Заряды қандай? Массасы нешеге тең?
Массалық сан дегеніміз не? Қалай белгіленеді, формуласы қандай?
Нуклон дегеніміз не?
Химиялық элементтің ядросының белгіленуі?
Изотоп дегеніміз не?
Изобара дегеніміз не?
Деңгейлік тапсырмалар : «Білгенімді зердеме тоқу»
І-Деңгей
Резерфорд тәжірибелерінен тікелей атомның … моделі келіп шығады. (планетарлық)
Центрінде массасы түгелдей жинақталған … зарядталған атом ядросы орналасқан. (оң)
Ядроны айнала, белгілі орбиталармен … қозғалып жүреді. (электрондар)
Электрондардың мұндай қозғалысы ядро тарапынан болатын … күштің әсерінен туады. (ядролық)
Протондар мен нейтрондарды жалпы түрде … деп атауға келісілген.(нуклондар)
Протон – бұл заряды оң және модулі бойынша … зарядына тең бөлшек. (электронның)
Электрон – бұл заряды теріс және модулі бойынша элементарлық … Кл зарядқа, ал массасы … кг – ға тең бөлшек. (е=1,6*10-19, mе= 9,1*10-31)
ІІ -Деңгей
уран ядросы бір нейтронды жұтады да, одан екі жарықшық және төрт нейтрон босап шығады. Жарықшақтардың біреуі-ксенон , ал екіншісі қандай жарықшақ? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Натрий 11Na23 ядросының құрамы қандай?
Талдау. Синтез
ІІІ-Деңгей
Жартылай ыдырау периоды 27 жыл болатын, 8 кг радиактивті цезийден 135 жылдан кейінгі қалған атомдарының массасы қандай? (0,25 кг)
Радиактивті кобальттің жартылай ыдырау периоды 72 тәулік. Массасы 4г кобальттің 216 тәулікте ыдырайтын бөлігі қандай?(3,5 г).
уран ядросы бір нейтронды жұтады да, одан екі жарықшық және төрт нейтрон босап шығады. Жарықшақтардың біреуі- , ал екіншісі қандай жарықшақ? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Оттек 8О16 ядросының байланыс энергиясын табыңдар.
Магний 12Мg24 ядросының меншікті байланыс энергиясын табыңдар.
Дебат-әңгіме: Ядролық реактор : «Ия» -«Жоқ».
Ядролық реактордың пайдасымен зияны туралы мәлімет берілу сұралады. Оқушылар «дебат-әңгіме арқылы» Ядролық реактордың пайдасымен зиянын анықтайды.
Жақтаушы: Қазақстандағы ядролық энергетиканың даму келешегі. Қазіргі адамдар ядролық энегияны тек бүгінгі күнмен өмір сүріп келешекті ойламағандықтан даттайды.Сол адамдарға мен мынадай сұрақ қойғым келеді:егер жер жүзіндегі отын,мұнай және газ қоры таусылатын болса ,адам энергияны қайдан алады?Күнделікті отын жанғанда ауаны ластап ,экологияны ластайды.Ойлап қарасақ еліміздің экономикасы дамыған сайын өркендеуіміз керек. ( №3 қосымша )
Даттаушы: Қазіргі уақытта ешкім АЭС-тің қай уақытта ,қай жерде жарылатынын дөп басып айта алмайды.АЭС-тің экология,экономикаға және адам өміріне зияны мол .Еске Чернобыль, Фукусиманы алсақта болды,адамның жаны түшігеді.Мен,ядролық реактордың біздің елде салынуына қарсымын.
Мұғалім екі жақты тыңдап , сабаққа қорытынды жасайды:Екі жақтыда тыңдай отырып ,ядролық отынның зиянымен пайдасы қатар жүретініне көз жеткіздік. Егер адамзат жан-жақты жұмыстанса , тиімді пайдаланса ,ешқандай қатер болмайды деп сенеміз.
«Білгенімді дамыту»
Кестедегі мәліметтерді қорғау тапсырылды.Қорғаушының орындығының артына стикер іліп кету арқылы орындалады.
1
|
Ядролық реактордың негізін салушы ғалымдар
|
|
2
|
Ядролық реакцияға қатысатын химиялық элементтер
|
|
3
|
Ядролық реактордың бөліктерін ата
|
|
4
|
Ядролық энергияны алу әдістері
|
|
|