Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



жүктеу 3,43 Mb.
бет3/21
Дата10.02.2018
өлшемі3,43 Mb.
#9329
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Шарты: сөздердің байланысу тәсілдерін дұрыс орналастыру.

  • Сөздердің байланысу түрлерінің қандай тәсілдері бар?

  • Сөздердің осындай тәсілдері арқылы байланысуы міндет пе,мақсат па?

Жаңа тақырып: Сөздердің байланысу түрлері.

Мақсат қою кезеңі.

«Бүгінгі тақырыпта нені білуіміз керек?»

Сұрақ барысында оқушылардың болжау пікірлерімен таныса отырып,сабақтың негізгі мақсаты слайд арқылы көрсетіледі.

Сабақтың мақсаты

1.Сөздердің байланысу түрлері.

2.Грамматикалық белгілері.

3.Сөздердің байланысу тәсілдерімен байланыс.

4.Заңдылық (ереже).

1.Қиысу.Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай).

2.Матасу. Достық деген – адамның көрігі екен,

Достық деген – адамның серігі екен. (Мұқағали).

3.Меңгеру. Асқар белден күн нұры шашырады,



Шашырап ол да көлге бас ұрады. (Мұқағали)

4.Қабысу. Сұрғылт тұман дым бүркіп ... (Абай).

5.Жанасу. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр (М.Әуезов)

Ереже шығару.

Жаттығу жұмыстары

1-топ. «А» деңгейі – шығармашылық деңгей



Мәтінмен жұмыс.

Мен бақытты көрсем деуші едім.

Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді.

Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: -Е,азаматтар,бақытты болыңдар, дейтін еді.

Менің бақытты көргім келді.

Мен сонан бері талай бақытты адамды көрдім.Талай бақытпен бетпе-бет кездестім,қазір өзім бақыттың құшағындамын.

Мен көруге құштар болған бақыт қазір мені де,менің жолдастарымды да көтеріп шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты.

Бақыт өмірмен қатар келмейді екен,өмірмен араласып,өмір болып келеді екен.Бақыт қолыңды алмайды екен,жүрегіңді алады екен.жүрегің бақытқа шомылып,сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің.Мен бақытты көрдім.

(Саттар Ерубаев).

«А» тобының жұмысы

1.Мәтіннамалық (текстологиялық) жұмыс

а) Мәтінде не абзац бар? ә) Жаңа ой қанша?

б) Қосымша ой бар ма? в) Қандай сөйлемнің түрлері кездеседі?

2.Композициялық-мәтіндік талдау

Шығарма неше бөлімнен тұрады? Жоспарын құр.

.Сөздердің байланысу түрлерін анықта.

а) Қиысудың мәтіндегі саны.

ә) Меңгерудің мәтіндегі саны.

б) Матасудың мәтіндегі саны.

в) Қабысудың мәтіндегі саны

г) Жанасудың мәтіндегі саны.

4.Сөздердің байланысу тәсілдерінің санын анықтаңдар.

2-топ. «Ә» деңгейі – танымдық деңгей



Көркем шығармалармен жұмыс(Абай,Жамбыл,Мұқағали өлеңдері)

  • Абай,Жамбыл,Мұқағали кім? Олардың әдебиеттегі орны қандай?

  • Абайдың,Жамбылдың,Мұқағалидың қай шығармалары матасу,қабысу,меңгеру тіркесі түрінде келген?

Тапсырма

а) Абай;Жамбыл,Мұқағали шығармалары бойынша сөздердің байланысу түрлерін табу.

ә) Жекелеген сөздерге математикалық талдау жасау.

б) Сөйлемдерге морфологиялық талдау жүргізу.

3-топ «Б» деңгей – мақсатты деңгей

238-жаттығу.

Ойлану сұрағы.



  • Грамматикалық құрылым қиысудан басқа байланысу тәсілдеріне тән бе? Неге? неліктен?

  • Қабысу мен жанасуды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

Үйге тапсырма. «А», «Ә» топтары ұсынылып отырған мәтіндегі ойды аяқтап жазады,сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды. «Б» тобы көркем шығармадан сөйлемдер жазып,талдау жасау.

Бағалау. Топ лидерлері арқылы оқушылар бағаланады.

Тұжырым. Сабақ бойынша оқушыларға қорытынды жасату.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Үстеудің емлесі

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты: үстеудің емлесі жайлы түсінік беру,меңгеру.

Сабақтың білімділігі – үстеудің емлелері жайлы түсіндіру,білім-білім дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылығы – үстеудің емлесін берік есте сақтауға дағдыландыру,берілген мысалдар арқылы үстелерді құрамына енгізіп сөйлемдер құрастыру,ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың тәрбиелілігі оқушыларды сабақта қолданатын мәтіндер арқылы,мысалдар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат,үлестірмелі карточкалар,көркем әдебиеттен алынған мәтіндер,оқулық,тақта,бор,суреттер,магнитті тақта.
Сабақтың барысы.

І. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Қойылатын сұрақтар1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Сөз таптары дегеніміз не?

2.Үстеу дегеніміз не?

3.Үстеудің құрамына қарай қандай түрлері бар?

4.Негізгі үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір.

5.Туынды үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір,дәлелде.

6.Күрделі үстеулер қалай жасалады? Мысал келтір,дәлелде.

7.Үстеудің мағынасына қарай қандай түрлері бар?

8.Мезгіл үстеу дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

9.Мекен үстеу дегеніміз не? Сұрақтарын ата,мысал келтір.

10.Сын-қимыл үстеу дегеніміз не? Сұрақтарын ата,мысал келтір.

11.Мөлшер үстеу дегеніміз не? Сұрақтарын ата.

12.Күшейткіш үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

13.Мақсат үстеу дегеніміз не? Мысал келтір.

14.Себеп-салдар үстеуі дегеніміз не? Сұрақтары қандай? Мысал келтір.

Сұрақтар өтілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін айқындау және еске түсіруге бағытталған.
ІІІ.Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексеру.
IV.Сабақ мақсатымен таныстыру.
V. Жаңа сабақ. Үстеудің емлесі.
Тақтаға плакат ілу,сол арқылы үстеудің емлесін түсіндіру.Оқушылардың өзін қатыстыра отырып ауызша мысалдар келтіру.

Тақтамен жұмыс.

Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып,емлесін түсіндір.

Көру диктанты.

1.Түлкідейін түн қатып,

Бөрідейін жол тартып./Махамбет/.

2.Ендігәрі мұндай ісіңді көрмейтін болайын.

3.Ол қаннен-қаперсіз жүріп келеді.

4.Дұшпан ұшақтары қала үстінде күні-түні ұшып,бомбаларды боратып жатыр.


VI. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.

Сынып оқушыларын екі командаға бөлу.



1-команда.Перфокартамен жұмыс /ауызша/.


Мысалдар

Мезгіл

Мекен

Мөлшер

Сын-қимыл

Күшейткіш

Мақсат

Себеп-салдар

Ала






















жаздай

+



















өңкей






















аса












+







ақырын









+







+

мұншама






+













қасақана















+




тысқары



+















2-команда




Үстеудің мағынасына қарай түрлері

Үстеулерді жаз

Мезгіл

Мекен


Мөлшер

Сын-қимыл

Күшейткіш

Мақсат


Себеп-салдар



Үлестірмелі карточкамен жұмыс.

Шарты.Үстеу орнына сұраулары берілген.Ойлап тауып,орнына қой.
№1

а) Еріншекке / қашанғыдан? Қашанғы? / оңай.

ә) / Қай уақытта? / тұрған жігіттің ырысы артық?
№2

Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады

Құсша қонады. /Жұмбақ/


№3

Ендігрі,ерте,жазғытұры үстеулерін қатыстырып сөйлем ойла.Қандай үстеу екенін тап.
№4

Амалсыздан,қыстыгүні үстеулерін қатыстырып сөйлем құра.
Кітаппен жұмыс.Сабақты бекіту мақсатында жаттығумен жұмыс. 4-5 оқушыдан сұрау.
VII.Оқушы білімін бағалау.
VIII.Үйге тапсырма беру.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Матасу

Сабақтың мақсаты: 1) матасу туралы түсінік беру,жазылу жолдарын ұғындыру,сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету; 2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату; 3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашлдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: төрт бағыт бойынша: 1) сауаттылықты бағалау; 2) практикалық бағыт (бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерін жүзеге асыру); 3) ізденіс бағыты; 4) теория бағыты.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары,интерактивті тақтадағы сызбалар,кітап,үлестірмелі тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі (амандасу,түгендеу).
Зейін аударту. Толық мағыналы кем дегенде екі сөз,бір-біріне бағына келіп байланысып тұрады.Мұны сөз тіркесі дейді.

Біздің бүгінгі сабағымыз матаса байланысқан сөз тіркесі жөнінде болмақ,сабағымыз төрт бағыт бойынша өтеді.Кезекті сауаттылық бағытына берейік.


Сауаттылық бағыты (Қызыл түспен беріледі). Үлестірмелі парақшалар таратылады (Күнделікті жазып жүрген сөздік дәптерге жазса да болады).Төмендегі сөздерді жаздыру.Меже (зат есім.) мөлшер,шама,шек.

Көп күткен межеден мезгілінде шығып жүрді.Межелеу. межеле ет. Мөлшерлеу,шамалау.ағашты көзімен межелеп өлшеп,төртжеріне балтамен таңба соқты. Шек қою,белгілеу.Ол зауыттың жаңа корпусын салатын жерді межелеп қойды..(Сауаттылық бағыты бірден тексеріліп,қызыл ұпай сандары беріледі).

Үй тапсырмасын тексеру: 243-жаттығу.
Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадағы сызбалармен түсіндіру,толықтыру.


Матасу – зат есім немесе затталған сөз ілік септік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесі.

Мысалы:Естайдың әні,менің үйім,біздің бала.



Бағыныңқы сыңары

ілік септіктің жалғауы



Есімді тіркес

Басыңқы сыңары

зат есім



Тәжірибе бағыты (Сары түспен берілген).Бұл бағытта жаңа сабақтан алған білімдерін іс жүзіне асыра білуі керек.

а) Кітаппен жұмыс.Тақтаға жаздыру.

248-жаттығу.

ә) 249-жаттығу.Ауызша орындату.

б) 250-жаттығу.Жарыс жаттығуы.

в) Интерактивті тақтамен жұмыс

Сыңарларын тауып жаз.Оқушылар тақтаға жазады.

а) Адамның ...

ә) Көктемнің ..

б) Баланың ...

в) Табиғаттың ...

Әр оқушыға тиісті жауабына лайық сары түсті ұпай сандары берілуі керек.

Сергіту жаттығуы. «Кім тапса сол айтып берсін».

Мына жұмбақтағы сөздерді байланысына қарай топтаңдар да,есімді тіркесті бір бөлек,етістікті тіркесті бір бөлек айтып беріңдер.

1.Әуеден күбі түсті,Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)

2.Тоғыз белдеу,қос жібек,Екі мұрын,бір шүмек.(Домбыра)

3.Көк лағым көген сүйреді.(Ұршық)

Ізденіс бағыты (Жасыл түспен жазылады). «желтоқсан ызғары» тақырыбында шағын шығарма жаздыру.

Құрамындағы матаса байланысқан сөз тіркестерін айтқызу.Төменде Әнел деген оқушының шығармасынан үзінді.



«Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол іздегі салқынның,

Айналайын,жас қайратым,жас өркені халқымның» деп жырлаған Мұхтар Шахановты еліміздің нағыз патриоты деуге болады.

1986 жылғы 16-желтоқсан оқиғасы біз үшін мәңгі жадымызда қалмақ.Қазақстанды басқаруға Колбинді қойды.Бұған шыдамаған қазақ жастары түгелімен дерлік Колбинға қарсы ұрандарын жазып алаңға шықты.Бұл қазақ жастарының әділетсіздікке шыдамай,еш нәрседен қорықпай,белді бекем буып қарсы шыққан кезі.Желтоқсан көтерілісі бізге тәуелсіздігімізді алып берді.Қазақтардың да жарық күні атты.Жасай бер мәңгі,Қазағым менің.

(Әр оқушының жазған шығарамалары оқылады,матаса байланысқан сөз тіркестерін тауып айттыру.Өте жақсы жазған оқушыларға жасыл түсті 5 ұпай сандары беріледі).


Теория бағыты (Көк түспен беріледі). Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы алған білімдерін бекіту.Бекіту сұрақтары барлық оқушылардан сұралу керек.Жауап берген оқушыларға көк түсті ұпай сандары беріледі.

1.Матасу дегеніміз не?

2.Есімді тіркес дегеніміз не? Мысал келтір

3.Ілік септігінің сұрағы мен жалғауын кім айтады? Мысал келтір.Зат есім дегеніміз не?

4.Матаса байланысқан сөз тіркестеріне кім мысал келтіреді?

Бағалау.


  1. Теория (Ережені меңгеруі)

  2. Тәжірибе (Ережелерді іс жүзінде қолдана білуі)

  3. Сауаттылқ (Орфографиялық,орфоэпиялық заңдылықтардың орындалуы)

  4. Ізденіс (Берілген тақырып бойынша оқушылардың шығарма жаза білуі).

«5» деген баға 17-0-20 ұпайға қойылады.

«4» деген баға 16-24 ұпайға қойылады.

«3» деген баға 13-9 ұпай аралығына қойылады.

Үйге тапсырма: 251-жаттығу.

Рефлексия.Бүгінгі сабақта кімге не ұнады?(Оқушылардың жауабынан үлгі)


  • Маған бүгінгі сбақта төрт бағытпен оқығанымыз ұнады.

  • Интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орынедаған.

  • Мен өзімнің іздену бағытынан орташа екенімді білдім,содан жоғары ұпай алу үшін көп оқу керетігін ұғындым.

  • Теория бағыты ұнады,өйткені қазақ тілі сабағында бір ережеге сүйенеміз,сол ережені дұрыс меңгерсек,оны жүзеге асырғанда біздің біліміміз болары анық.

  • Маған «Кім тапса сол айтып берсін» деген сергіту жаттығуы ұнады.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Cабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау

Сабақтың мақсаты: 1) оқуылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту,тұжырымдау,теориялық білімін практикамен ұштастыру; 2) ойлау,қабылдау қабілеттерін жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін дамыту; 3) орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,аналарды қадірлеуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,шығармашылық жұмыстар,деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: семантикалық карталар,оқулық,схемалар,топ аттары,мақалдар жазылған таблицалар,перфокарталар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс тілі.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

- Балалар,біз сіздермен етістіктің райларын қайталаймыз.Сендердің білімдеріңді тексеремін.Бірнеше тапсырма түрін орындайсыңдар.Сабақты бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық.Ол үшін мына мақалдардың мәнін ашып алайық.

1.Отан үшін отқа түс, күймейсің.

2.Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар.

Бірінші мақал Отан туралы,екіншісі тұлпар туралы екен.Ендеше топтың аттары – «Отан» және «Тұлпар».

Сайысымызды бастаймыз.



ІІІ.Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы (теориялық білімін тексеру).

1.Етістіктің райлары дегеніміз не?

2.Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?

3.Етістік райларының қандай түрлері бар?

4.Ашық рай нені білдіреді,қалай жасалады?

5.Бұйрық рай дегеніміз не,қалай жасалады?

6.Шартты рай дегеніміз не,қалай жасалады?

7.Қалау рай дегеніміз не?

8.Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?

IV.Оқулықпен жұмыс (тақтада және дәптерде орындау).

Тақтаға әр топтан оқушыларды кезек-кезек шығарып,етістіктердің шағын анықтату.



Болатынашық рай,ауыспалы өткен шақ.

Көрінеді – ашық рай,ауыспалы өткен шақ.

V.Мәнерлеп оқу. «Поэзия минуты».

Фариза Оңғарсынованың ана тақырыбындағы өлеңін (179-жаттығу) оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Өлең кім туралы?Авторы кім?

Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз?

Өлеңнен бұйрық рай,қалау рай,ашық райда тұрған етістіктерді табыңыздар.

Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын талдаңыздар.

Бұйрық рай: тыңда.

Қалау рай:салғың келеді,айтқың келеді.

Ашық рай: еккен,түлеткен,күл еткен,тұрған,сарқылмайтын (бұрынғы өткен шақ).

VI.Салыстыру. «Венн диаграммасы»

Қалау рай мен ашық райды салыстыру

-ғы, -гі, -қы, -кі+кел үш жақтың бірінде

-са, -се+игі еді етістік райлары қолданылады,

-ғай, -гей, -қай, -кей сөйлеушінің

шындыққа қатысын білдіреді


Бұйрық рай мен шартты райды салыстыру

Іс-әрекеттің орындалуын қимылдың,іс-әрекеттің

талап ету мағынасын етістік райлары болу-болмау мүмкіндігінің

білдіреді,көбінесе ІІ жақ шартын білдіреді, -са, -се



жұрнақтары арқылы жасалады

VII. Әр райға қатысты мақал-мәтел,нақыл сөздер жарысы.

Адамды түсіне қарап таныма,ісіне қарап таны.

Не ексең,соны орарсың.

Мезгілі жетсе,мұз ерір.

Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар.

Бай болсаң,халқыңа пайдаң тисе игі еді,

Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисе игі еді.
VIII. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей.Ойлан,тап. «Сәйкестік тесті»



Ойнады Тұйық етістік

Бара жатыр есімше

Сұраған өткен шақ

Кесіп осы шақ

Байлау көсемше

Қатыспақ келер шақ

2-деңгей «Кім жылдам?» Семантикалық карталарды толтыру.




Етістік

Ашық рай

Қалау рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Оқы













Жаз













Тыңда













Бар













Секір













Күре













Тоқта













Сұра













Айт













жүктеу 3,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау