Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



жүктеу 3,43 Mb.
бет2/21
Дата10.02.2018
өлшемі3,43 Mb.
#9329
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Cабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау Сабақтың мақсаты: білімділік - өткен материалдарды тексере отырып,білім деңгейлерін тиянақтау,жинақтау,тереңдету,сөздік қорын дамыту; дамытушылық – есте сақтау қабілетін,салыстыра отырып ажырату дағдыларын дамыту,жинақылыққа, тез,ұтымды жауап беруге үйрету;

тәрбиелік – салт-дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу.

Түрі:қайталау сабағы.

Әдісі: топпен жұмыс,сұрақ-жауап,тест,әңгімелеу,мәтін құрастыру.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сынып төрт топқа бөлінеді.



І топ

1. Осы шақ болатын етісіктерді ата.

2.Осы шақ дегеніміз не?

3.Осы шақтың түрлерін ата.

4.Осы шақ,соның ішінде нақ осы шақ нендей жұрнақтар арқылы жасалады?

5. «Тұр» сөзін жікте.

6. Ауыспалы осы шақтың ауыспалы келер шақтан айырмашылығы неде?

7.Сен әңгіме айтып отыр. Ауыспалы осы шақ па,нақ осы шақ па?

8. Ағаңда атақ, абырой толып жатыр.

Ана – біздің күніміз,

Біз – олардың гүліміз.

Гүл өсіп тұр

ІІ топ

1.Жедел өткен шақ дегеніміз не?

2. Мақсатты келер шақ деген не? Келермін,келмекпін, қайсысы мақсатты келер шақ?

3.Өткен шақ дегеніміз не? Түрлерін ата.

4.Қу өмір жолдас болмас.Қалай жасалып тұр?

5. –а,-е,-й жұрнақтары арқылы жасалса,ауыспалы осы шақ па,ауыспалы келер шақ па,қалай ажыратамыз?

6. Есімшенің –атын, -етін, -итін жұрнақтары арқылы жасалса,ауыспалының қай түрі? Ауыспалы осы шақ,ауыспалы келер шақ ауыспалы өткен шақ.

7.Болып сөзін жікте.

8.Бұрынғы өткен шақ дегеніміз не? Жұрнақтарын ата.

Көкпар – қазақ халқының ұлттық ойыны.

Көкпар ойынын ойнаған.

ІІІ топ

1.Шәкәрім Стамбұлда болған еді.

2.Өткен іске өкінген едім.Сөйлем мүшесін талда.Қалай жасалып тұр?

3. Көсемшенің –ып, -іп, -п және есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалса өткен шақтың қай түрі?

4. Келді сөзін жедел өткен шақ етіп жікте.

5. Мақсатты келер шақ дегеніміз не? Жұрнақтарын ата.

6.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады.

7.Ауыспалы осы шақпен ауыспалы келер ақтың айырмашылығы неде?

8.Келер шақ дегеніміз не? Түрлерін ата.

Ою оймаған ойлап жарытпас.

ІІ. Осы сұрақтарға жауап бергенде өрнектер шығады.Сол өрнектерге мәтін құрастыру.Тапсырма беріледі. «Гүл», «Көкпар», «Ою».

IV. топ (нашар оқитындармен жұмыс)


  1. Суретке қарап сөйлем ойлау. («Біздің аула», «Жидек тере барғанда», «Еңбек етсең ерінбей», «Әдептілік әдемі», «Көмекшілер».

  2. Етістіктің шақтарының ережелерін сұрау.

ІІІ. Тест орындау. Тест сұрақтары.

1.Қай сөйлемде нақ осы шақта тұрған етістік бар?



Ақан мен Асан тау басына шықты

Алма иісін аңқытып әлдеқайда әкетіп жатыр.

2. Сөйлемде ауыспалы өткен шақта тұрған етістік бар ма?



Мен жолдастарымнан көмегімді аяп көрген емеспін.

Ол кезде шаршауды білмейтінмін.

3.Болжалды келер шақта тұрған етістік қай сөйлемде?



Сәуле баққа кірді.

Жақсы жаныңа жолдас болар.

4.Қай сөйлемде жедел өткен шақтағы етістік бар?



Сахнада ән айттым.

Күн шайдай ашық.

5.Нақ осы шақты сөйлемді тап.



Алтынай би билеп жүр.

Жанар ән салады.

6.Көп нүктенің орнына мақсатты келер шақтың жұрнағын қой.



Мұрат ұлттық гимназияға түсу үшін емтихан тапсыр ...

а) -ар ә) –мақ

7.Ауыспалы келер шақты етістікті тап.



Атасы алыс жолдан ертең оралады.

Әлібек күн сайын кішкентай інісін ойнатады.

8.Болымсыз етістік қай сөйлемде?



Әсел алма жеді.

Түнде тырнақ алма.

9.Қай сөйлемде сабақты етістік бар?



Теріс мінезді адам тірлікті бұзады.

Арам кісі жарымас.

10.Қай сөйлемде нақ осы шақта тұрған етістік бар?



Үйдің төңірегі қобырап жатыр

Екеуінің әңгімесі аяқталмай қалды.

IV. Гүл неге жылайды? (Мені түсін)

Суық,солу,жұлу,таптау,байқамау,талғамай бере салу,тікен қаулап өсіп кету,күн көзінен таса қалу,сусау(шөлдеу).

Осы берілген сөздерді дәлелдей отырып,мәтін құрастыру.

Мысалы: Суық (Күн суытқан кезде тоңып қараусыз,жылусыз қаламын ба деп жылайды).Байқамау (Иісі қандай,өзі қандай әдемі деп көңіл аудармай қасымнан өтіп кете ме деп жылайды).Талғамай бере салу (Әр гүлдің өз иесі,өзіне тән қасиеті болады емес пе?Қай гүлді кімге сыйлауын білмей,өз иесін таппай,гүл қадірін білмейтін біреуге беріп қоя ма деп жылайды) т.б.

Бағалау.


Үйге: етістіктің шақтарының ережелерін қайталау,диктантқа әзірлік.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Cабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың шылау бойынша алған білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту; ә) теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндауға дағдыландыру,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету; б) адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың әдісі: зерттеу,сұрақ-жауап,ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кестелер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу,түгендеу,оқу құралдарына көңіл бөлу.



Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыз – шылауларды қайталау,қорытындылау сабағы.Сабақ барысында шылаулардың қолданыс аясының кең екендігіне көзіміз жетті.Олай болса сабақты бір оқушымыздың ғылыми ізденіс жұмысымен бастағанды жөн көріп отырмыз.

Тақырыбы: «Шылаулардың поэзиялық шығармаларда қолданылуы». Оқушылар тыңдап болған соң осы жұмыс бойынша өз пікірін айтады.

Ал енді деңгейлік тапсырмаларға кезек берейік.



І деңгей

а) Мәтінді оқып,шылаулардың астын сыз.

ә)Шылаулардың түрлерін ата.

б) Венн диаграммасы бойынша ережелерін жаз.



ІІ деңгей

а) Шылаулардың түрлеріне жеке тоқталыңдар(тақтадағы үш гүлдің жапырақтарына шылау түрлерін жазу).

ә) Үстеу ме,шылау ма?Мен мәтінді оқимын.Мәтіндегі бұрын,кейін,соң,әрі,бірге сөздері үстеу ме, шылау ма, дәлелдеп беріңдер.

1.Бойда қайрат,ойда көз

Болмаған соң айтпа сөз.

2.Судан кейін шыққан жолдастар бұрын шыққандарды көргенде әр түрлі асығыстық істеді.

3.Сабақтан кейін оқушылар жиыны болады.

4.Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанбыз.

5.Көлемі үлкен бай колхоздың ылғи жаңа таза үйлері әрі көңілді,әрі көрікті,әрі тыңқиған тоқ пішінде.

6.Олар таудан әрі асып кетті.

7.Кәрі аңшының өзі үлкен бөлмесінде баяғы айнымас досы Ахметпен бірге отыр.

8.Бірге келіп,бірге сабақ дайындаймыз.

б) Үндемес ойыны.

Жалғаулық па,жалғау ма? (да,де,та,те,мен,бен,пен) Оқушылардың қолында екі түрлі үлестірмелері болады.

Бір-біріне жалғау,екіншісінде жалғаулық деген сөз бар аралас сөйлемдер оқимын.Оқушылар жаза отырып, сөйлемдер шылау болса үндеместен «жалғаулық» үлестірмесін,жалғау болса «жалғау» үлестірмесін көтереді.

1.Қызметте тустық болмайды.

2. «Көкаршын» ән еркесі баппен айтса ...

3.Асан бір нәрсенің боларын сезді де,үндеместен шығып кетті.

4.Асан менҮсеннің әңгімесі өте қызықты.

5.Айгүл әжесімен нағашыларына қонаққа кетті.

6.Әнші болмасақ та, ән тыңдауды сүйеміз.

ІІІ деңгейлік тапсырма

а) Бірақ , себебі, сонда да , кейде , я , не болмаса , және жалғаулықтарын қатыстырып әңгіме құрастыру.

ә) Талдау жұмыстары: бірде , дегенмен , және , жалғаулықтарына математикалық дыбыстық мінездеме.

б) «Ішінде – сыртында»

Септеулік шылауларды ішіне,қалғандарын сыртына жазу.

IV. деңгейлік тапсырма

Ойтолғау

Шығармашылық топ жазып жатқанда қалғандары таспадан ән тыңдап,сонда кездескен шылауларды ажырату.

Сабақты бекіту. «Мың бір мақал» ойыны.

1-айналым

1.Да шылауы кездесетін мақал айту.

2.Үшін шылауы кездесетін мақал айту.

3.Мен шылауы кездесетін мақал айту.



2-айналым

Мақалдың жалғасын табу.

1.Өз басыңды дауға берсең де, (Жолдасыңды жауға берме)

2.Тау мен тасты су бұзар. (Адамзатты сөз бұзар)

3.Заманына қарай күлкісі (Тауына қарай түлкісі)

3-айналым

Мағынасын ашу.

1.Палуанның жаманы 2.Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

Шалдырған соң өкінер. 3.Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді.

Күзетшінің жаманы

Алдырған соң өкінер.


Сабақты осы ойынның жеңімпазы қорытындылайды.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік – етістік туралы алған білімдерін пысықтау,етістік түрлерін ажырата білуге үйрету; ә) дамытушылық сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау; б) тәрбиелік талдауға алынған мысалдар арқылы адамдыққа,еңбексүйгіштікке,бауырмалдылыққа,туған жерін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сөйлеу,талдау,шығармашылық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте «Етістік»,морфологиялық сатылай кешенді талдаудың үлгісі,топшамалар,суреттер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ.

  • Оқушылар,бүгінгі «Етістік» тақырыбын қайталау сабағымыз бірнеше тапсырмалардан тұрады

І деңгей: «Біліміңді байқап көр».

1.Етістіктің құрамына,тұлғасына,мағынасына қарай қандай түрлері бар? Мысал келтір.

2.Есімше дегеніміз не,қалай жасалады? Мысал келтір.

3.Көсемше дегеніміз не,қандай түрлері бар,қалай жасалады?

4.Етіс дегеніміз не,қандай түрлері бар,қалай жасалады?

5.Етістіктің шақтары туралы не білесің? Мысал келтір.

6.Етістіктің райлары.Мысал келтір.

7.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысал келтір.

ІІ деңгей: «Сен қалай ойлайсың?»

Оқушылар берілген мақал-мәтелдерден,сөйлемдерден,нақыл сөздерден етістіктерді тауып,мағынасын анықтауы керек.



Тілін білмеген түбін білмейді.(Ғабит Мүсірепов).

Морфологиялық кешенді талдау.

Білмейді : етістік ; сұрағы : қайтеді ; дара ; болымсыз ; сабақты ; ауыспалы келер шақ ; ашық рай ; сөйлемдегі синтаксистік қызметі – баяндауыш.

1.Желоқсан құрбандарының есімі мәңгі жадымызда сақталады. 2.Әй жолаушы,болсаң осы бұлақтай бол! (Ыбырай Алтынсарин. «Таза бұлақ.».)

3.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.(Мақал)

4.Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.(Абай). 5.Еңбекті сүйгенді елі сүйеді.(Мақал).

6.Самғау әрбір жастың мұраты. 7.Жеңіл еңбекпен бақытты бола алмайсың. 8.Денсаулықты сақтау әркімнің өзінің қолында.

ІІІ деңгей 2 бөлімнен тұрады.

1-бөлім.Шығармашылық жұмыс «Мені әңгімеле».Дарынды оқушылар суретке тақырып қойып,етістіктерді қатыстырып,5 минут уақыт ішінде қысқаша әңгіме құрайды.

2 – бөлім. «Балық аулау» ойыны жүргізіледі.Суреттегі теңізде жүзіп жүрген балықтарды аулап,әрбір балықтарда жазылған сұрақтарға жауап беру керек.

1.Дара етістіктерді ата. Жазып отыр,келді,жүгіріп келеді,жуылды,оқыды,айтып болған еді,тереді,сөйле.

2.Есімше етістіктерді ата. Айтқан,келді,келетін,сөйлер,бармайды,барған,оқитын еді,жазар.

3.Көсемшелі етістіктерді тап. Келіп отыр,айтты,жүргізді,жазғалы отыр,айтыпты,келеді,еритін,жапқалы,санай,алып барады.

4.Тыйым сөздерге мысал келтір,ол қандай етістіктер арқылы жасалады?

5.Туынды етістіктерді ата. Көркемде,ойна,ағар,көру,жарастыру,айтпа,шегеле.

6.Тұйық етістіктерді тап. Көру,кетеді,таластыру,жазады,жағады,сабау,кешу,келу.

IV деңгей. «Жоғалған сөз,шешімін тап».

Оқушыларға әдебиет пәнінен өтілген поэзиялық шығармалардан үзінді етімтіктері түсіріліп оқылады.Сол етістіктерді айтып,өлеңін тақырыбы мен авторын және өлеңдердегі әдеби-көркемдегіш құралдарды табу қажет.

1. Сендерге ... батамды. (Ыбырай. «Өнер-білім бар жұрттар»).

2.Сағымы сайран ...

Бораны ... (Мағжан. «Сүйемін»).

3.Қырда торғай ... сайда бұлбұл.

Тастағы үнін ... байғыз,көкек. («Жазғытұры»).

4.Теке мұрын,салпы ерін,ұзын тісті,

Қабырғалы жоталы ... күшті. (Абай. «Аттың сыны».Эпитет)

5.Ақ киімді,денелі,ақ сақалды.

Соқыр мылқау .. тірі жанды. (Абай. «Қыс».Кейіптеу).

6. Бұрынғы атамызға сыйға ...

Біздерде мынадай бар,мынадай бар. (Сұлтанмахмұт. «Бір адамға».Ирония).

Етістікті қайталай отырып,берілген деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушының еркін,көркем сөйлеуіне ықпал жасалынады.

Сабақты қорытындылай келе,оқушыларға етістіктің грамматикалық мәні мен қоғамдағы әлеуметтік мәні де түсіндіріледі.

Сабақты бекіту.

1. Етістік деген не? 2.Қандай түрлері бар? 3.Етістіктің шақтары,райлары. 4.Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

1. деңгей: 132-жаттығу.Етістіктерді түрлеріне ажырату.

ІІ деңгей: мақал-мәтел,өлең жолдарынан үзінді жазып,мағынасын ашу,етістікті табу.

ІІІ деңгей: "Қыс кереметі» атты шығарма жазу.



Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты: білімділік – сөйлем құрылысынан сөздердің байланысу түрлерін ажыратуға үйрету,сөйлемнен тыс тұрған сөз тіркесінің құрылымын,байланысу заңдылықтарын меңгерту,сөздердің байланысу тәсілдері мен байланыстылығын білдірту; дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану,танымдық тапсырмалар мен шығармашылық тапсырмалардың ара жігіндегі дамытушылық қызметтер,практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Әдісі: баяндау,түсіндіру,анализ ,синтез.

Көрнекілігі: сызбалар,үлестірме топшамалар,көркем шығармалар,портреттер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика.

Сабақтың жүру барысы.

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Ойын «Грамматикалық терминді таңдау». Терминдер: сөз,сөйлем,сөз тіркесі,синтаксис.

Оқушылар берілген терминдерден сабаққа қатысты термин сөзді анықтайды және оның қажеттілігн дәлелдейді.қажетті термин – сөз тіркесі.


  • Сөз тіркесі дегеніміз не?

  • Сөз тіркесінің қандай айырықша белгілері бар?

  • «Қатені түзеу» ойыны.

Сөз тіркесі

Қатесі

Дұрысы

1.Ізгілік кілті

Шылау арқылы




2.Көпір арқылы өту

Интонация арқылы




3.Абай - ақын

Орын тәртібі арқылы




4.Бақытты балалық

Жалғау арқылы




5.Самал жел

Орын тәртібі арқылы




6.Адамзатты сүю

Жалғау арқылы




7.Білу үшін оқу

Жалғау арқылы




8.Еңбектің сыйы

Шылау арқылы




9.Қаныш Сәтбаев – ғалым

Орын тәртібі арқылы




10.Ғажайып әлем

Интонация арқылы




жүктеу 3,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау