Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



жүктеу 3,43 Mb.
бет14/21
Дата10.02.2018
өлшемі3,43 Mb.
#9329
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіріп,соған сәйкес белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады. Сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы грамматикалық мағына жағынан үш түрлі синтаксистік қатынастың шеңберінде көрінеді.




Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар


толықтауыштық

пысықтауыштық

Анықтауыштық қатынас

Матаса,қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімнің? ненің? Қандай? Нешінші? сияқты сұрақтары қойылады: баланың кітабы, бойшаң жігіт


Жаттығумен жұмыс: 279 -жаттығу. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Анықтауыштық қатынасқа бірнеше сөйлемдер жазып келеді.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Толықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты :

а) Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай болады?

  2. Матасудың байланысу тәсілі қандай?

  3. Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Меңгеріле байланысқан есімді , етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен толықтауыштық қатынаста жұмсалады да, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін тура я жанама обьектісін ,я сол обьектіге қатысын білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға кімді? Нені? Неге? кімге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен? Деген сұрақтар қойылады. хатқа жауап, оқуды бітірді.



Жаттығумен жұмыс: 280 -жаттығу. Абай өлеңдеріндегі үзінділерден толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.
Ойлан. Ізден Тап. (Мына тізбектер бойынша сөз тіркестерін жаса)

Зат есім + зат есім

Сын есім + зат есім

Сан есім + зат есім

Есімдік +зат есім

Есімше +зат есім


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Толықтауыштық қатынасқа бірнеше сөйлемдер жазып келеді.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Пысықтауыштық қатынас

Сабақтың мақсаты :

а) Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Меңгеріле, қабыса ,жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен пысықтауыштық қатынаста жұмсалады да,бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін,бағытын, мезгілін, себебін білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға қайда? Қайдан? Қайтіп? Қалай? Қашан? Деген сұрақтар қойылады.


Жаттығумен жұмыс: 283 -жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы түрлеріне, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңдар.
Топпен жұмыс: Бір оқушы төмендегі зат есімдерді бір-бірлеп оқиды.Бірінші топтағы оқушылар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп,бөгелмей айтып отыруы керек. Екінші топтағы оқушылар айтылған сөз тіркестерімен тез арада сөйлем құрауы тиіс
Жел. Күн. Жаңбыр. Мал.Палуандар. Тапсырма. Жиын. Сабақ. Өлең. Кино
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Сөз тіркестері қандай синтаксистік қатынастарды білдіреді?

  2. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалай байланысады?

  3. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалай байланысады?

  4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

  5. Күрделі сөз тіркесінің құрамы қандай болады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 284-жаттығу.


Қыркүйек. Сауалнама

1.Зат есімді қандай тұлғалар түрлендіреді?

А) жұрнақтар В) заттанған сын есімдер С) жалғаулар

2. Көптік жалғауының қатарын көрсет.

А) -ың,-ің,-ң В) –лар,-лер,-мын С) –лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер

3. Тәуелдік жалғауын тап.

А) -мын,-мін,-сың,-сің В) –ым,-ың,-ы С) –дың,-дің,-тың,-тің

4.Тәуелденудің түрлері қанша?

А) 2 В) 3 С) 4

5. Қазақ тілінде септік түрі,көмектес септік жалғауы.

А) 4, -нан,-нен,-дан,-ден В) 7,-мен,-бен,-пен С) 6,-ның,-нің,-дың,дің

6. Тәуелдеулі септеуді тап.

А) кітабымда В) кітабым С) кітапта

7. Барыс септігі тәуелдік жалғаудың І,ІІ жағынан кейін ...

А) -а,-е В) -на,-не С) -ға,-ге

8.Жіктік жалғауы

А)-мын,-сың В)-ым,-ім С)-та,-те

9.Жіктік жалғауы (көпше түрі)

А) -мын,-мін В) -мыз,-міз С)-ы

10. Дұрыс жіктелген зат есім қатары

А) арман,ғарышпын В) кітаппын,заңгермін С) Арманмын,Сәулемін

11. Зат есім қай септікте тұрып бастауыш қызметін атқарады?

А) атау В) барыс С) жатыс

12. Зат есімнің баяндауыштық қызметі

А) ілік септігінде В) табыс,жатыс септігінде С) жіктелуі

13. Қай септіктерде пысықтауыш қызметін атқарады?

А) барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде

В) барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде С) ілік септігінде тұрып

14. Зат есімнің пысықтауыштық қызметі

А) атау септікте В) ілік септікте,не бір тұлғада С) атау,іліктен басқа септіктерде

15. Зат есімнің пысықтауыштық қызметі

А) тек қана көмектес септігінде В) атау мен шығыс септіктерде С) атау мен шығыс септіктерде

16. Пысықтауыш сұрақтары

А) қандай,қай,қанша В) не үшін,не мақсатпен С) кімге,неге

17. Анықтауыштың сұрақтары

А) қандай,қай,қанша,неше,кімнің,ненің

В) кімге,неге,кімді,нені,кімде,неде С) кімі,несі

18. Толықтауыштың сұрақтары

А) кім,не,кімің,нең

В) не істеді,қайтті

С) кімге,неге,кімді,нені,кімде,неде

19. Жатыс септігі жалғаулары

А) -да,-де,-та,-те В) -ны,-ні,-ды,-ді С) -ға,-ге,-қа-ке

20. Шығыс септігінің сұрақтары

А) кімде,неде,қайда

В) кіммен,немен,қалай

С) кімнен,неден,қайдан,қашаннан.

Қазан Сауалнама

1. Сын есім шырайы нешеу?

А) 2 В) 3 С) 5

2.Салыстырмалы шырай қатары

А) ап-ауыр,қып-қысқа,жап-жарық

В) ауырлау,аса терең, өте қымбат

С) қызылдау,кәрілеу,қиындау

3. Күшейтпелі шырай қатары

А) жеп-жеңіл,ұп-ұзын,ең аласа

В) тым қысқа,көкшілдеу,ақшыл

С) әдемірек,жуастау

4. Сын есімнің негізгі қызметі

А) анықтауыш В) толықтауыш С) пысықтауыш

5.Аспан ашық.Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

А) баяндауыш В) толықтауыш С) пысықтауыш

6. Сын есім жіктік тұлғада сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарады?

А) бастауыш В) баяндауыш С) пысықтауыш

7. Сыпайы сырын білдірмес. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

А) бастауыш В) толықтауыш С) баяндауыш

8.Білімдінің күні жарық.Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

А) анықтауыш В) бастауыш С) толықтауыш

9. Жетеуміз. Сан есімнің түрленуі

А) көптелуі В) жіктелуі С) тәуелденуі

10. Жүздің біріне. Сан есім қандай тұлғада түрленіп тұр?

А) септелуі В) көптелуі С) жіктелуі

11. Күшейткіш буын арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

А) бөлек В) бірге С) дефис арқылы

12. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

А) бөлек-бөлек В) дефис арқылы С) бірге

13. Жеті жердегі бірім – жеті.Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан?

А) зат есім В) сын есім С) сан есім

14. Бастауышы сан есімнен болған сөйлем

А) Бесеуі жүлдегер атанды В) Ол - озат оқушы С) Үлкенді сыйлай біл

15. Сандық ұғымды білдіретін сөздер

А) мектеп,көше В) жеті,тоғыз С) көк,ақ

16. Жаман бал – күйік.Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан?

А) сын есім В) сан есім С) зат есім

17. Жасы он сегіздер шамасындағы жігіт. Сан есім қалай түрленіп тұр?

А) көптеулі В) жіктелуі С) тәуелденуі

18. Есімдер қатары

А) етістік,шылау В) зат есім,одағай С) зат есім,сын есім,сан есім

19. Сын есімнің түрленуі

А) жалғаулар В) шырай формасына енуі С) түрленуі біркелкі емес

20.-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті қай септік жалғауы?

А) барыс В) жатыс С) табыс
Қараша Сауалнама
1. Тәуелденіп барып септелетін есімдік түрі.

А) жіктік В) сөздік С) сұрау

2. Жалпылау есімдіктері

А) барлық,барша,бәрі В) ешкім,ештеңе ешбір С) мен, сен,ол

3.Септеліп тұрған септеу есімдігі

А) бұным В) бұның С) соным

4. Біреу,бірнеше,әлдекім есімдіктің қай түрі?

А) болымсыздық В) сілтеу С) белгісіздік

5. Сенгенім - өзіңсің.Есімдік түрі,қызметі

А) болымсыздық,бастауыш В) өздік,баяндауыш С) белгісіздік,баяндауыш

6.Болымсыздық есімдігі

А) кімдер,нелер,нешеу В) біреу,әркім,әлдене С) дәнеме, ештеңе, ешкім

7. Өзіңде. Өздік есімдігінің түрленуі

А) септелуі В) тәуелденуі С) жіктелуі

8. Жатыс септігінде тұрған сұрау есімдігі

А) кімдерден,нелерден В) кімдерге,нелерге С) кімдерде,нелерде

9.Кімім,нем. Сұрау есімдігінің түрленуі

А) тәуелденуі В) септелуі С) жіктелуі

10. Сілтеу есімдігінің қатары

А) мен,сен,ол В) бұл,сол,ол,осы С) біреу,ештеңе, әлдекім

11.Есім сөздер орнына жүретін сөз табы

А) зат есім В) сан есім С) есімдік

12.Сен құрметте оны,түсіндің бе,қарағым? Сөйлемде қанша есімдік бар?

А) 1 В) 2 С) 3

13. Жіктеу есімдігін тап.

А) сол,осы,ана В) мен,сен,ол С) кім,не, кімі

14.Септеліп тұрған өздік есімдігін тап

А) өзіңізді В) өзіммін С) өзімін

15. Жатыс септігінде тұрған есімдікті тап.

А) біреуде В) біреуден С) біреумен

16. Болымсыздық есімдігін көрсет

А) барша,барлық,бәрі В) ешкім,ештеңе, ешнәрсе С) біреу, кейбіреу, әлдене

17. Өзің соның қайсысың? Сөйлемде неше есімдік бар?

А) 3 В) 2 С) 1

18. Мен өз елімді қорғаймын. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

А) жіктеу,сілтеу В) жіктеу,өздік С) өздік,сілтеу

19. Сұрау есімдігін тап.

А) қайсы,нешеу В) сол,анау С) барлық,барша

20. Оның жасы сол кездерде онда еді.Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

А) анықтауыш,пысықтауыш В) анықтауыш,толықтауыш С) бастауыш,анықтауыш



Желтоқсан Сауалнама

1. Етістік шағы нешеге бөлінеді?

А) 1 В) 3 С) 2

2. Істің дағдылы түрде болып тұрғанын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіретін шақ түрі

А) өткен шақ В) осы шақ С) келер шақ

3. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4

4. Нақ осы шақ нені білдіреді?

А) іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұратынын білдіреді

В) іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын білдіреді

С) қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді

5. Айнұр өлең оқып тұр.Етістіктің шағы

А) осы шақ В) келер шақ С) өткен шақ

6. Ол сөйлейді. Осы шақтың қай түрі?

А) нақ осы шақ В) ауыспалы осы шақ С) нақ осы шақтың жалаң түрі

7. Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын етістіктің шағы

А) осы шақ В) келер шақ С) өткен шақ

8.Келер шақ түрі

А) 3 В) 2 С) 1

9.Болжалды келер шақ дегеніміз не?

А) көсемшенің-а,-е,-й жұрнақтарының жіктелуі арқылы

В) іс-әрекеттің келешекте мақсат етілетіні айтылады

С) іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей айтады

10. Етістіктің түбіріне -мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнағынан соң жіктелуі арқылы келер шақтың қай түрі жасалады?

А) ауыспалы келер шақ В) мақсатты келер шақ С) болжалды келер шақ

11. Қимылдың сөйлеп тұрған сәттен бұрын істеліп кеткенін білдіретін етістік шағы

А) осы шақ В) келер шақ С) өткен шақ

12.Мен оған осы ойымды айтқанмын. Шақ түрі

А) өткен шақ В) осы шақ С) келер шақ

13.Өткен шақ түрлері

А) 1 В) 3 С)2

14.Іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын білдіретін өткен шақ түрі

А) бұрынғы өткен шақ В) жедел өткен шақ С) ауыспалы өткен шақ

15. Мен бұл кітапты оқығанмын.

А) өткен шақ В) осы шақ С) келер шақ

16. Бірде өткен шақ,бірде келер шақ мағынасында қолданылатын,есімшенің-атын,-етін,-итын,-итін өткен шақ түрі

А) ауыспалы өткен шақ В) бұрынғы өткен шақ С) жедел өткен шақ

17. Ауыспалы осы шақ

А) жаңбыр жауды В) жаңбыр жауатын С) жаңбыр жауды

18.Әпкем қаладан ертең келеді. Етістік қай шақта тұр?

А) ауыспалы өткен шақ В) ауыспалы осы шақ С) ауыспалы келер шақ

19. Мақсатты келер шақ жұрнағы

А) -мақ,-мек В) -ған,ген С) -атын,-етін

20. Нақ осы шақ

А) сөйлеп тұратын В) сөйлеп тұр С) сөйлеп тұрған.
Қаңтар Сауалнама

1. Етістік райы неше түрге бөлінеді?

А) 2 В) 4 С) 3

2. Үш жақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын рай түрі

А) қалау рай В) шартты рай С) ашық рай

3. Көбіне ІІ жаққа қаратылып,қимылдың орындауын талап ету мағынасын білдіретін рай түрі

А) шартты рай В) бұйрық рай С) ашық рай

4. Іс-әрекеттің іске асу, аспау мүмкіндігінің шартын білдіріп, -са, -се жұрнағы арқылы жасалатын рай түрі

А) ашық рай В) бұйрық рай С) шартты рай

5. Оқуға түскім келеді. Рай түрі

А) қалау рай В) ашық рай С) бұйрық рай

6. Есімшенің жұрнағы

А) -қалы,-келі,-ғалы,-гелі В) -а,-е,-й С) -атын,-етін,-йтын,-йтін

7. Есімшенің тәуелденуі

А) берермін В) берерім С) берерден

8. Адасқанның айыбы жоқ.Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) анықтауыш В) бастауыш С) пысықтауыш

9. Көп сөйлегенді ұнатпаймын. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) толықтауыш В) бастауыш С) анықтауыш

10. Есімшенің көпше түрде жіктелуі

А) келгенмін В) келгенбіз С) келгенде

11. Есімшенің септелуі

А) көрмесім В) көрмеспіз С) көрместен

12.Менің ұстаз болғым келед. Рай түрі.

А) ашық рай В) қалау рай С) бұйрық рай

13. Атаның баласы болма,



Адамның баласы бол. Рай түрі

А) ашық рай В) қалау рай С) бұйрық рай

14. Шартты райлы етістік

А) Көп түкірсе көл болар.

В) Олардың көптен бері көрсеткені.

С) Ол ағасымен сөйлесті.

15. Есімшенің жұрнағын көрсет.

А)-ып,-іп,-п В)-са,-се С)-ар,-ер,-р

16. Ол өзен жағасына бармақ болып тысқа шықты.Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) пысықтауыш В) толықтауыш С) анықтауыш

17.Бермегенді беріп ұялт. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) пысықтауыш В) толықтауыш С) бастауыш

18.Еңбек етсең емерсің. Есімшенің сөйлемдегі қызметі

А) бастауыш В) пысықтауыш С) баяндауыш

19. Анықтауышы есімшеден болған сөйлем

А) Естіген құлақта жазық жоқ.

В) Естігенді есте сақта.

С) Естігеннен көрген артық.

20.Есімшелі сөз

А) орнатқалы В) орнатып С) орнатылған.




Ақпан Сауалнама

  1. Көсемшенің жұрнақтары.

А) –іп,-ған,-ар В) –ғалы,-ып,-а С)- ған,-ген,-қан,-кен

2. Көсемшенің жіктелмейтін жұрнақ түрі.

А) –а,-е,-й В) –ып,-іп,-п С) –ғалы,-гелі,-қалы,-келі

3.Пысықтауыш көсемшеден болған сөйлем.

А) Көре-көре көсем боларсың В) Мен соған барамын. С) Ол нешеде келіпті

4. Көсемше қатысқан сөйлемді көрсет.

А) Палуанға оң-терісі бір. В) Анаңды сыйлай біл. С) Жығылған күреске тоймас.

5. Тұйық етістіктің көмектес септікте келуі.

А) тоқумен В) тоқуыңыз С) тоқу

6.Тұйық етістіктің тәуелденуі.

А) келу В) келуіңіз С) келуден

7.Жанат басын үнсіз изеді.Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

А) бастауыш В) пысықтауыш С) баяндауыш

8.Ол буы бұрқырап піскен бауырды алдына қойды. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі.

А) пысықтауыш В) толықтауыш С) бастауыш

9.Менің бар ойым – үздіктер қатарына қосылу. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі.

А) баяндауыш В) толықтауыш С) анықтауыш

10.Ол келген шаруасын асықпай айтты. Сөйлемдегі көсемшелі сөз.

А) келген В) асықпай С) шаруасын

11.Бұл балаға сенуге болады. Сөйлемдегі тұйық етістіктің қызметі.

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш

12. Терезеден ағараңдап атқан таң белгісі біліне бастады. Сөйлемдегі пысықтауыш көсемшеден болған сөз.

А) бастады В) біліне С) ағараңдап атқан

13. Шығыс септіктегі тұйық етістік.

А) келуден В) келумен С) келуде

14.Тұйық етістіктің ІІ жақтағы жекеше түрі.

А) келуіңіз В) келулеріңіз С) келуі

15.Оны пайдалануға болмайды. Тұйық етістік қай септікте?

А) жатыс В) табыс С) барыс

16. Тұйық етістікті тіркесті көрсет.

А) жаңбыр жауды В) өзенге келді С) келуге келісті

17. Бірігіп тірлік ету жетістікке жеткізеді. Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі.

А) бастауыш В) пысықтауыш С) толықтауыш

18. Ол шошып оянды.Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

А) баяндауыш В) пысықтауыш С) толықтауыш

19..Көсемшенің жұрнағы.

А)-а,-е,-й В)-ар,-ер,-р С) –ып,-іп,-с

20.Зат есімді тап.

А) қамдану В) илеу С) шабу

Наурыз Сауалнама


  1. Синтаксис грамматиканың қандай саласы?

А) тіл дыбыстары туралы В) сөз және оның түрленуі туралы С) сөз тіркесі мен сөйлем туралы

2.Сөз тіркесі дегеніміз не?

А)Тұтас бір ойды білдіретін сөздер тобы

В) Сөйлемді құрауға қатысқан төлеу мағыналы,белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.

С) Кем дегенде толық мағыналы екі сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегі.

3. Сөз тіркесінің айрықша белгілері.

А) 4 В) 3 С) 2

4.Сөздердің байланысу тәсілдері

А) 5 В) 4 С) 3

5.Жалғау арқылы байланысқан сөздер.

А) сабақ туралы В) үйдегі есігі С) атақты адам

6.Шылау арқылы байланысқан сөздер.

А) Отан үшін отқа түс В) Асанға берді С) Шалғай жер

7.Орын тәртібі арқылы байланысқан сөздер.

А) Көрікті мекен В) Абай – ұлы ақын С) Мен оқушымын

8.Интонация арқылы байланысқан сөздер.

А) Өнер қуу В) Бұл – манағы айтқан жігіт С) шартты белгі

9. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздер.

А) Білімге үйрету В) Көздің қарашығы С) Сабақтан соң соғарсың

10.Қайсысы орын тәртібі арқылы байланысқан?

А) Өмір үшін күрес В) Білімді игеру С) Қараңғы түн

11.Қайсысы жалғау арқылы байланысқан?

А) төмен қарау В) шамның жарығы С) екі дос

12.Қайсысы шылау арқылы байланысқан?

А) өмірдің мәні В) ізденіс жемісі С) жыл сайын жаңару

13. Қайсысы интонация арқылы байланысқан?

А) Айгүл – сауыншы В) Әдеби кеш С) Қалың ой

14.Тұрақты тіркесті тап.

А) дүние жүзі В) Балқаш көлі С) ит өлген жерде

15.Сөз тіркесін тап.

А) Айтып беру. В) Ит арқасы қиянға апару. С) Ит пен мысықтай.

16.Күрделі сөзді тап.

А) екі мың тоғызыншы В) жүрек жұтқан С) төбесінен су құйғандай

17.Жалғау арқылы байланысуды тап.

А) ашық аспан В) ар-намыс үшін С) оқуға келу

18.Шылау арқылы байланысуды тап.

А) хат-хабар әкелу В) хат арқылы хабарласу С) хатпен жеткізу

19.Орын тәртібі арқылы байланысуды тап.

А) Көгілдір көктем В) Бұл – жігіт С) Үйіне дейін жеткізу

20.Интонация арқылы байланысуды тап.

А) Бұдан да бұрын жегжатпыз В) Бұған ағайынмын С) Бұл – туысым.
Сәуір Сауалнама

1. Сөздердің байланысу түрлері нешеге бөлінеді?

А) 5 В) 4 С) 3

2. Қиысу қандай байланыс?

А) Ешбір жалғаулықсыз орын тәртібі арқылы байланысу

В) Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысу

С) Бастауыш пен баяндауыш арасындағы жақ жағынан байланысу

3.Матасу қалай байланысады?

А) Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысу

В) Атау мен ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы

С) Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы

4. Меңгеру қандай байланыс?

А) Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та,алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркесі

В) Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып байланысқан сөз тіркесі

С) Барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септік жалғаулары

5.Қабыса байланысқан сөз тіркесі.

А) Бастауыш пен баяндауыш арасындағы жақ жағынан байланыс

В) Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысатын сөз тіркесі

С) Септік жалғаулары арқылы байланысу

6.Жанасу арқылы байланысқан сөз тіркесі.

А) Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та,алшақ тұрып та байланысқан сөз тіркесі

В) Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы

С) Барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септік арқылы

7.Қиысуды табыңыз.

А) Сен айтасың В) Жұртпен бірге С) Жорта келді

8.Матаса байланысқан сөз тіркесін тап.

А) Оның үйі В) Ашынған ана С) Үйге келді

9. Матаса байланысуға қатысты қай септік?

А) барыс В) ілік С) атау

10. Мен бардым.Қандай байланыс түрі?

А) қиысу В) жанасу С) қабысу

11. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін тап.

А) Кеше болды В) Біздің көше С) Одан сұрады

12. Қиысуға қатысты қай жалғау?

А) тәуелдік В) септік С) жіктік

13.Меңгеріле байланысуға қатысты қай септік?

А) атау В) ілік С) барыс

14. Қабыса байланысқан сөз тіркесін тап.

А) Алтын алқа В) Көпір арқылы С) Біз барғанбыз

15. Жанаса байланысқан сөз тіркесін тап.

А)Үздік оқушы В) Қасақана қарау С) ОН жыл

16. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі

А) қиысу В) жанасу С) қабысу

17. Қабысуды табыңыз.

А) Ағайынның арасы В) Үкілі ару С) Үнемі болып тұрады

18. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін тап.

А) Елдің іші В) бассыздыққа көнбеді С) Алты алаш

19.Баланың ісі.Синтаксистік қатынастың қай түрі?

А) пысықтауыш В) анықтауыш С) толықтауыш

20. Анықтауыштық қатынаста басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға қандай сұрақтардың қойылуы арқылы байланысады?

А) кімнің,ненің В) кімді,нені С) қалай,қашан.


жүктеу 3,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау