САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Күні: 29 қыркүйек, 1 қазан
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Pascal ортасында файлдарды баптау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталдау сұрақтары
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.
Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Тілдің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
атаулар (идентификатор);
цифрлар;
айыру белгілері;
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) –азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте); ; (нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
Тілдің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады.
Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743,0 т.б. Нақты сандар: 2.65, 0.5, -0.856, -6.0.
2. Атау – идентификатор (identification – объектің белгілі бір символдар тіркесін сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің тізбегіне тұратын атау.Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т.б.
3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе fallig (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.
Мысалы: x = 25; y = -0.5; z = 4E15; g = 9.8; pi = 3.14 т.б.
4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта ір түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімнде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.
Сабақты бекіту сұрақтары
Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?
Үйге тапсырма: §2.1 –§ 2.4 тақырыпты оқу. 2.1 - 2.2- кесте.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Күні: 6, 8 қазан 2014 жыл
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық мәліметтер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға құрылымдық мәліметтер туралы толық түсінік беру;
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушылардан информатикалық тест алынады.
1. Паскаль тілінде қалай жазылады?
1. Бағдарлама тақырыбы
2. Мәліметтерді енгізу
3. Нәтижені шығару
4. Сипаттау бөлімі
5. Бағдарлама басы
6. Бағдарлама соңы
Жауабы:
1. Program
2. Read (Readln)
3. Write (Writeln)
4. Var
5. Begin
6. End
2. Паскаль тілінің программасы неше бөліктен тұрады?
Паскаль тілінің программасы
Жауабы:
3 бөліктен тұрады
3. Var операторының
қызметі қандай?
Жауабы:
Айнымаларды сипаттау
writeln - шығару операторы.
Жаңа сабақ:
Мәлімет типтері. Шамалардың сипатталуы.
Шамаларға қолданылатын стандартты функциялар мен амалдар
Жаңа білім:
• Тип
• Қарапайым, құрылымдық тип.
• Бүтін, нақты, символдық, логикалық, тіркестік тип.
• Шаманы сипаттау. Тұрақты, айнымалы шама.
• Стандартты функциялар: арифметикалық функция; типтерді өзгерту функциясы; реттелген типтегі шамаларға қолданылатын функция;
Амалдар: бүтін типке қолданылатын амалдар; нақты типке қолданылатын амалдар; логикалық типке қолданылатын амалдар; символдық типке қолданылатын амалдар
Мәлімет типтері.
Тип шама қабылдай алатын мәндер жиынын және оларға қолданылатын амал түрлері мен орындалу жолдарын анықтайды.
Яғни тип дегеніміз – шама мәніне берілген сипаттама.
Паскаль тілінде мәліметтердің келесі типтері бар: нақты, бүтін, символдық, логикалық, тіркестік, мәтіндік, жиым, файл, жазба, жиын. Олар екі топқа бөлінеді: қарапайым және құрылымдық.
Көлемі жағынан орташа бағдарламаларды құруда құрылымдық бағдарламалау қолданылады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмы ағымдағы мәтінге анық көрінуі үшін шешілетін тапсырманың құрылымын бағдарлама құрылымы көрсетуі тиіс. Ол үшін жай үш оператордың көмегімен құрылатын бағдарлама құралдары ғана емес, сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет. Осы мақсатпен бағдарламалауда ішкі бағдарлама ұғымы еңгізілген. Ішкі бағдарлама қажетті әрекетті орындаушы және ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тәуелді емес операторлар жиынтығы. Бағдарлама бірнеше кішкене ішкі бағдарламаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы ағымдағы тапсырмамен қарастырылған әрекеттердің бірін орындайды. Құрылымдық бағдарламалау идеясы 70 жылдары IBM компаниясында пайда болды, оны әзірлеуде атақты ғалымдар Э. Дейкстра, Х. Милс, Э. Кнут, С. Хоор қатысты. Құрылымдық бағдарламалау бағдарламалық өнімнің модульдық құрылымына және әртүрлі бағдарламалық модульдердің мәліметтерін өңдеу алгоритмдерінің типтік басқару құрылымдарына негізделген. Құрылымды басқару типтері:
реттілік;
альтернатива (таңдау шарты);
цикл.
Құрылымдық бағдарламалауға жататын бағдарлама әзірлеудің екі әдістемесі кең таралған:
«жоғарыдан төменге» бағдарламалау;
«төменнен жоғарыға» бағдарламалау.
«Жоғарыдан төменге» бағдарламалау бағдарламаны әзірлеудің бұл әдістемесінде әзірлеу мәселені шешу мақсатын анықтаудан басталып, одан кейін нақты бағдарламамен аяқталады. Ең алдымен ең ауқымды тапсырмаларды шешетін бірнеше ішкі бағдарламалар ерекшеленеді, одан кейін осы модульдердің әрқайсысы өз кезегінде басқа бірнеше басқа ішкі бағдарламаларға бөлініп барлық тапсырма жүзеге асқанша дейін жалғаса береді. Бұл жағдайда бағдарлама жоғарыдан төменге қарай құрастырылады, басты бағдарламадан ең төменгі ішкі бағдарламаларға дейін, сондай ақ әрбір деңгейде тек қарапайым инструкциялар, циклдар және шартты тармақталулар қолданылады. «Төменнен жоғарыға» бағдарламалау, бұл жалпы сызбаның жұмысы аяқталмай жатып, ішкі бағдарламаларды (процедуралар, функциялар) әзірлеуден бастайтын бағдарлама әзірлеудің әдістемесі. Бұл әдістеме алдыңғы әдістемеге қарағанда тиімсіз болып саналады, өйткені жиі қолайсыз нәтижелерге, қайта жөндеулерге және әзірлеудің уақытын созуға әкеліп соғады. Ішкі бағдаламалардың ең маңызды мінездемесі оларды қайта қолдану мүмкіндігі. Ішкі бағдаламалардың екі түрі бар процедуралар және функциялар. Олардың айырмашылығы, процедура операторлар тобын жай орындайды, ал функция сонымен бірге қандай да бір мәнді есептейді және оны басты бағдарламаға қайтадан жібереді (мәнді қайтарады). Ол мәннің арнайы типі болады. Ішкі бағдарламаның жұмысы мағыналы болу үшін, оған сыртқы бағдарламалардан мәліметтер алу керек. Мәліметтер ішкі бағдарламада параметрлер немесе аргументтер түрінде жіберіледі, олар әдетте айнымалылар сияқты оның бастапқы бөлігінде сипатталады. Ішкі бағдарламалар қажетті параметрлермен олардың жай атауын жазу арқылы шақырылады. Ішкі бағдарламалар оларды шақыру кезінде ғана белсенді болады. Ішкі бағдарламаның ішіндегі операторлар, егер олар нақты шақырылса ғана орындалады. Кейбір бағдарламалау тілдерінде ішкі бағдарламаларды өзінің ішінен шақыртуға болады. Мұндай тәсіл рекурсия деп аталады. Ол бағдарламаның бір орында тұрып қалуына әкелуі мүмкін. Құрылымдық бағдарламалаудың артықшылықтары:
Бағдарламалардың сенімділігі артады (жақсы құрылымдау және жобалау арқылы бағдарлама тестілеуге жеңіл болады және іске қосуда қиындықтар туғызбайды);
Бағдарламаның тиімділігі артады (бағдарламаны құрылымдау қателерді тез табуға және түзетуге мүмкіндік береді, ал жеке ішкі бағдарламаларды басқаларына қарамастан өзгертуге болады);
Бағдарлама әзірлеудің уақыты және бағасы азаяды;
Бағдарламаны оқу жақсарады.
Сонымен, құрылымдық бағдарламалау бағдарламалық кешендерді әзірлеуде келесі принциптерге негізделеді:
Бағдарламалау жоғарыдан төменге жүзеге асуы тиіс;
Барлық жоба ішкі бағдарламаларға бөлінуі тиіс;
Ішкі бағдарлама үш негізгі құрылымнан тұруы тиіс, ол ретпен орындау, тармақталу (if, case) және қайталау (for, while, repeat);
Бағдарламаның кез келген нүктесіне көшу операторы қолданылмайды (goto);
Құжаттама бағдарламалаумен бірге бағдарламаға коментарийлермен бірге бір уақытта құрылуы тиіс.
Құрылымдық бағдарламалау алгоритмдік мінездемесі бар математикалық есептерді шығаруда тиімді қолданылады. Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі –құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс: 1) модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет; 2) модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.
Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардың есептелу программасын қарастыруға болады. Программист sin(x) функциясын программаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге болады.
Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады. Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың–шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады.
Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек. Программаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма: Құрылымдық мәліметтермен танысу
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Күні: 13, 15 қазан 2014 жыл
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Салынған циклдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталу – WHILE, REPEAT, FOR операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Шартты оператордың қандай түрлері бар?
If операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?
Жаңа материалды түсіндіру
Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады.
Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT операторлары.
WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.
Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер True (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше False (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.
Егер, ең басында өрнектің мәні False (жалған) болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.
Мысалы: y = 3x+1, мұндағы х, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.
Program eseptey;
Var x, y : real ;
Begin X:=-1;
While x<=2 Do
Begin Y:=3*x+1
Writeln (‘ x=’,x , ‘ ‘ , ‘y=’ , y) ;
X: = x+0.5;
End;
End.
REPEAT қайталу операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.
Бұл оператор Repeat (оқылуы: рипит, қайталау болып аударылады) және Until (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.
Компьютермен жұмыс
№12 Р=1*2*3 … * NN! факториалды табу программасын жаз.
Programfakt;
Var I , n , p: integer;
Begin
WriteLn ( ‘ n= ‘);
ReadLn (n) ;
I: = 1;
P:= 1;
Repeat
P:= p*1;
I:= i+1;
Until i>n;
Writeln (p:4);
End.
FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады.
Жазылу үлгісі
FOR < цикл параметрі>:= n1 TO n2 DO
<цикл денесі>;
FOR<цикл параметрі>: = n2 DOWNTO n1 DO
<цикл денесі>;
Мұндағы FOR (үшін), TO (дейін), DO (орындау) - қызметші сөздер;
< цикл параметрі> - циклді басқару айнымалысы, Integer типті (немесе кез келген реттелген тип) n1 , n2 - цикл параметрінің бастапқы және соңғы мәндері (типі циклді басқару айнымалысымен сәйкес) кері қарай, DOWN төмен, TO дейін . Егер қадам -1 – ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Мысалы: 1- ден 100- ге дейінгі сандардың қосындысын табу керек.
Program kosindi;
Var I, s: integer;
Begin s:=0;
FOR i:=1 TO 100 DO
S:=s+1;
Writeln (‘s = ‘ , s);
End.
Үйге тапсырма: Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы - WHILE, REPEAT, FOR
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
Күні: 20, 22 қазан 2014 жыл
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Салынған циклдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталу – WHILE, REPEAT, FOR операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Шартты оператордың қандай түрлері бар?
If операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?
Жаңа материалды түсіндіру
Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады.
Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT операторлары.
WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.
Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер True (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше False (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.
Егер, ең басында өрнектің мәні False (жалған) болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.
Мысалы: y = 3x+1, мұндағы х, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.
Program eseptey;
Var x, y : real ;
Begin X:=-1;
While x<=2 Do
Begin Y:=3*x+1
Writeln (‘ x=’,x , ‘ ‘ , ‘y=’ , y) ;
X: = x+0.5;
End;
End.
REPEAT қайталу операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.
Бұл оператор Repeat (оқылуы: рипит, қайталау болып аударылады) және Until (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.
FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады.
Жазылу үлгісі
FOR < цикл параметрі>:= n1 TO n2 DO
<цикл денесі>;
FOR<цикл параметрі>: = n2 DOWNTO n1 DO
<цикл денесі>;
Мұндағы FOR (үшін), TO (дейін), DO (орындау) - қызметші сөздер;
< цикл параметрі> - циклді басқару айнымалысы, Integer типті (немесе кез келген реттелген тип) n1 , n2 - цикл параметрінің бастапқы және соңғы мәндері (типі циклді басқару айнымалысымен сәйкес) кері қарай, DOWN төмен, TO дейін . Егер қадам -1 – ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Мысалы: 1- ден 100- ге дейінгі сандардың қосындысын табу керек.
Program kosindi;
Var I, s: integer;
Begin s:=0;
FOR i:=1 TO 100 DO
S:=s+1;
Writeln (‘s = ‘ , s);
End.
Сабақты бекіту сұрақтары
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
Цикл дегеніміз не?
Қайталау операторларының қанша түрі бар?
REPEAT қандай оператор?
REPEAT операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Цикл дегеніміз не?
Циклдің алгоритмнің неше түрі бар?
Программаның нәтижесін қалай көреміз?
WHILE операторының жазылу үлгісін көрсет?
WHILE операторының орындалу тәртібі қалай?
REPEAT операторының жазылу үлгісін көрсет?
REPEAT және WHILE операторының айырмашылығы неде?
FOR операторының жазылу үлгісін көрсет?
Үйге тапсырма: 7 тапсырма
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
27, 29 қазан 2014 жыл
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В»
Тақырыбы: Массивтер туралы түсінік, массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды массив типті берілгендерді өңдеу әдістерімен таныстырып программа құрып үйрету..
Дамытушылық: Оқушыларға бір өлшемді жиымға программа құруғажәне
жиымдармен жұмыс жасауға дағдыландыру, жиымның
жазылу форматын үйрету.
Тәрбиелелігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ
Компьютермен жұмыс
Қорытынды.
Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
Массивті жариялау.
Сызықтық массив. Массивті элементтерін еңгізу және шығару.
Массив.
ЭЕМ арқылы шешiлетiн көптеген мәселелер математикалық мағынасы бойынша бiрiктiрiлген немесе мағынасы бiрдей деректердiң жиынын құрайтын көлемдi ақпаратты өңдеуден тұрады. Кеңiстiктегi нүктенi анықтайтын координаттар, сызықтық теңдеулер жүйесiн анықтайтын коэффициенттер матрицасы, функцияның кез келген нүктедегi мәндерi, көпмүшелiктiң коэффициенттерi - осындай бiртұтас деректер жиынын құрайды. Алгоритмде оларды бiр немесе екi индекстi айнымалылар арқылы белгiлеу есептеулердi жеңiлдетедi.
Жоғары математикада бiр және екi индекстi айнымалы шамалар тiзбегiн вектор және матрица деп анықтайды, ал программалауда оларды индексiнiң санына байланысты бiр немесе екi өлшемдi массив деп айтады. Бiздiң мақсатымыз - программада ыңғайына қарай индекстi айнымалылар қолдану, сондықтан алгоритм құру барысында мұндай шамаларды массив деп атайық.
Массив дегенiмiз индексi бүтiн сан арқылы белгiленген индекстi айнымалылардың тiзбегi, мысалы n элементтен тұратын А бiр өлшемдi массивiнiң элементтерi а1, а2, . . ., аn арқылы анықталады, мұндай массивтi қысқаша , A(n) немесе түрiнде жазуға болады.
Массив ЭЕМ жадының әрбiр элементiне сәйкес ұяшықтардың тiзбегi орналасқан бiр облысын анықтайды. Мысалы, n=7 болғанда жоғарыдағы массив
a1 a2 a3 a4 a5a6 a7
A
облысын бередi. Массивтi қолданған программада алдын ала арнайы оператор арқылы ЭЕМ жадынан массивке облыс (ұяшықтар) дайындап қою керек. Массивтiң әрбiр элементiмен қатынас оның индексi арқылы орнатылады, мысалы а2 А массивiнiң 2-шi элементi, аi- i-шi элементi.
Массивке тағы бір анықтама беруге болады: Айнымалы шамалардың бiр ғана атпен аталған реттелген тiзбегi массивдеп аталады, ал тiзбектiң айнымалылары массив элементтерi деп аталады.
Массивпен жұмыс iстеу үшiн оның әр элементiнiң мәнi белгiлi болуы тиiс. Оның жалпы түрi :VAR бөлiмiнде осылай сипатталады. Массив аты ARRAY [n,m] of type.
Массивтi сипаттауға ARRAY of сөздерi қолданылады. Массивте әр элементің нөмiрiн элементтiң индексi деп атаймыз. Индекстердiң саны - массивтiң өлшемi. Индекстiң мүмкiн мәндерi оның диапозоны деп аталады. Диапозон мен өлшемi массивтiң формасы деп саналады.
Мысалы: A: ARRAY [1..10] OF INTEGER;
Массивтi TYPE бөлiмiнде алдын ала белгiлеп алуға болады.
CONST N=10;
TYPE T= ARRAY [1..N] OF WORD;
VAR A:T;
A[1]=15; A[10]=100;
Массивтіенгізужәнебаспағашығарупрограммасы:
PROGRAM mas;
CONST N=20;
I: INTEGER;
A: ARRAY [1.. N] OF REAL;
BEGIN
FOR I:=1 TO N DO
READLN (A[I]);
FOR I:=1 TO N DO
WRITE (‘ ‘,A[I]:5:1);END.
Достарыңызбен бөлісу: |