Тыңдап, аударыңыз:
А) – Сәлеметсіз бе? Мен тұшпара, сүт қатқан шай, екі тілім нан алайын деп едім.
- Тағы не аласыз? Шайға тәтті тоқаштар мен самса бар.
- Онда бір тоқаш пен бір самса беріңіз.
- Бәрін қосқанда жүз елу теңге болады. Ас дәмді болсын!
- Рақмет.
Ә) - Құрбым, мына тұшпара қандай дәмді!
- Иә. Тұшпараны мен де жақсы көремін.
- Шай да ыстық екен. Жақсы сүт қатқан шайға не жетсін!
- Тоқаш та тәтті, жұмсақ екен.
- Иә, біздің аспазымыз тағамдарды жақсы пісіреді. Сөз жоқ.
Подготовьте сообщение на следующие темы:
А) Казахская молочная кухня
Ә) Мясные блюда казахов
Б) Мучные изделие казахов.
Басқа ұлттың қандай жақсы тағамдарын білесіз? Сұхбат құрыңыз.
Сөйлемдерді аударыңыз:
Тамақ ішкім келгенде мен асханаға барамын. Сусаған кезде біз сүт қатқан шай немесе кофе ішеміз. Қарным ашқанда мен тамақ ішемін. Егер тамақ ішкің келсе, дәмханаға бар. Түскі үзіліске дейін қарның ашса, шай қойыфп ішу керек. Біз бөлімде сағат он бірден кейін шай ішеміз. Түстен кейін де шай ішеміз. Шай ішпесем басым ауырады.
Достарыңызбен бөлісу: |