Сұрақтарға жауап беріңіз, аударыңыз:
Пошта жәшігі қай жерде?
Пошта тәулік бойы жұмыс істей ме?
Жеделхатты қалай жіберуге болады?
Олар қашан жеделхатты алады?
Ақша аудару бланкісін қайдан алуға болады?
Бандерольды қай жерден алуға болады?
Қай жерге қол қоямын?
ІV. Бекіту.
Сұрақ – жауап.
V. Үйге тапсырма.
Жаңа сөздер.
Кітапханада ( В библиотеке)
Глоссарий: Қызметкер – сотрудник, кітап қоры – книжный фонд, дана – экземпляр, оқырман – читатель, оқу залы – читальный зал, кітапханашы – библиотекарь.
Сұхбатты оқыңыз, аударыңыз:
1. – Құрбым, не оқып отырсың?
- Мен Ғабит Мүсіреповтың автобиографиялық повесін оқып отырмын.
- Қандай жақсы. Оны қайдан алдың?
- Кітапханадан алдым.
- Кітап қызық па?
- Қызық екен, маған ұнады.
2. «Кітапханада»
– Сізде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» бар ма?
- Иә, бар. Қазір әкеліп берейін. Сіз осында оқисыз ба, әлде үйге аласыз ба?
- Үйге алуға бола ма? Қанша уақытқа дейін?
- Иә, болады. Бір аптаға алыңыз.
- Рахмет.
Газет киоскісінің жанында( У газетного киоска)
Сұхбатты оқыңыз, аударыңыз:
1. – Сізде «Солтүстік Қазақстан» газетінің соңғы нөмірі бар ма?
- Бар. Аласыз ба?
- Аламын. Маған біреуін беріңізші.
- Міне, 120 теңге төлеңіз.
2. – Сізде қандай газеттер мен журналдар бар ?
- Міне алдыңызда жатыр. Қараңыз, сізге не керек еді?
- Маған «Қызылжар нұры» газеті мен «Парасат» журналы керек еді.
- Иә, олар бар, соңғы нөмірлері. Аласыз ба?
- Иә, аламын. Рахмет.
Сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыз:
Тоқсан сайын – ежеквартально, жылына екі рет – два раза в год, екі айда бір рет – один раз в два месяца, техникалық журналдар – технические журналы, сән – мода, әйелдерге арналған журнал – журналы для женщин, жазылу бағасы – стоимость подписки, бір жылға – на один год
Пошта бөлімшесі ( Почтовое отделение)
Глоссарий: жәшік – ящик, жеделхат – телеграмма, тәулік бойы – сутками, ақша аудару – перевести денег, қол қою – расписаться.
Сұрақтарға жауап беріңіз, аударыңыз:
Пошта жәшігі қай жерде?
Пошта тәулік бойы жұмыс істей ме?
Жеделхатты қалай жіберуге болады?
Олар қашан жеделхатты алады?
Ақша аудару бланкісін қайдан алуға болады?
Бандерольды қай жерден алуға болады?
Қай жерге қол қоямын?
Достарыңызбен бөлісу: |