Сабақтың тақырыбы: Оқудың түрлері: Дұрыс оқу. Түсініп оқу. Шапшаң, мәнерлеп оқу Оқушыны дұрыс оқуға



жүктеу 22,37 Kb.
бет2/3
Дата26.01.2022
өлшемі22,37 Kb.
#34937
түріСабақ
1   2   3
f606cb3931dd5b0

Шапшаң оқу дегеніміз—тақырыптағы сөздерді қалай болса солай бастырмалатып оқу немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес, оқығанын түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу, әрбір оқушы мінезінің әрқилылығы сияқты, оқу жылдамдығы да әр түрлі болады. Осыған орай, әр оқушының бір минут ішінде оқыған сөз саны сан алуан болып келеді.

Шапшаң оқу, түсініп оқу, дұрыс оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс оқитындар ғана шапшаң оқи алады. Белгілі бір жылдамдықпен оқығанда, сол оқығанының мазмұнына түсінсе ғана, оны шапшаң оқыды деуге болады. Шапшаң оқуға жаттықтыру әр сабақ сайын жүргізіліп отырады. Дегенмен, шапшаң оқуға төселдіру үшін, арнаулы сағаттар бөлініп, арнайы

жұмыстар жүргізу қажет. Оған мынадай жұмыс түрлерін жатқызуға болады.


  1. Сыныпқа бір ғана тақырып беріледі де, оны оқушылар бір мезгілде бастап оқып, бір уақытта аяқтау талап етіледі. Мұғалім тақырыпты оқытарда, алдымен, сабақтың мақсатын оқушыларға түсіндіреді де, белгілі бір уақытта әр оқушы тақырыптың қай жерінен, қай жеріне дейін оқығанын белгілеп қоюды талап етеді Барлық оқушы тақырыпты бір мезгілде аяқтау үшін, мұғалімнің «оқыңдар», «оқуды тоқтатыңдар» деген нұсқауын оқушылар бұлжытпай орындауы керектігін ескертеді. Ал белгілі бір уақыт ішінде әр оқушы неше сөз оқығанын мұғалім өзі санауы керек. Бұл жұмыс іштен оқу арқылы орындатылады.

  2. Шапшаң оқуға машықтандырудың тағы бір түрі-сыныпта дауыстап оқыту.
    Мұндайда мұғалім оқушыларды тақтаға бір-бірден шақырып, әрқайсысына тапсырма береді де, дауыстап оқытады. Кейде оқушыларға бір тақырып, кейде әрқайсысына әр түрлі тақырып беруге болады. Шапшаң оқуға машықтандырғанда мұғалім белгілі бір сөз санын оқушылар қапша уақытта, қандай жылдамдықпен оқитынын байқайды. Шапшаң оқуға оқушылырды жүйелі түрде күнбе-күн оқыту арқылы ғана машықтандыруға болады.
    Шапшаң оқу оқушының сөйлеу мүшелерінің жетілу дәрежесіне де байланысты. Сондықтан мұғалім әр баланың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне күнбе-күн көңіл бөліп отыру керек. Бұл үшін оқушыларға хормен және жеке-жеке оқытып отырған дұрыс. Айтылуы қиын сөздерді, жаңылтпаштарды айттырып жаттықтыру әрі дұрыс оқуға, әрі шапшаң оқуға септігін тигізеді.
    Ол үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі.

  1. Әр оқушыны шапшаң оқуға және оқыған текстің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру.

  2. Рөлмен оқыту.

  3. Диалогты әр оқушыға алма-кезек оқыту.

  4. Мұғалім сұрағына жауап боларлық сөйлемдерді тақырыптан тапқызып оқыту.

  5. Біреудің оқығанын бақылап отыру арқылы да оқушы шапшаң оқуға машықтанатынын ескерту.

Мұғалім өзінің көп жылдық тәжірбиесіне сүйене отырып, оқушыларды шапшаң оқуға машықтандыратын басқа да жұмыс түрлерін жүргізуіне болады.Оқушыларды оқу машықтарына үйретумен бірге оларға білім, тәрбиеберу мақсаты да көзделеді. Білім мен тәрбиені оқушы тек оқығанын саналы түсінгенде ғана ала алады.


жүктеу 22,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау