Сабаќтыњ таќырыбы Операциялыќ ж‰йеніњ негізгі нысандары мен оны басќару



жүктеу 97,85 Kb.
Дата12.02.2018
өлшемі97,85 Kb.
#9406
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару

Сабақтың мақсаты : оқушыларда Windows ОЖ-ның пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру, Windows терезесі құрылымдық элементтерімен, қызметімен таныстыру, терезелер түрлерін баптауды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : жұмыс үстелі, тапсырмалар тақтасы, тапсырмалар тақтасының таңбалары, бас меню Windows ОЖ-ның терезелері құрылымын, қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс : Windows ОЖ іске қосуды, тапсырмалар тақтьасының таңбаларын пайдалануды, терезелерді басқаруды, бумалар баптауды.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

І)Ұйымдастыру кезеңі

ІІ)Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ)Жаңа сабақ

IV) Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс

V)Сабақты қорытыңдылау

VІ)Үй тапсырмасы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 Сұрақтар :

Компьютер қандай программалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды ?

ОЖ-ның жүктелуі қай кезде орындалады?

ОЖ-ға дегенімзі не?

ОЖ-ға мысал келтір.

Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған ?

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіру – мазмұнын экранда паралель көрсетіп отыру арқылы жүргізіледі.



Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады.

Жұмыс үстелі

          Жұмыс үстелінің сыртқы түрін тұтынушының өзі жеке таңдайды. Әдетте Жұмыс үстелінде Компьютер, Желі, Қоржын, Басқару тақтасы сияқты нысандардың белгішелері, Есептер тақтасы мен Бастау батырмасы орналасады.

           Бастау батырмасын басқаннан кейін программаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйенің баптауын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды табуға және т.б.мүмкіндіктер беретін Windows-тің Бас мәзірі ашылады.

            Бас мәзірдің негізгі бұйрықтары :

            Бас мәзір екі – сол және оң жақ бөліктен тұрады.

            Сол жақ бөлігінде жақында жұмыс жасаған программалар тізімі орналасады. Тізімнен төмен 2 бұйрық көрсетіледі:

·         Барлық программалар – компьютерде орнатылған программалардың тізімін шығарып, оларды орындауға мүмкіндік береді.

·         Іздеу терезесі – файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік жасайды.

Бас мәзірдің оң жақ бөлігінде мынадай бұйрықтар бар :

·         Тұтынушы – дербес буманы ашу;

·         Құжаттар – құжаттар топтамасы ашылады;

·         Бейне – бейнелер топтамасы ашылады;

·         Музыка – музыкалық жазбалар топтамасы ашылады;

·         Компьютер – компьютердің параметрлерін баптау ;

·         Басқару тақтасы – компьютердің параметрлерін баптау ;

·         Құрылғылар мен принтерлер – компьютерге қосылған құрылғыларды баптауға арналған терезе;

·         Үнсіз келісім программалары – Интернетте жұмыс істеуге арналған және басқа программалар тізімі ;

·         Анықтама және қолдау анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.

 Есептер тақтасы



             Кез келген қосымшаны іске қосқанда Есептер тақтасында ашылған қосымшаның белгішесі бейнеленген батырма пайда болады. Сонымен, барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар батырма түрінде есептер тақтасында көрсетіледі.

           Барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалардың батырмаларынан басқа есептер тақтасында тез іске қосу тақтасы да бар. Онда іске қосуға болатын программалардың белгішелері орналасқан.

          Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде программамен қай тілде жұмыс істеуге болатынын таңдауға мүмкіндік беретін тілдер тақтасы бар. Үнсіз келісім бойынша орыс және ағылшын тілдері орнатылған. Тілді Басқару тақтасы арқылы ауыстыруға болады. Есіптер тақтасы сағатпен аяқталады.

          «Бастау» батырмасының Есептер тақтасы мен Бас мәзірінің сырт бейнесі былай бапталады. Алдымен тышқанның оң жақ батырмасымен Есептер тақтасының кез келген бос жерін басу керек. Контекстік мәзір пайда болады. Бұл мәзірдің Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар. Есептер тақтасын өздерің таңдағандай етіп баптауға болатын терезе пайда болады.



ІV Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс

         Оқушылар деңгейлік тапсырма бойынша жұмыс істейді. Әр деңгейдің тапсырмасы жұмыстың әртүрлі дағдыларын қалыптастырады. Кітаптағы 74-беттегі А, В, С деңгейлік тапсырмаларды орындау.



V Қорытындылау

      Мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды.



VІ Үйге тапсырма

        § 9, 76-беттегі тест тапсырмаларымен сұрақтарға жауап беру.
жүктеу 97,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау