Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата21.11.2018
өлшемі85 Kb.
#22849
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мақал- мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білу,  олардың тіліміздегі сөздің көркі екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Мақал арқылы оқушыларды адамгершілікке отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ- жауап,оқу, аудару, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ, сызба кестесі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезең

ІІ Үй жұмысын тексеру

1.Абай кім?

2.Абайдың қандай жазған шығармаларын білеміз?

3.Абай кімнің шығармаларын қазақшаға аударды?

4.Абайдың бір өлеңін оқу

5. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін тыңдау



ІІІ Жаңа сабақ

       Мақал -мәтелдер ерте заманнан ұрпақтан ұрпаққа  ауысып келе жатқан халықтық мұра, сөз өрнегі.Тілімізде «Сөздің көркі- мақал» деген аталы сөз бар. Мақал- мәтелдер- ауыз әдебиетінің бір түрі.

                                        Мақал-мәтелдер

                                        Халық даналығы

                                            Тақырыбы     

«Отан», «Еңбек, кәсіп», «Батырлық, ерлік», «Ынтымақ,бірлік», «Өнер, бірлік»

                                 Өмір,жан дүние, тыныс тіршілік.

Венн диаграмма



Мақал ортақ Мақал

Ой ашық нақты        Ауыз әдебиетінің бір түрі.      Ой астарлы тұспалдап,

  айтылады.                                                                 меңзеп айтылады

Карточкамен жұмыс.

Сұрақ- жауап

1.Мақал-мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?

2.Мақал-мәтелдердің көлемі, тілі қандай болады?

3.Қандай тақырыптарға мақал-мәтелдер білесіңдер?

4. Мақал – мәтелдер ненің айнасы болып табылады?

Тапсырма. Тақтадағы жазылып тұрған мақалдың мағынасын ашып, аудару.

1.Әркімнің өз жері Мысыр Шаһары.

2. Жері байдың елі бай.

3. Отансыз адам,  ормансыз бұлбұл.

4.Отан –оттан да  ыстық.

5.Қоянды қамыс өлтіреді, Ерді намыс өлтіреді.

6. Батыр бір өледі, қорқақ мың қледі.

7. Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын.

8. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

9. Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

10. Оқы да біл,ойна да күл.

11. Білім қымбат, білу қиын.

12. Денсаулық- зор байлық.

Кітаппен жұмыс. 2-тапсырма мақал- мәтелді аяқтаңдар.

1.   Ер –елінде                       2. Бейнетсіз..... жоқ.        3. ......қанаты –ат

Гүл-......

     4. ....тапқан  мал.                  5.Отансыз адам,              6.Отан....да  ыстық.

        ......кетер.                                Ормансыз......

     7. Ырыс алды -.......                 8. Ынтымақ түбі-.......

                                                               Ынтымақ ......бітірер.

               Керекті сөздер: бұлбұл, оттан,  бірлік, ер, жерінде, есепсіз, ынтымақ, істі, рақат, еңбексіз.

3-тапсырма. Мына  мақал- мәтелдер қай тақырыпқа жататынын анықтап айтыңдар.

1.Ерлік білекте емес, жүректе.

2. Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.

3. Жеті рет пішіп, бір рет кес.

4.Көз қорқақ, қол батыр.

5. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

6. Батыр туса- ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.

7. Өнерлі өрге жүзеді.

8. Білекті бірді жығар, білімді мыіды жығар.

9. Бейнетсіз рақат жоқ.

 10. Ел іші – алтын бесік.

Тапсырма.

   І топ . «Отан» сөзін тәуелдеу.

   ІІ топ . «Батыр» сөзін септеу.

   ІІІ топ. «Бұлбұл» сөзін фонетикалық талдау.( математикалық тәсілмен)

4- тапсырма. Мақал- мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып айт.

1.Балықшы балықшыны алыстан таниды.

( Рыбак рыбака  видит издалека.)

2.Аз болса да ,саз болсын.

( Лучше  менше, да лучше)

3.Ердің  атын еңбек шығарады.

(Человека прославляет труд.)

4. Темірді қызған кезде  сақ.

(Куй железо, пока горячо.)

5.Өлгеніңше  үйрен.

(Век живи, век учись.)

6.Көз қорқақ, қол батыр.

( Глаза боятся, руки делают)

7.Еңбек етсең, емерсің.

Кто не работает. Тот не ест.

8. Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.

(Не рой другому яму, сам упадешь.)

9. Не ексең , соны орасың.

( Что посеешь, тои пожнешь.)

ІV Қортындылау: Сөзжұмбақ.

1 .Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

2.Заттың атын білдіретін сөз табы.

3.Жылқы пірі.

4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.

5. Жеке заттарға қойылатын атау.

6. Балаға ең қымбат.

7. Білім беретін мекеме.

8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.

9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспенсалыстырып бейнелеу.

10. Сиыр пірі

11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.



V Үйге тапсырма: Әр тақырыпқа мақал-мәтел жазып келу.



VІ Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау