Сабақтың тақырыбы: Ұлт боламын десең ұрпақ тәрбиесін ойла



Дата02.02.2020
өлшемі41 Kb.
#28036
түріСабақ

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Умирбаева Нагима

Сабақтың тақырыбы:Ұлт боламын десең – ұрпақ тәрбиесін ойла

 

Қай ғасырда болсын, ұлт өмірін өркендетуші санаулы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндет. Халық ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. Әрбір қоғам өзінен бұрынғы аға буынның ақыл ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

            Мектептің, мұғалімдердің, ата-аналардың арасында тәрбиеленетін бала тек саналы қоғам мүшесі, денсаулығы мықты азамат қана болып қоймай, шығармашыл, жаңаша ойлай білетін, өмірдің жақсы жақтарына бетбұрыс жасай отырып, өз үлесін қосатын азамат болуы тиіс. Осы тұрғыда тәрбие жұмысы – баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, қиялдау мен өз бетінше жұмыс жасауда жақсы әдіс – тәсіл болып табылады.

            №39 «Қызылөзек» орта мектебінде кешенді-мақсатты бағдарламаға сәйкес жыл бойына түрлі бағыттағы тәрбиелік іс – шаралар өткізіліп келеді. Жыл бойына Құқықтық тәрбие, Діни-экстремизм және имандылық, Нашақорлық, Жолда жүру ережесі, АҚТҚ/ЖҚТБ бағыттары бойынша және де ата-анамен жұмыс, салауатты өмір салты, жұқпалы аурулар тағы басқа көптеген тақырыптарда іс-шаралар өткізіліп отырады.

      Мектеп бойынша 24 класс комплекті + 1 даярлық топ бар. Сынып жетекшілердің барлығы жоғары білімді. Қыркүйек айының алғашқы он күндігінде оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысында мектеп бойынша-510 оқушы бар; соның ішінде аз қамтамасыз етілген оқушы-62, жетім балалар саны-2, қолайсыз отбасы балалары-3. Әр жыл сайын «Қамқорлық» акциясы өткізіліп тұрады. Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бөлінген қаржыға ыстық тамақ ұйымдастырылып, киім-кешек, оқу құралдары алынып берілді.

Сонымен бірге тәртібі қиын мектепішілік есепте тұратын оқушылар мәліметі алынды. Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп келеді. Ата-аналармен бірігіп жүргізілген нәтижелі жұмыстардың арқасында ИДН-де, наркологиялық диспансерде есепте тұрған бала жоқ. Ардагерлер, ата-аналар, психологиялық қызмет орталығы жұмыс істейді және «Жас ұрпақ» ұйымы өз жұмыстарын атқарып келеді. 2008-2009 жылы оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары жасалып,бекітілді.

 Мектептегі тәрбие жұмысы 9 бағыт бойынша жүргізіліп келеді.



1. Салауаттылық

2. Еңбек тәрбиесі

3. Ақыл-ой тәрбиесі

4. Адамгершілік

5. Азаматтық

6. Эстетикалық

7. Экологиялық

8. Экономикалық

9. Гендерлік отбасы тәрбиесі бағыттар бойынша жыл бойына.

      Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сақтай білу, өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу  

     №39 «Қызылөзек» орта мектебінде оқушылардың өз құқығы және тәртіпсіздік іс - әрекеттерден аулақ болу мақсатында бұйрығы шығарылып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жүргізілетін жылдық іс-шара жоспары бекітілді. Барлық сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыста. Сынып жетекшілеріне бірінші сабақтан бастап оқушыларды қабылдап, үйлеріне тарату міндеттелген. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі үйірмелерге тартылған. Аймақтағы учаскелік инспектормен бірлесе отырып түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері мұғалімдер, ата-аналар рейдке шығады. Әр сыныптардағы «қиын» оқушылармен жұмыс жүргізуде нақты іс-шаралар жасалынып, ата-аналар комитетімен бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу міндеттелген. 20.11.08 ж- 31.12.08 ж  аралығында оқушылардың арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу мақсатында «Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» айлығы өткізілді.

  Мектептегі АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы күрес туралы бұйрық шығарылып, 2008-2009 оқу жылына арналған АҚТҚ/ЖҚТБ індетін алдын алуға байланысты жылдық іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Мүдделі органдармен және ЖҚТБ алдын алу және күресу жөніндегі орталығымен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Жасөспірімдер арасында АҚТҚ/ЖҚТБ індетін алдын алу мақсатында ойындар, кездесулер, әңгімелер, сайыстар, класта сынып сағаттары өткізіліп отыр.

   Оқушылар арасында нашақорлыққа, темекі шегуге қарсы күрес туралы бұйрық шығарылып, 2008-2009 оқу жылына арналған оқушылар арасында нашақорлыққа, темекі шегушіліктің алдын алуға байланысты жылдық іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Барлық сынып жетекшілер сынып арасында үгіт-насихат, дебаттар, спорттық жарыстар, тәрбие сағаттар өткізіп отыр.

   №39 «Қызылөзек» орта мектебінде имандылық және діни экстремизмге қарсы күрес туралы бұйрық шығарылып, 2008-2009 оқу жылына арналған дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс ықпалынан қорғау мақсатында жылдық іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп оқушыларымен жұмыс кезінде Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы Заңы 5-бабының талаптары қатаң сақталуда. Мектепте діни ағымдар туралы түсініктер беру және жастар арасында діни ахуалды зерттеу мақсатында әлеуметтік сауалнама уақытылы жүргізілді.



   Оқушылар арасында жол-көлік травматизмінің алдын алу және жол ережелерін насихаттау туралы бұйрық шығарылып, 2008-2009 оқу жылына арналған оқушылар арасында жол-көлік травматизмінің алдын алуға байланысты жылдық іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. «Қозғалыстың жас инспекторы» отряды құрылып, жұмысы жанданып келеді. Барлық сынып жетекшілер сынып арасында үгіт-насихат, сайыстар, спорттық жарыстар, тәрбие сағаттар, сауалнамалар өткізіп отыр.

  

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау