Сабаќтыњ таќырыбы: Компьютердіњ сыртќы жады



жүктеу 264,71 Kb.
бет1/2
Дата25.11.2017
өлшемі264,71 Kb.
#1709
түріСабақ
  1   2

Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат тасмалдауыштар.

Иілгіш және компакт-дискілер. Дискіжетек. CD-ROM.

Бағдарламалық – ОЕТС, Иілгіш және компакт дискілер.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру. Дискіжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру.

2. Оқушылардың дискіжетек пен CD-ROM қалай құрылғанын,

ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін, ақпарат

тасуыштардың негізгі параметрлерін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Көрсете-түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - иілгіш және компакт дискілер не екенін;

- дискіжетек пен CD-ROM қалай құрылғанын;

- ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін;

- қандай жағдайларда қандай ақпарат тасуыш қолдану керек екенін;

- ақпарат тасуыштардың негізгі параметрлерін;

- иілгіш және компакт- дскілермен жұмыс істеу ережелерін;



Оқушылар үйренуі тиіс:

- иілгіш және компакт-дискілерді қолдануды;

- ақпаратты бір тасуыштан басқасына ауыстыруды;

- иілгіш дискілерді пішімдеуді;

- иілгіш және компакт-дискілердегі ақпаратты қарауды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
СЫРТҚЫ ЖАД

Компьютердегі жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады.

Біздің білетініміздей, файл–бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад - бұл, бірншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады.Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принціпі бойынша –магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық болады. Соңғы уақытта IBM типті Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард - диск) кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.



Сыртқы жад - бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.

2.2.16. Тапсырма . Схеманы толтыр.

Тапсырма оқулықтың қарастырылып отырған параграфаныың конспекті болып табылады, ол мұғалімнің түсіндіруімен қатар толтырылады.


КОМПЬЮТЕР

ЖАДЫ

Ішкі жад


Сыртқы жад

Магнитті таспалар



Магнитті дискілер

Лазерлік дискілер

Қатқыл диск



Иілгіш диск

Иілгіш дискілер( дискеттер, флоппи- дискілер).

Флоппи–диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагниттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған(дискеттің қабы).
2.2.17. Тапсырма(Ү).

«Адамның ішкі және сыртқы жады» деген тақырып бойынша өз ойыңды жаз.

Қойылатын сұрақтар:

  • Адамның ішкі жадында не сақталады?

  • Қандай жағдайларда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?

  • Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?


Шығармашылық тапсырма.

Оны орындаудың алдында оқушылармен адамның жады мен компьютер жадының ұқсастықтары жайлы сұхбаттасу керек. Қажетті деректерді адам ішкі жадында, ал аса қажет емес ақпараттарды түрлі ақпарат тасуыштарында – құжаттарда, дәптерлерде, кинотаспаларда және т.б. сақтайды.

2.2.18, 2.2.19, 2.2.20, 2.2.21 тапсырмаларды берілген тақырыпты оқулықтан оқу немесе мұғалімнің шешуіне қарай оны меңгеруін тексеру үшін орындау ұсынылады.
2.2.18. Тапсырма. Дискеттің құрылымын қарастыр

МЫНАУ НЕ? ЖӘНЕ БҰЛ НЕ ҮШІН КЕРЕК? деген сұрақтарға жауап бер


Тығыздығы жоғары

идентификатор



Жазудан қорғау терезесі, ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан сақтауға арналған.

Дискет таңбашасы дискеттің мазмұнын жазып қою үшін керек



Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғауға араналған

Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер – бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу-жазу механизмінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы. Қатқыл магнитті дискілердің жинақтауыштарда бір еммес, бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті бастиектер мен дискілердің механикалық түйісуі (контакті) мүмкін емес. Әрбір бастиек диск бетінің үстінде 0,5-0,3 микрон қашықтықта «жүзеді». Жинақтауыштың электромеханикалық бөлігі механизмге шаң тимеуі үшін, герметикалы корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылады және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.


2.2.19. Тапсырма.

Қатқыл дискінің схеммасын қара. Шығарылған төртбұрыштарды толтыр.






2.2.20. Тапсырма.

Дискінің магнитті бетінің құрлысыныңсхемасыныың суретін аяқтап салу және төртбұрыштарды толтыру керек.

Магниттік дискіде ақпарат қалай орналасады?






Жаз және суретін сал



Компакт-диск - бұл металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады
жүктеу 264,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау