Мақсаты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Тапсырмалар жүйесі
|
Күтілетін нәтиже
|
1.Білімділік
|
«Минералды тыңайтқыштар» тақырыбына қайталауды ұсынады.
|
Өзара сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптар бойынша алға білімдерін тұжырымдайды, дәлелдейді.
|
Жалпы сыныппен жұмыс
Өткенді саралау:
Минералды тыңайтқыштар дегеніміз не?
Өсімдік құрамына неше химиялық элемент кіреді?
Өсімдікке қажетті ауадан және судан алынатын элементтер
қандай?
Тыңайтқыштар құрамына қарай қандай болып жіктеледі?
«Кім жылдам ойыны»
Қанша бейметалл элемент бар?
Қандай бейметалл элементтер оргоногендер
қатарына жатады?...
3. Азот тыңайтқыштарының маңызы.
4. Фосфор тыңайтқыштарының маңызы.
5. Калий тыңайтқыштарының маңызы.
6. Органикалық тыңайтқыштарға нені жатқызуға болады?
7. Елімізде тыңайтқыш өндірістері қай қалаларда орналасқан?
8. Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар
алудың негізін қалаған Қазақстандық ғалым, академик...
Минералды тыңайтқыштарды қандай жағдайларды ескере
отырып қолдану керек?
10. Преципитат дегеніміз не?
|
Өткен тақырыпты саралап, алған білімдерін тексереді, жалпылайды.
|
2.Түсіндіру
|
Мұғалім мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады. Сабақтың тақырыбын ашу.
Проблемалық сұрақ: Менделеев үйі,4 подъезд, 2 қабат, 6 пәтерінде тұратын элемент?!
|
Жаңа сабақтың тақырыбына мақсат қояды. Оқушылар тақырыпты өздігінен меңгереді.
|
Көміртектің химиялық қасиеті:
0 +4
А) Тотықсыздандырғыш қасиеті: С -4 е- → С
Өзгерісті жүзеге асыр.
СО ← С + СuO →
↓
СО2
0 -4
Б) Тотықтырғыш қасиеті: С + 4е- → С
С + ?→ СН4
В) Белсенді металдармен немесе олардың оксидтерімен
әрекеттесіп, карбидтер түзеді.
Са + С
СаО + С →
|
Оқуышлар тақырып бойынша өзіндік білім алады.
|
3. Пайдалану
|
Пәнаралық байланысты ұйымдастыру.
Сергіту сәтін өткізу.
|
Оқушылар тақырып бойынша жұмыс істеп, өз түсінгендерін баяндайды.
|
Деңгейлік тапсырмалар:
«5» деген баға:
№1. 1 моль NaHCO3 қыздырғанда(қ.ж) СО2 қандай
көлемі түзіледі?
№2. 15% қоспасы бар 200г СаСО3 ыдырағанда
Қ.ж. Неше литр СО2 бөлінді?
«4» деген баға:
№1. Өзгерісті жүзеге асырыңыз
С → СО → СО2 → Na2CO3 →NaCl
№2. Адам тыныс алғанда сағатына 54 г СО2
шығарады. Көмірқышқыл газының көлемі
қанша болады?
«3» деген баға
№1.Метандағы (СН4) көміртектің
массалық үлесі қандай?
№2. СН4 , СО2, СО, С тотығу
дәрежелерін анықта.
|
Өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдысы қалыптасады.
|
4. Талдау
|
Топ жетекшілері, консультант оқушылар арқылы деңгейлік тапсырмалар
ұйымдастырады.
|
Үлгерімі төмен оқушылар жеке дара тақырыпты меңгере алады, дарынды оқушылар өз білімдерін ары қарай жетілдіре алады.
|
1. Адсорбция дегеніміз не?
2. Көміртектің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар?
3. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка
түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру
арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?
4. Техникада “құрғақ май” ретінде қолданылатын зат.
5. Көміртектің металдармен қосылысы
қалай аталады?
6. Алмаздың кристалдық торының пішіні қандай?
|
Оқушының дер бестігі,өз-өзіне сенімі қалыптасады
|
5. Пайымдау
|
Жеке оқушылар ойын жинақтап, түйін түю әрекетін жасайды.
|
1.топпен жұмыс.
2.өтілген тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
|
Кубизм әдісі арқылы қорытындылау.
1. көміртектің физикалық қасиеті жайлы не түсіндің?
2. көміртекті қайда қолданады?
3. көміртек табиғатта қайда кездеседі?
4. көміртекті қандай әдістермен алады?
5. көміртектің маңызды қосылыстары?
6. көміртектің екі оксидтерін өзара салыстыр.
|
Өз білімін бағалауға дағдыланады, сыныппен арадағы ынтымақтастық пайда болады.
|
6. Бағалау
|
Қойылған проблеманың өзі үшін құндылығының неде екендігіне көзін жеткі
зу.
|
оқушылар өздерін бағалайды.
|
|
Алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады.
|