Дәстүрлі композиция. Әңгіме құрылымының қарапайым сюжетке құрылуы. Оқиға себеп-салдары айқын іс-әрекеттер желісінде баяндалады. Мұндай әңгімеге баяу, егжей-тегжейлі баяндау тән. Бұл кейіпкердің психологиясына тереңірек үңілуге, оқырманға өзін кейіпкермен теңестіруге, кейіпкердің орнында болып, жан-дүниесін сезінуге, бірге уайымдауға мүмкіндік береді. Баяндаудағы реттілік оқырманның назарын болып жатқан көрініске шоғырландыра алады.
Оқиға ішіндегі оқиға. Дәстүрлі композициядан әңгіменің басында және соңында авторлық түсініктеменің (обрамление) болуымен ерекшеленеді. Автор одан әрі әңгімеуші кейіпкерді оқырманға ұсынады. Осылайша, әңгімеге қос авторлық көзқарас пайда болады. Автор әңгімелеуші кейіпкерден қарағанда барлық ақпараттан толық хабардар және өз оқиғасының судьясы, комментаторы қызметін атқарады. Мысалы, «Боранды бекет» шығармасындағы «Найман-Ана» оқиғасы.
Новеллистикалық (хикаялық). Уақыт, орын және іс-қимылдың үштұғырлығы сақталады. Тұрмыстық проза тән. Мінездің дамуы да, жағдайдың өзгеруі де жоқ: бұл өмірден алынған сурет. Автор бір оқиғаға ғана тоқталып, оны қоршаған кеңістікті жан-жақты, толық қарастырады.
Өрілген композиция. Онда іс-әрекет те, оқиғалардың тізбегі да бар, бірақ әңгіме арнасы басқа бағытқа бұрылып отырады. Автор өткен уақытқа оралады да, қайта болашаққа көз жүгіртеді, кеңістікте бір кейіпкерден екіншісіне жылжиды. Осылайша кеңістік пен уақыт ауқымдылығына қол жеткізіледі, әртүрлі құбылыстардың өзара байланысы ашылады.
Шытырман оқиғалы композиция. Кейіпкердің тағдыры (өмірі мен өлімі) шешілетін ең маңызды оқиға әңгіменің соңында бір-ақ беріледі. Екі кейіпкердің арасындағы шиеленіс соңында шешімін табады. Шығарманың шешімі шарықтау шегінде көрінеді.
Оқиға байланысының түрлері:
Негізгі бөлімді жазу тәсілдері
Оқиғалардың орнын алмастыру немесе өткенге шегініс (флешбэк) жасау
Бағанға шығармадағы оқиғаларды хронологиялық тәртіпте жазыңдар.
Бұл бағанға оқиғалардың орнын ауыстырыңдар.
Оқиғалардың орнын алмастыруда шиеленіс неден/қалай туындайды?
Кейіпкерлердің ұстанымдары, көзқарастары өзгерді ме?
Оқиғалардың орнын өзгерту шығарманың шешіміне қалай әсер етті?
Шығарманы ары қарай ойластырып, жалғастырып, соңғы нүктесін қойыңдар.
Шегініс көбінесе еске түсіру формасында болады: қандай да нысан, зат, дәм, дыбыс немесе иіс кейіпкерді өткенге қайта оралтады.
Флешбэк тәсілі арқылы оқырманды өткенге кері шегіндіруге болады. Бұл өткенге орала отырып, қазіргі уақыттағы шиеленісті түсіндіруге көмектеседі.
ИДЕЯ ГЕНЕРАТОРЫ
Әрбір хикаят идеядан бастау алады. Кей сәтте оның бастамасы бір сөз немесе сурет болуы мүмкін.
Нұсқаулықты қолданып, «Идеялар генераторын» құр.
Достарыңызбен бөлісу: |