Сабақтың тақырыбы: Жастық құрақ құрау. Білімділік мақсаты



жүктеу 1,42 Mb.
бет1/2
Дата14.11.2018
өлшемі1,42 Mb.
#19643
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы: Жастық құрақ құрау.

Білімділік мақсаты: Технологияда қазақтың тарихын ескере отырып, халық дәстүрін қолдану және техникалық мәлімет беру. Қазақ халқының ұлттық бұйымдарымен таныстыру. Ұлттық бұйымдарды жасап үйрету, әсемдікке, шеберлікке, үнемділікке, ептілікке баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың эстетикалық талғамын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Еңбекке қызыушылығын, іскерлігін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету. Практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Ұтымды әсем қазақтың қолөнер бұйымдарын жасай білуге іскерліктерін дамыту.

Сабақтың жабдығы: Мата түрлері, ине, жіп, оймақ, сызғыш, бор, өлшем бауы.

Сабақтың көрнекілігі: Технологиялық карта, құрақ түрлерінен буклет, мата түрлерінен (коллекция) тігіс түрлерінен буклет. Плакатта сызба ойындар.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау. Матамен жұмыс жасау. Оқушыларға берілген үй тапсырмасын сұраққа жауап алу арқылы тексеру.
Сұрақтар:

1. Ал балалар іс тіккенде қандай құралдар қажет?

Жауап: Оймақ , ине, өлшем бауы, жіп, сызғыш, бор.

2. Іс тіккенде оймақты қай қолдың қандай саусағына киеміз? Қайшыны қай қолға ұстаймыз және қандай саусаққа дөңгелегін ептілеп енгіземіз?

Жауап: Іс тіккенде оймақты оң қолдың сұқ саусағына киеміз (жазу жазатын қол). Қайшыны, инені оң қолдың сұқ саусағымен ұстап қайшыны оң қолдың сұқ саусағымен бас бармағына дәлдеп дөңгелегіне кигіземіз.

3. Оймақты не үшін киеміз?

Жауап: Оймақты инеден қолды жарақаттамау үшін киеміз.

4. Инені сабақтағанда жіптің ұзындығы қандай болу керек? Сабақтаған иненің жібінің ұшын неге түйеміз?

Жауап: Жіптің ұзындығы 30-40 см-дей немесе саусақтан шынтаққа дейін болуы керек. Сонда жіп тым ұзын болмағаннан кейін іс тіккенде түйіліп қалмайды. Жіптің ұшын ине өткен жерден жіп шығып кетпеу үшін түйеміз.

5. Іс тіккенде қандай талаптарды орындау керек?

Жауап: Іс тіккенде бөлме жарық, үстел тегіс, және іс тіккенде орындыққа дұрыс отыру керек.

6.Тігіс әдемі болуы үшін қандай таллаптарды орындау керек?

Жауап: Тігіс әдемі болуы үшін инені дұрыс ұстап, тігетін жерді бормен сызып алу керек немесе матадан сол жердің жібін тартып суырып алу керек.

7. Ал балалар тігістің қандай түрін білесіңдер?

Жауап: Жөрмеу, көктеу, кестелеп тігу, көмкеру, қайып тігу, торлап тігу тағы басқалар. (Тігіс түрлерінен буклет көрсетіледі).

8. Ал бұйымды біз тіккенде бірінші қандай қол тігісімен тігеміз?

Жауап: Барлық бұйым пішілген соң көктеу тігісімен біріктіріледі?

9. Көктеу деген қандай тігіс? Неге біз бұйымды көктейміз?

Жауап: Көктеу дегеніміз бұйымды тігер кезекте инені ілгері шаншу арқылы пішінді бөлшектерді біріктіріп тігу арқылы қолданатын қарапайым тігіс түрі. Көктеу тігісі матаның астарлық жағынан біріктіріліп тігіледі. Бұйымды көктеу себебіміз тігілетін заттың дұрыс қатесін, анықтау үшін жай тігіспен көктейміз. Дайын бұйымды көктеп болғаннан кейін дұрыс болса тігін машинасымен тігеміз. Көктелген тігістің жіпті суырып сөгеміз.

10. Ал балалар матаның қандай түрін білесіңдер? (Мата түрлернен коллекция көрсетіледі және маталардың атаулары сұралады).

Жауап: Ләйлә, мақпал, жібек, пүліш, торғын, шұға, барқыт, атлас, парша, кребдешен, шыт, ләмбек, т.б.

11. Жіптің қандай түрлерін білесіңдер?

Жауап: Тоқыма жіп, кесте жіп, іс тігетін жіп, т.б. (Жәп түрлернен коллекциясы булклет көрсетіледі)

12. Матаны пішкенде қандай талаптар қойылады?

Жауап: Матаны пішкенде үнемділік, эстетикалық талаптар қойылады. Матаны үнемдеп қию керек және эстетикалық талапқа сай әдемі түсі үйлесімді сәнді матамен пішу керек.

13. Матаны пішіп болғаннан кейін, матаның пішінді бөлшектерін орналамтыру барысында қандай талаптар қойылады?

Жауап: Пішінді бөлшектерді дұрыс орналастыру үшін әсемдік талаптар қойылады.

14. Ал балалар сендердің үйлеріңде тұрмыста қолданып жүрген мата өнімдерінен жасалған қандай бұйымдар бар?

Жауап: Құрақ көрпелер, қоржын, оюлы тұскиіз, бөстек т.б

Енді балалар сендер іс тіккенде қойылатын талаптарыңды қалай орындауларың керек және іс тіккенде қандай әзірліктеріңнің бар екенін үй тапсырмасын сұрау арқылы білімдеріңді тексердім.

15. Біз іс тіккенде қандай қауіпсіздік ережесін есте сақтай білуіміз керек?

Жауап: Қайшымен, инемен, тігін машинасымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережесін орындауымыз керек.


Жаңа сабақтың тақырыбы: Жастық құрақ құрау.

Көрпелер құрақ көрпе, көрпеше және жамылғы көрпеше деп бөлінеді.

Құрақ көрпе түрлі-түсті ұсақ мата қиындыларынан біріктіріліп жасайтын бұйымның түрі. Төсеніш ұзындығы 2-3 м, ені 80 см-1 м көлемінде болады. Тұрмыста қолданатын көрік беретін сәнді бұйымдардың бірі.

Ал енді құрақ көрпеше дегеніміз не?

Құрақ көрпеше дегеніміз шағын түрлі – түсті мата қиындыларына тігілген ішіне мақта немесе ватин тартылған диванға, креслоға салатын үй жиһазы.

Жамылғы көрпе дегеніміз бір түсті немесе түрлі түсті матадан тігілген ұзындығы тұтас алынып тігілетін бұйым. Оның ұзындығы 2-2,5 м, ені 180-200 см болады.

Ал енді балалар сендерді құрақ көрпенің түрлерімен таныстырайын. (Құрақ көрпелерден буклет көрсетіледі).

Құрақ көрпелер. Алма кезек 8 жапырақ, бастырма құрақ, саты құрақ, жұлдыз құрақ, қайшы құрақ, гүл құрағы, аққу, шахмат, ботакөз, ат құлақ, алма кезек құрақ, алты қырлы доп құрағы т.б.

Міне балалар сендер буклеттен құрақ көрпелердің геометриялық фигуралар арқылы құралғанын көріп отырсыңдар. Ертеде адамдар геометрияны оқымаса да жазу сызуды білмеседе, түрлі фигураларды сәнді орналастыру арқылы үй бұйымдарын жасай білген.

Суретте көрсетіліп отырған үлгілер бойынша жастық көрпенің жасалу жолдарын түсіндіріп өтейін.


Жастық құрақ көрпе құрау үшін:

1. 30х30 екі түсті ашық бірыңғай түсті мата алынады.

2. Төртбұрышты фигуралар жиынтығын есепке алып екі түсті бірін-бірі ашатын жастыққа ұқсас төртбұрыш қиындыларын қиямыз. Маталардың жұқалығы, қалыңдығы бірдей болуы керек. Матаны жайып 6х6 см төртбұрыш нүктелерін белгілейміз. Белгіленген нүктелерді бормен сызамыз. Борлау сызығы бойынша фигураларды қайшымен қиямыз.

3. Қиылған бөліктерін 2 түсті матамен қиылған төртбұрыш фигураларды кезектестіріп көктейміз. Көктеу сызығы астарлық жағынан 1 см көлемінде көктеледі. 2 түсті маталардың қиындыларын көктегенде әр сатыда төртбұрыштардың қиындылар бойынша орындарын ауыстырып 4 немесе 6 қатар әзірлеп көктейміз.

4. Құралған құраққа астарлық мата пішеміз. Астарлық матаны құраққа қосып тігін машиансымен тігеміз. Құрақ көрпенің барлық бөліктерін көктеп болғаннан кейін тігін машинасымен біріктіріп тігеміз. Көктелген жеңіл тігіс түрі көктеу жібін суырып аламыз. Құрақты үтіктеу арқылы артық бөліктерін қиып ішкі бөліктерін әзірлейміз.
Құрақтың ішкі бөлігін әзірлеу.

1. Дайын құрақты өлшеп соған төртбұрышты жұқа матадан мақта тартатын ішкі бөлігін тігеміз. Осы төрбұрыш ішіне ватин, жүн, мақта салып тігеміз. Осы тыс ішіне салынған затты қолмен біріктіріп сырып тігеміз.

2. Дайын сырылған тысты құрақ көрпешенің ішіне енгіземіз. Сыртқы тысын кигіземіз. Мінеқұрақ көрпе дайындау әдісі осындай операциялардан тұрады. Келесі сабақта осы теория жүзінде алған білімімізді практика жүзінде іске асырып шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.
Қорытынды:

1. Жастық құрақ деп неге атаймыз?

Жауап: Ірі төртбұрыш қиындыларынан құралған жастыққа ұқсас құрақ көрпе.

2. Құрақ қанша түсті матадан әзірленеді?

Жауап: 2 бірыңғай түсті,қалыңдығы бірдей мата қиындыларынан әзірленеді.

3. Пішінді бөлшектерді қалай орналастырамыз?

Жауап: 2 түсті матаны кезектестіріп әр қатарда орналастырамыз.

4. Құрақ неше қатар бойы құралады?

Жауап: 4 немесе 6 қатар.

5. Құрақ көрпеге не үшін жүн,мақта,ватин саламыз?

Жауап: Жылы қалың және жиырылып кетпеу үшін саламыз.

Енді бүгінгі құрақ құрауға байланысты сөзжұмбақты шешейік.

Сұрақтар:

1. Ою өрнекке сән беретін бархыт тектес мата.

2. Төсеніштің тұсына құрайтын әшекейлі кілемше.

3. Бұйымдарды көктеп тігу әдісіне ұқсас тігіс.

4. Құрақты әзірлеуге қажет құрал

5. Қиылған құрақ қиындыларын орналастыру,біріктіру әдісін ата.


м

а

қ

п

а

л







т

ұ

с

к

и

і

з

ж

ө

р

м

е

у










қ

а

й

ш

ы




қ

ұ

р

а

у

Құрақ көрпе атауларына байланысты жұмбақтар шешу.Ойлау қабілетін дамыту.

№1.

3 бұрыш та мұнда бар,



4 бұрыш та мұнда бар,

Ромбы да мұнда бар,

Барын жиып құрасақ,

Сәнді бұйым шығады

(8 жапырақ)

№2

Түрлі түсті матадан



4 бұрыштар құралған.

Кезектесіп бұрыштар

Сәнді бұйым құраған

(жастық құрақ)

№3.

Әдебиет сабағына байланысты тіл дамытуға ойын ойнау. 2 түсті қағаз қиындыларынан жастық құрақ көрпе сияқты ірілеп қиып, осы қиындыларды буынға бөліп мына мақал-мәтелдерді жазып белгілі бір жүйе бойынша ұйқастырып орналастыру керек.



Өн-ер-лі-нің

10 сау-са-ғы тең

Өн-ер-сіз-дің

1 сау-са-ғы кем.

Буынға бөлініп жазылған сөздерді белгілі жүйе арқылы орналастырғанда өнер туралы мақал шығады және 2 түсті қиындылардан әзірленген жастық құрақ үлгісі шығады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Жастық құрақ құрау

Құрақ көрпелердің түрлері






жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау