1. Қатты дәрілік түрлер.
Қатты дәрілік түрлерге:
таблеткалар, драже, ұнтақтар, гранулалар, капсулалар, пилюлдер жатады.
Таблеткалар-Tabuletta
(Таблетка-Nom.sing. Tabuletta, Acc.sing.Tabulettam, Acc.pl. Tabulettas,Abl.pl.in tabulettis)
Таблеткалар деп-дәрілік зат пен қосымша заттарды нығыздау тәсілімен алынатын, ішке қолданылатын мөлшерге бөлінген қатты дәрілік түр. Олардың кейбір түрлерін сыртқа (алдын ала еріткеннен кейін) қолданылады. Таблеткалар ыңғайлы дәрілік түр болып табылады: олар ұзақ мерзім сақталып, препараттардың жағымсыз дәмін жасыратын портативті қасиеті бар. Таблеткаларды фармацевтикалық өндірістерге арнайы машиналардың көмегімен дайындайды. Қосымша зат ретінде қант, крахмал, натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді, какао, желатин ерітіндісі, су, спирт және т.б. қолданылады. Ұзақ мерзім сақталған таблеткаларды қабылдау алдында олардың ыдырағыштығын тексеру қажет. Таблеткалардағы дәрілік заттарға рецепт жазғанда жазылымның екі түрін қолдануға болады. Кеңірек таралған түрінде дәрілік заттың аты және оның бір реттік мөлшері көрсетіліп, тағайындалатын таблеткалардың саны жазылады, D.t.d. N…in tabulettis. (осындай мөлшерде таблеткаларды... номерімен босат) және сигнатурасы көрсетіледі.Рецепт үлгісі 0,00025 дигоксиннің (Digoxinum) 12 таблеткасына рецепт жазыңыз. Күніне 1 таблеткадан 2 рет белгілеу үшін.
1-ші нұсқа
Rp.: Digoxini 0,00025
D.t.d. N. 12 in tab.
S.1 таблеткадан күніне 2 рет.
Жазылымның екінші нұсқасында дәрілік түрдің атауы табыс септігінің жекеше түрінде (Tabulettam Асс. sing) сөзімен басталып, дәрілік заттың аты және оның бір реттік мөлшері жазылады.Таблеткалардың саны-D.t.d.N… (Осындай мөлшерлерді... номерімен бер) және сигнатурасы көрсетіледі.
2-ші нұсқа
Recipe: Tabulettam Digoxini 0,00025
Da tales doses N. 12
Signa. 1таблекадан күніне 2рет
Немесе
Rp: Tab. Digoxini 0.00025 N. 12
D.S. 1таблеткадан күніне 2рет
Құрамына 2 немесе одан да көп дәрілік заттары бар таблеткаларға жоғарыдағы көрсетілген нұсқауларды қолдану бойынша рецепт жазылады.
Рецепт үлгісі
Мөлшері 0.25 амидопирин ( Amidopyrinum ) және бутадионан ( Butadionum ) тұратын 20 таблеткаға жазыңыз. 1 таб. күніне 3 рет белгілеңі
Rp.: Amidopyrini
Butadioni aa 0.25
D.t.d N.20 in tab.
S. 1таб. күніне 3 рет белгілеңіз
Құрамына бірнеше дәрілік заттар кіретін кейбір таблеткалар арнайы коммерциялық атаумен шығарылады. Мысалы: «Аэрон» таблеткалары, «Пенталгин» таблеткалары ( Tabulettae «Aeronum». Tabulettae «Pentalginum» ). Бұл таблеткаларға рецепт жазғанда, алдымен дәрілік түрдің атауы табыс септігінің көпше түрінде ( Tabulettas Acc. pl. ), таблеткалардың аты септігінде жазылып, олардың саны көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
«Никовериннің» ( «Nicoverinum » ) 20 таблеткасына рецепт жазыңыз. 1 таблеткадан күніне 2 рет.
Recipe: Tabulettas « Nicoverinum » N. 20
Da. Signa. 1 таб. күніне 2 рет
Достарыңызбен бөлісу: |