Тұнбалар мен қайнатпалар – Infusa et Decocta
(Infusa et Decocta
(Тұнба- Nom. sing. Infusum, Gen. sing Infusi;
Қайнатпа – Nom. sing. Decoctum, Gen. sing. Decocti)
Тұнбалар мен қайнатпалар - дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын сулы сығынды болып табылатын сұйық дәрілік түр.
Тұнбалар өсімдіктердің жұмсақ жер бетіндегі бөліктерінен жапырағы, гүлі, шөбінен дайындалады. Қайнатпаларды әдетте қатты тығыз өсімдік бөліктерінен : қабықшадан, тамыры мен тамырсабағынан,
Тұнбалар мен қайнатпалар дәріхана жағдайында науқасқа босатар алдында дайындалады. Тез бұзылуына байланысты салқын жерде сақталып, 3-4 күн ішуге ғана дайындалады. Тұнба мен қайнатпа рецепте тек қысқартылған түрінде жазылады.
Жазылымда дәрілік түрдің атауы ілік септігінде жекеше түрінде Infusi (Тұнбасын) Decocti (Қайнатпасынан ) деп көрсетіп, дәрі дайындалатын өсімдік бөлігі (жапырағы, шөбі, тамыры және т.б. ), өсімдік атауы ( бас әріппен), өсімдік шикізатының мөлшері және тұнба мен қайнатпаның жалпы мөлшеріне қатынасы сызықша арқылы жазылады. Соңынан D.S. (Бер, Белгіле) көрсетіледі. Сигнатурасында тұнба немесе қайнатпаның бір рет қолданылатын мөлшері, қолдану әдісі және жиілігі көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
0,6 термопсис шөбі herba thermopsidis) тұнбасының 180 мл жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 3 рет белгілеңіз.
Recipe: Infusi herbae Thermopsidis 0.6 – 180 ml
Da. Signa. 1 ac қасықтан күніне 3 рет.
МФ – да қатынас түріндегі тұнба мен қайнатпалардың концентрациясының тізімі көрсетілген.
Рецепт үлгісі
1: 30 жалынгүл шөбінің ( herba Adonidis Vernalis) тұнбасын 3 күнге жазыңыз. 1 ас қасықтан күніне 4 рет белгілеңіз.
Есептеу:
1 ас қасық = 15 мл 1-30 мл
15 мл * 4 рет = 60 х- 180 мл
60 мл * 3 күн = 180мл х= 180 / 30 =6,0
Rp: Infusi herbae Adonidis vernalis 6.0 – 180 ml
D.S. 1 ас қасықтан күніне 4 рет .
Кейде рецепте дәрілік шикізаттың мөлшері көрсетілмеуі мүмкін. Ондай жағдайда 1: 10 қатынасы бойынша есептейді.
Рецепт үлгісі
Емен қабығының ( cortex Quercus) қайнатпасынның 200 мл жазыңыз.
Rp: Decocti corticis Quercus 200 ml
D.S. Шаю үшін.
Дәріханада 200 мл қайнатпа дайындау үшін 20,0 емен қабығын алады.
Шаншуға арналған ерітінділер – бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту жолымен алынған, инъекция түрінде енгізуге негізделген сұйық дәрілік қалыптар. Инъекцияға арналған ерітінділер емдеу мекемелерінде дайындалатын дәрілердің 60% құрайды.
Дәрілік заттарлы тері арқылы еңгізуді 1785 жылы дәрігер Фуркруа іске асырды. Ол теріде тілінді жасап оған дәрілік затты еңгізді. 1852 жылы чех дәрігері Правац қазір қолданылып жүрген екпе инені ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |