Рецепт үлгісі
0,02% фурацилиннің (Furacilinum) сулы ерітіндісінің 500 мл жазыңыз. Жараны жуу үшін белгілеңіз Пайызбен көрсетілген ерітіндінің концентрациясы
1. Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде
Rp: Sol. Furacilini 0,1-500 ml
D.S. Жараны жуу үшін
2.Қатынасы бойынша (1:1500)
Rp: Sol. Furacilini 1 : 5000 -500 ml
D.S. Жараны жуу үшін
3. Пайыз бойынша (%)
Rp: Sol. Furacilini 0,02 (%) -500 ml
D.S. Жараны жуу үшін
Майлы немесе спиртті ерітнділерге рецепт жазуда дәрілік түрің атауы (Solutionis), ілік септігінде дәрілік заттың атынан соң оleaso (майлы) немесе spirituosae (спиртті) деп көрсетіліп, концентрациясы мен ерітіндінің мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
100 мл 10 % камфораның (Camphora) майлы ерітіндісіне жазыңыз. Буын аймағын сүрту үшін белгілеңіз.
Rp.: Solutionis Camphorae oleasae 10%-100 ml
D.S. Буын аймағына сүрту үшін. 2. 50 мл 1%бриллиантты жасылдың (Viride nitens) спиртті ерітіндісіне жазыңыз. Терінің зақымдалған аймағын сүрту үшін белгілеңіз.
Rp: Solutionis Viridis nitentis spirituosae 1 %- 50 ml
D.S. Терінің зақымдалған аймағын сүрту үшін
Ерітіндіні дайындау барысында қандай да бір сұйық май немесе спирттің белгілі концентрациясын еріткіш ретінде қолданғанда жазылымның толық түрінде жазылады. Ол кезде еритін зат, оның мөлшері бөлек жазылып, ал келесі қатарда еріткіш және оның мөлшері көрсетіледі. Соңынан M.D.S (Misce. Da. Signa.-Араластыр. Босаи. Белгіле.) деп жазылады.
Рецепт үлгісі
50 мл вазелин майында дайындалған 10 % анестезин (Anaesthesinum) ерітіндісіне жазыңыз.
Есептеу: 10,0-100 мл
Х-50 мл
Х=500/100=5,0
Rp: Anaesthesini 5,0
Oliel Vaselini ad 50 ml
M.D.S. Жара бетіне жағуға.
«ad»-«дейін» деген мағына береді. Ол жазылымның толық түрінде жазылып, ерітілетін дәрілік затқа еріткішті ерітіндінің жалпы мөлшеріне дейін қосылатынын көрсетеді.
Көз тамшылары ретінде (Guttae ophthalmicae) дәрілік заттың сулы немесе майлы ерітінділері пайдаланылады. Бұл дәрілерге рецепт сыртқы тәнге арналған ерітінділерге рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Коньюнктиваға 1-2 тамшыдан тамызу үшін белгіленеді.
Официаналды ерітінділердің концентрациялары көрсетілмей (тек ерітіндінің атауы мен оның мөлшері көрсетіледі) жазылады.
Рецепт үлгісі
100 мл сутегі асқын тотығының официнальды ерітіндісіне (Solutio Hydrogenli peroxydil dilutae) жазыңыз. Шаю үшін (1 стакан суға 1 ас қасық ерітінді) белгілеңіз.
Rp: Sol. Hydrogenil peroxydi dilutae 100 ml
D.S. 1 ас қасығын 1 стакан суда ерітіп, шаю үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |