ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тірек білім мен біліктерді тексеру: Оқушыға жай және күрделі зат ұғымдарын ажырата білуі үшін төмендегі тапсырманы беремін
1. Оқулықтан жай және күрделі заттқа берілген анықтаманы тауып, өз бетіңше қайталап айт.
2. Тақтада берілген төмендегі заттардың ішінен жай, және күрделі заттардың аттарын көшіріп жаз: алюминий, мыс оксиді, су, көмір қышқыл газы, оттегі, темір, темір сульфиді,сынап оксиді, азот.
Жаңа материалды оқыту: «Жиксо» әдісі арқылы мәтін мен танысуды тапсырамын.Оқушылардың судың және көмір қышқыл газының модельдері арқылы олардың құрамын қайталап талдап, бүкіл заттардың құрамын модел арқылы көрсету қолайсыз екенін біледі. Одан кейін химиялық символиканың шығуының қысқаша тарихымен таныстырып, 3-4 элементтің таңбасын жазамын. Оқушыларға мынадай тапсырма беремін: оқулықта берілген 2- кестемен зейін қойып таныс.
Дәптрге а) металдың ә) бейметалдың таңбасын жаз және атауға жаттық. Оқушыларға химиялық элемент атомдардың белгілі бір түрі екендігін атап өтіп, қазіргі кезде109 атомның түрі немесе элементтің түрі бар дейміз.
Оқушылар назарын химиялық элементтің атом түрі ретінде жай заттарды құрайтынын, сонымен бірге күрделі босқа элементтермен бірге күрделі заттың құрамына ене алатындығын көрсетемін .
Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдарын ажырата білуі үшін оқушыларға мынадай жаттығу орындатамын.
Төмендегі сөйлемдердің қайсысында темір және зат ретінде, ал қайсысында темір элемент ретінде күрделі зат құрамында айтылады: а) темір сульфиді - бұл темір мен күкірттен құралған химиялық қосылыс: ә) таттың құрамында темір болады:б) сым темірден жасалады:в) темір ылғал ауада таттанады:
зертханалық тәжірибе
1.Металдар мен бейметалдар үлгілерімен танысып ,олардың сыртқы түрін сипаттандар.
2.Берілген күрделі заттарды қарап,олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріндер.
Жаңа материалды бекіту:
1.Тапсырманы орында: Оқулықтан 12-жаттығуды орындау.
2.Химиялық элемент және жай зат деген ұғымдарды ажырата білу үшін төмендегі тапсырманы орындайды.
Мына сөйлемдердің қайсысында мыс жай зат, қайсысында химиялық элемент ретінде айтылады:а) мыс купорасының құрамында мыс болады:
ә)сым мыс тан жасалған:
б) мыс оксидінің құрамында мыс болады:
в) мыс электр тогын жақсы өткізеді.
3. Мына элементтерді ата:
1 нұсқа: H, ........... AІ................ Na, .................. N
2 нұсқа: S, ........... Zn,.............. O, .................. Mg
3 нұсқа: Ca, CІ, Fe, P
1.Магнийдің үш атомынан және азоттың екі атомынан тұратын қосылыстың формуласын жазыңыз. Осы қосылыстың салыстырмалық молекулалық массасын есептеп шығарту.
2.Мына жазбадан нені көреміз: 5H2, 6С, 5S, P2O5, Cu, 2H2?
3.Бинарлы қосылыстың формуласын құрыңыз: темірдің екі атомына, оттегінің үш атомы сәйкес келеді.
4.Химиялық таңбаларды пайдаланып формулаларды жазыңыз: мыстың екі атомы; хлорсутектің үш молекуласы; судың бес молекуласы; азоттың екі атомынан тұратын бір молекуласы.
Үйге тапсырма беру. §1 1-10 жаттығу. .
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі заттар.Салыстырмалы атомдық масса.
Салыстырмалы молекулалық масса №1 көрсетілім /1.2/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Жай және күрделі заттар . Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық масса туралы ұғымды түсіндіру.
Дамытушылық: химиялық элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйрету.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Оқулықтан 2-кестені қолдану.Электрондық оқулық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, жүйемен жұмыс.
Тірек білім мен біліктер: атом, салыстырмалы атомдық масса, химиялық элемент, массаның атомдық бірлігі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін тапсырмалар беру:
Химиялық диктант жүргізу. Оқушыларға біршама элементтердің латынша айтылуын айтамын, ал олар дәптерге таңбаларын жазады:плюмбум,аурум,силициум,цинк,гидраргирум,купрум,гидрогениум, оксигени- ум, ферум,карбонеум,нитрогениум,станнум,аргентум т.б. Содан соң кейбір элементтердің оқылуын айтамын: эн,це,эс,о,аш,пэ,мыс,т.б
Химиялық элементтердің таңбасын латынша белгілеуді ұсынған қай ғалым?
Химиялық элемент ұғымын алғаш химияға енгізген ғалым?
Химиялық элемент дегеніміз не?
Молекула және атом дегеніміз не?
Химиялық элементтерді неше топқа бөлеміз?
Жаңа материалды оқыту: Салыстырмалық атомдық масса. Vl сыныптың физика курсынан масса ұғымы белгілі екенін ескеріп, оларды мынадай сұраққа жауап беруін сұраймын.
Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?
Атомдардың массасы өте кіші болғанымен олардың сандық мәні дәлдікпен анықталған. Мысалы ең жеңіл атом атом сутегінің атомдық массасы:
mа (H)=1.66*10-24 г немесе 1,66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:
mа (O)=2.66*10-23 г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.
Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі, массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .
Массаның атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі атомның массасы:
2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі
20*10-26kг =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.
Осы мәнді м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде relative- “салыстырмалы ” деген мағына береді ).
Мысалы оттегі үшін:
Ar=2.66*10-23 = 16
0.66*10-23
массасының атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған атомдар массасынан салыстырмалы атомдық массаның өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.
мысалы; mа (H)=1м.а.б. Аr (H) =1
та (O)=16 м.а.б. Ar (O ) =16
та (S)=32 м.a.б. Ar (S) =32
Демек сутегі атомның массасы көміртегі атомның массасына 1/12 бөлігіне тең екенін, ал оттегі ал оттегі атомның массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан ауыр екенін көрсетеді.
Химиялық формуланын көмегімен жай және күрделі заттардын құрамын қалай білу керек екеніне тоқталамын.
Химиялық формула – заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді.
Химиялық формула арқылы салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:
Мr (H2O) = (2•1)+16=18
Заттың формуласы бойынша мыналарды білуге болады:
Жай немесе күрделі зат.(бір немесе бірнеше атом түрлерінен құралғандығын)
Сапалық құрамы (яғни атомдардың қандай түрлерінен құралған)
Сандық құрамы (яғни әр атом түрінің қаншасы кіреді)
Салыстырмалы молекулалық массасы (яғни берілген молекула массасы м.а.б-нен неше есе көп)
Элементтердің массалық қатынастары.
Төмендегі мысалдардан формула алдына қойылатын коэффиценттің және индекстің мәнін түсіндіреміз - 3O2, 4H20, 3P2O5, H2, 5H, 4H2.
Жаңа материалды қорытындылау:
1. Мыс атомының оттегінен,күкірттен,сутегінен қанша есе ауыр екенін есепте.
2. Неге атомдық массаны салыстырмалы ұғымда айтады? Жауабын математикалық жолмен көрсетіңіз.
3. Магний атомының массасы көміртегі атомының массасынан неше есе артық?
4. Оттегі атомы массасынан салыстырмалы атомдық массасы көп болатын үш элементті (Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі таблицасынан) көрсету.
5. Қандай мақсатта химияға «салыстырмалы атомдық масса» ұғымы енгізілген?
6. Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не? Осы анықтаманы айқындайтын формуланы жазу.
7. Салыстырмалы атомдық массалары 8 санынан кем болатын элементтерді атаңдар..
8.Жай зат азоттың N2 және күрделі зат көмір қышқылының H2CO3 салыстырмалы молекулалық масса сын есептеп шығарту.
9.Кальций фосфатының Са3(РО4)2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарту.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. §8 1-10 жаттығу.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар. Химиялық элементтердің валенттілігі.Зат құрамының тұрақтылық заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға заттың құрамын химиялық формуламен жазуға болатынын дәлелдеу.Ол заттың құрамына қандай элемент, оның қанша атомы өзара қандай қатынаста кіретінін,валенттілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Заттың химиялық формуласы арқылы, оның салыстырмалы молекулалық массасы есептеуге оқушыларды машықтандыру, есептер шығара отырып ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Химиялық элементтер таңбасы жазылған кесте.Электрондық оқулық.
Сабақтың түрі: ізендіру, аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: деңгейлеп оқыту.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Химиялық элемент жайлы түсінікті нақтылап, олардың әрқайсысына тән белгілерін, жай және күрделі зат жайлы түсініктерін тексеру мақсатымен 10 минуттық тексеру жұмысы жүргізіледі.
1-тапсырма. Аттарына сәйкес келетін химиялық элемент таңбасын танып білу. (элемент аты жазылған карточканы көрсетіп , жаппай , жеке айтқызу).
2-тапсырма. Элемент таңбасына қарай отырып, атын ата (элемент атомының символын көрсету, оқушылар оның аталуын табады).
3- тапсырма. Бірнеше элемент символы көрсетіледі.Оқушылар оқулықтағы кестені пйдалана отырып, олардың салыстырмалы атомдық массаларын табады.
Жаңа материалды оқыту: Химиялық формуланын көмегімен жай және күрделі заттардын құрамын қалай білу керек екеніне тоқталамын.
Химиялық формула – заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.
Оқушыларды бейметалдардың сутекті қосылыстарының мысалында атом валенттілік терінің жаңа қасиеттерімен таныстыру. HBr, H2S, PH3, SH4, CH4, H2O, NH3.
Валенттілікке анықтама бергеннен кейін, жоғарыда көрсетілген заттардың формулалары жазылып, оқушыларды бромның, күкірттің, фосфордың, кремнийдің, көміртегінің, оттегінің және азоттың валенттіліктерін осы элементтер мен қосылған сутегі атомдарының жалпы саны бойынша анықтауға жаттықтыру жұмысы жүргізу.
2. Егер бір элементтің валенттілігі белгілі болса екінші элементтің валенттілігін табуға болатындығын Al2O3 мысалымен түсіндіремін
Оның алгоритмі ұсынылады. (бұл алгоритмді кесте түрінде тақтаға іліп қоюына болады)
1. Қосылыстың формуласы жазылады: Al2 O3 ; ІІ
2. Қосылыстағы оттегі атомының валенттігі белгілі, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3 ;
3. Оттектің валенттігін оның индексіне көбейтіп, алюминийдің индексіне бөлу:
ІІ * 3 = 6; 6 : 2 = III; ІІІ ІІ
4. Қосылыстағы алюминийдің валенттігі үшке тең, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3;
Тұрақты және ауыспалы валенттілік туралы түсінік беріледі. Оқушыларға дәптеріне тұрақты валенттілік сақтайтын элементтерді жаздырамыз.
I - валентті Na, K, Ag, H; IІ – валентті Mg, Ca, Ba, Zn, O; III – валентті Al
Элементтердің ауыспалы валенттілік көрсететіндігін дәлелдейміз. FeCl2, FeCl3, SO2, SO3, PbO2, CO, CO2 қосылыстарын мысалға ала отырып, бұл заттардың аталуындағы ерекшелікті түсіндіремін.Мысалы, көміртегі (II) оксиді, көміртегі (IV) оксиді.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.
Неге темір сульфидін алатын тәжірибені жасағанда массасы 4г күкірт пен массасы 7г темір өлшеп алады?
Неге 9г темір алмайды?
Атом, малекула деген ұғымдарды пайдалана отырып, темір сульфидінің бір молекуласы түзілу үшін темірдің бір атомы мен күкірттің бір атомы әрекеттесетініне көңіл аударады. Демек темір сульфиді түзілу үшін кез келген массасын алғанда темір мен күкірттің бірдей атом саны қатысады. Егер Ar/Fe/=56, Ar/S/=32, онда олардың массаларының қатынасы мынадай: 56:32=7:4
Массасы 7г темірде болатын атом саны, массасы 4г күкіртте де болады. Темір сульфидін қандай әдіспен алса, оның құрамы бірдей. Темірдің (Fe) 7 массалық бөлігіне, күкірттің (S) 4 массалық бөлігі сәйкес келеді. Массасы, суда 8 массалық бөлік оттегіне 1 массалық бөлік сутегі келеді.
Атом - малекулалық ілім тұрғысынан алғанда заттың құрам тұрақтылық заңы былай түсіндіріледі: химиялық элемент атомдары бір-бірімен әрекеттескенде кез келген мөлшерде емес, түрақты бөліктері ғана әрекеттесіп, жаңа зат түзеді.
Бұл заңды 1806 жылы француз ғалымы Ж.Л.Пруст ашқан. Оқушыларға оқулықтан құрам тұрақтылық занының ережесін табу тапсырылады. Заттың (сапалық және сандық) құрам тұрақтылығына басқа да мысалдар келтіріледі. Химиялық формуланын көмегімен жай және күрделі заттардын құрамын қалай білу керек екеніне тоқталам.
Жаңа материалды қорытындылау:
Тапсырмалар мен сұрақтар беру.
Химиялық формула дегеніміз не?
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы дегеніміз не?
Формулада индекс нені көрсетеді?
Формулада коэффициент нені көрсетеді?
Мына заттардың химиялық формуласын жазыңдар: сутек атомы,сутек молекуласы,оттектің екі атомы,оттектің молекуласы,сутектің екі молекуласы.
Мынадай заттардың химиялық формулаларын оқыңдар: азот қышқылы HNO3, күйдіргіш калий KOH, калий перманганаты KMnO4, тотияйын CuSO4, NaHCO3.
Төмендегі сутегі мен оттегінің үстіне рим цифры арқылы валенттілігі қойылған, қосылыстағы қалған элементтердің валенттілігін рим цифрымен жазып көрсетіңдер.
І нұсқа: H2, MgO, Al2O3, HCl, P2O5,
ІІ нұсқа: SiH4, Na2O, BaO, Ag2O, H2O,
ІІІ нұсқа: N2O5, NH3, MnO2, ZnO, N2O,
Формуласы СаСО3, кальций карбонатындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңдар.
. Күкірттің әр түрлі SO2 және SO3 оксидтеріндегі күкірт және оттегі элементтерінің массалық қатынасын есептендер.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. §9. 1-10 жаттығу.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтардың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар
№3 Көрсетілім/1.3/ № 1 зертханалық тәжірибе./1.2,1.3/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік; Химиялық құбылыстың физикалық құбылыстан айырмашылығын түсіндіру, химиялық реакцияның алуан түрлілігімен таныстыру, химиялық реакцияның басталуы мен жүру барысының жағдайын және химиялық реакцияның негізгі белгілерін бақылауға үйрету.
Дамытушылық: құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын айыра отырып ойларын дамыту.
Тәрбиелік: өз еркімен жұмыс жасауға, ой ын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке тапсырма беру, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: физика, биология.
Құрал – жабдықтар: Мыс пластинкасы, , мәрмәрдің немесе бордың түйірлері, қант түйірлері, мыс сульфатының ерітіндісі, парафин, сынауықтар, шыны түтіктер, қысқыш, спиртшам, тигель, электрондық оқулық.
Тірек білім мен біліктер: Физикалық құбылыс, зертханалық құралдармен жұмыс істей білу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін таза заттар мен қоспаларды ажырата білуге арналған төмендегі тапсырмаларды орындату.
1. Келтірілген тізімнен заттар мен қоспаларды жеке бөліп жазыңдар:ауа,темір,ас тұзы,сүт.
2. Өзің білетін қоспаларды бөлудің әдістерін қолданып, судан мына заттарды қалай бөлуге болатындығын көрсет: а/қант: ә/ бор: б/ бензин: в/ ас тұзы. Қандай қасиеттеріне сүйеніп, бұл заттарды судан бөлдің?
3. Төмендегі келтірілген әдістермен қандай қоспаларды бөлуге болатындығына мысал келтір : а/ сүзу: ә/ суалту: б/ тұндыру.
Жаңа материалды оқыту:Оқушылардың физика курсынан алған біліміне сүйене отырып, физикалық құбылыс кезінде заттың пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеретінін еске түсіре келіп, химиялық құбылыс туралы түсінік беру. Осыған орай химиялық құбылыс заттар қасиетінің өте күрделі өзгерістері екендігін оқушыларға таныстыру. Сабақты табиғаттағы заттардың түрлі өзгерістерін еске түсіре отырып, әңгімелеуден бастаймыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.:
1. Табиғатта жүретін қандай өзгерістерді білесің?
2. Табиғаттағы өзің бақылаған заттар өзгерісіне мысал келтір.
3. Заттардағы байқалатын өзгерістердің барлығы бірдей ме?
Физикалық және химиялық құбылыстарды өзара салыстыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Бұл үшін оқушылар шыны түтікті ию, қантты ұнтақтау, еріту және жағу, парафинді балқыту тәжірибелерін жасайды. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар заттың қасиетін өзгермегенін, жаңа зат түзілмегенін көріп қорытындылайды. Ал қанатты жағу кезінде оқушылар назарын жаңа зат – көмір мен су түзілгеніне аударамыз. Осыдан кейін магнийді, парафинді жағу, мыс пластикасын күйдіру тәжірибесі жүргізіледі. Оқушылар жаңа заттардың түзілуіне назар аударады. Сонымен құбылыстар екіге бөлінеді – физикалық және химиялық деген қорытынды жасалады. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге және оқулықтан анықтаманы таба білуді дағдыландыру үшін оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табуды тапсырамын..
Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері болатындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде тұнба түзілу( мысалы, BaSO4 ,AgCl,т.б) газ бөліну(H2, O2, NH3, CO2, т.б.), батареяда тоқтың пайда болуы, соның әсерінен электр шамының жануы химиялық құбылыс екендігі түсіндіріледі. Оқушылардың назарын ең басты қорытындыға аудару керек: химиялық реакцияның ең негізгі белгісі жаңа заттардың түзілуі.Содан соң реакцияның жүру жағдайлары қарастырылады.
Тәжірибе жасау.Ағаштын жануын байқау.Ағаш ауада жанған кезде,оның құрамындағы заттар химиялық реакцияның нәтижесінде газға айналып ,ұшып кетеді.оған көз жеткізу үшін сірінке шырпысын жағып,төнкерілген стаканың ішіне апарайық.стаканың ішкі қабырғасына су тамшылары қона бастайды.шырпы жанғанда түзілетін газдың табиғатын жоғарыдағыдай әк суымен шаймалап анықтауға болады.ақ түсті тұнбанын пайда бола бастағанын көресіндер.Ағаш жанғанда түзілетін өнімдердің қатарында су және көмірқышқыл газы бар.Бұл тәжірибеден газдың бөліп шығуы байқалады.
Жаңа материалды бекіту үшін оқушылар төмендегі сұраққа жауап береді.
1. Мына құбылыстардың қайсысы химиялық құбылысқа жатады: а)қар қиыршықтары- ның түзілуі; ә) қанттың көмірленуі.
Одан соң сыныпта оқушыларға мына тапсырмаларды орындатамың. Төменде келтірілген мысалдардан а) физикалық: ә) химиялық құбылысты бөліп жаз: парафиннің балқуы, жаңқаның көмірленуі, сүттің ашуы, темірдің таттануы, ағашта қыраудың пайда болуы , электр шамы қылының қызаруы, қанттың көмірленуі, қанттың суда еруі.
Үйге тапсырма беру. §4,5. 16-бет, 1-8 жаттығулар,17-бет 1-7 жаттығулар.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері . Зат массасының сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық реакция теңдеулерін жазу, коэффициент қою,жазылған реакция теңдеулерін білу ,зат массасының сақталу заңының мәнін ұғып икемділіктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: реакция теңдеулерін теңестіре отырып логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал–жабдықтар: Кестеге жазылған алгоритм, элементтердің валенттілігі көрсетіл- ген кесте.
Тірек білім мен біліктер: Заттың құрам тұрақтылық қағидасы, зат массасының сақталу заңы, химиялық формулаларды құрастыру.
Сабақтың барысы
Достарыңызбен бөлісу: |