І. Ұйымдастыру бөлімі.
- сәлемдесу
- түгендеу.
- оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
- оқушыларды топқа бөлу.
- жұмыс орнын дайындау.
ІІ. Оқушы білімін тексеру.
Ой шақыру әдісі.
Қандай гүлдердің атауын білесіңдер
Мына гүлдердің орысша атауын табыңыздар?.
Қазтамақ - герань, шегіргүл – фиалка, раушан - роза, түймедақ - ромашка.
ІІІ. Жаңа тақырып мақсаты.
Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру ,жасалу әдіс-тәсілдерін үйрету.
ІV.Жаңа сабақ.
Композиция (латын сөзі – kompositio – құрастыру, тәртіпке келтіру) – көркем шығарманың құрылысы. Гүл композициясы дегеніміз - гүлмен көркемдеп құрастыру.
«Қызғалдақ» ағылшын ертегісі.
.
Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым әйел өмір сүріпті. Шағын қалада Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты.
Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды екен.
Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген адамның көзін қуантыпты.
Көктемде Мэри нәзік әрі таңғажайып «қызғалдақ» деген жаңа гүлдерді отырғызады. Бірде сол сүйікті гүлдерін көрейін деп, ол түнде қолына шам алып, баққа барады.
О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі.
Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен.
Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді.
Күндер, айлар, жылдар зырлап өтіп жатты. Мэри қартайып, гүлдеріне қарай алмайтын болғандықтан басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді.
Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті.
Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады.
Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды.
Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті.
Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін қайтара алмапты.
Қызғалдақ шөптесін өсімдік. Көктемде қазақ даласы мен тау етектерінде қызыл, сары қызғалдақтар қайталанбас көркемдік сыйлайды. Қызғалдақтың гүлі біреу немесе көпгүлді түрлері де бар.
Ол күн көзіне кең ашылады, түнде немесе бұлтты күні жабылады. Қызғалдақ бірнеше күн гүлдейді. Қызғалдақ гүлін мерекеде сыйлық ретінде ұсынуға болады. Әсіресе 8 наурыз мерекесінде ұстаздарға, аналарға, әжелерге, қыздарға сыйлауға болады.
“Қызғалдақ”гүл бейнесінің өмірде қолданысқа енуі.
Біздің елімізде Қызғалдақ гүлінің бейнесін шеберлер көп пайдаланған. Ер - тұрман, тері белдік, зергерлер сақина, білезік камзол қапсырмаларына, тігінші киім түрлеріне, үй жабдықтарына, қоржын - дорбаларға қызғалдақ гүлін салып әшекейлеп, безендірілген.
ІV. Сарамандық жұмыс.
Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.
Қауіпсіздік ережелері:
5. Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.
6. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.
7. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.
8. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.
9. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
10. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу
Енді біз әр түрлі гүлдерді әдемілеп үйлестіріп гүл жасаймыз.
Жұмыстың орындалуы
- Дайын раммаға суретін салып дайындап алу.
- Керекті материалдар таңдау.
- - Жасанды гүлдерді желіммен жабыстыру.
- Өз қиялымен әрлеп жасау.(жапырақтар салып, кепкен бұтақтарды қолдану).
(ІІ. Мағынаны ашу). Берілген мақалдың мағынасына әр топ өз ойларын, түсініктерін беру.
І топ. «Гүл өссе – жердің көркі»
ІІ топ. «Гүл – көңіл ашады»
Тақырыбы: Гүл композициясын құрастыру. «Сыйлық гүл жасау»
Сарамандық жұмыстың мақсаты: оқушыларға берілген тапсырманың орындалуын қадағалау мен түсіндіру, көрсету.
Сарамандық жұмыстың құрал - жабдықтары: қайшы, ұсақ тастар мен гүл орайтын фальга және корзина, паралон қиындылары, түрлі түсті таспалар(лента). Жасанды гүл түрлері және кепкен жапырақтар мен гүлдер.
Гүл композициясын жасау кезіндегі ТҚЕ сақтау.
Сергіту сәті. 2 мин.
Бәріміз экранға қараймыз «Қарлығаш» сергіту сәтін жасаймыз.
V. Бекіту.( ІІІ. Ой толғаныс)
Гүлдерді атауына қарай өзіндік сыйлау қағидасы, мәдениеті болады екен айтып жіберіңіздер кім біледі?
Гүлдерге байланысты есімдерді білеміз ба?.
VI. Сабақты қорытындылау.
Бүгін менің білгенім..... Мен енді жасай аламын.... Менің түсінбегенім...
VI Оқушыларды бағалау.(оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарына қарап бірін - бірі бағалайды.)
VIІ Үйге тапсырма.Жұмысты аяқтау
Достарыңызбен бөлісу: |