ІІ.Блиц сұрақтары:
1.Шоқжұлдызға дейін ұшып жетуге бола ма?
Жұлдыздар шоғырына үшып жетуге болмайды, себебі шоқжұлдыздар-жұлдыздардың аспан сферасына проекцияланған кездейсоқ тобы.Шынында, олар бір-бірінен аса үлкен қашықтықта болады.
2.Жер бетінде бағдар жасау үшін неге Темірқазық жұлдызы алынған?
Жер бетін бағдар жасау үшін Темірқазық жұлдызы алынған.Себебі ол әлемнің солтүстік полюсіне жақын және оның бағыты бойынша жер шарындағы бағдарды анықтау оңай.
3.Жер бетінде жүрген саяхатшылар басқа шоқжұлдыздар мен жұлдыздарға қарап бағдар жасай ала ма?
Жер бетінде жүрген саяхатшылар басқа шоқжұлдыздар мен жұлдыздарға қарап бағдар жасауға болады,бірақ ол үшін жылдың әр мезгіліндегі жіне тәуліктің түрлі уақытындағы шоқжұлдыздардың көрінуін жақсы білу керек.
4.Басқа планетадағы бақылаушылар үшін жұлдызды аспанның түрі өзгере ме?Күн жүйесінің басқа планеталардағы бақылаушылар үшін жұлдызды аспанның көрінісі практика жүзінде өзгермейді.Өте алыстағы жұлдыздардың маңында жұлдызды аспанның көрінісі басқа болуы мүмкін.
5.Шолпан планетасында Темірқазық жұлдызы бағдар бере ала ма?
Біздің түсінігіміз бойынша Шолпан планетасына Темірқазық жұлдызы бағдар бере алмайды, себебі онда әлем полюсіне жақын басқа жұлдыз бар.
6.Адамдарға кеңістікте бағдар жасау мен уақытты анықтау үшін шоқжұлдыздар қандай қызмет көрсетті?
Жылдың және тәуліктің әр мезгілінде, белгілі шоқжұлдыздардың тууы мен батуы тек кеңістікте емес уақыт бойынша да адамдардың бағдар алуына жарайды.
7.Қазіргі уақытта 88 шоқжұлдыз белгілі.Ғалымдардың 89 шоқжұлдызды табуы мүмкін бе?
Халықаралық астрономиялық одақтың келісімі бойынша, жұлдызды аспандағы 88 шоқжұлдыздың атуын бекітіп, шекараларын анықтады.
8.Жұлдыздар қандай энергия көздерінің есебінен жарық шығарады?
Жұлдыздар термоядролық реакциялардың есебінен жарқырайды.
9.Аса жаңа жұлдыз ретінде тұтанғаннан кейін жұлдыздың орнында не қалады?
Жұлдыздардың жарқ еткен жерінде аса жаңа нейтрондық жұлдыз немесе қара құрдым қалады.
10.Герцшпрунг-Рессель диаграммасының бас тізбегіндегі жұлдыздардың орны неге тәуелді?
Герцшпрунг-Рессель диаграммасының бас тізбегіндегі жұлдыздардың орны жұлдыздардың массасына тәуелді;массасы артқан сайын жұлдыздпрдың басты тізбекте жоғарырақ орналасады.
11.Жұлдыздар қандай реакцияның есебінен темір элементінен жеңіл химиялық элементтер пайда болады?
Термоядролық реакцияның нәтижесінде,жұлдыздарда темірден жеңіл химиялық элементтер пайда болады.
12.Жұлдыздың беткі қабатының температурасын қалай анықтауға болады?
Виннің элементар сәуле шығару заңынан жұлдыздардың беттік қабатының температурасын табуға болады;ЛТ=0,288.Ол 700мың К-ге тең.
13.Күн мен Жерді Қара құрдым шамасына дейін сығуға бола ма?
Иә.Мүмкін.Күннің Гравитациялық радиусы 2,96км, жердікі 0,44см.
14.Аса жаңа жұлдыздар жылтырауының өзгеруі неден болады?
Аса жаңа жұлдыздар жарқырауының өзгеруі жұлдыздың өзіндегі жарылыстан болады.
15. Пульсарлар айнымалы жұлдыздардың қандай түріне жатады?
Пульсарлар лүпілдегіш айнымалы жұлдыздар тобына жатады.
16.Жұлдыздардың планеталық жүйесі неден пайда болады?
Жұлдыздардың планеталық жүйесі- бұлт түріндегі жұлдызды қоршаған салқын денелер мен бөлшектердің бірігуі нәтижесінде пайда болады.
17.Астеройдтар мен кометаларды зерттеу күн жүйесінің эволюциясын дұрыс түсінуге көмектесе ала ма?
Астеройдтар мен кометаларды зерттеу күн жүйесінің эволюциясын дұрыс түсіну үшін өте маңызды, себебі олар біздің планеталық жүйеміз құрылған уақыттан іс жүзінде өзгермей қалған.
18.Жердің жасын қандай әдістермен анықтауға болады?
Жердің жасын радиоактивтік әдіспен табуға болады.
19.Шолпанда жыл аусымдарының ауысуы бола ма?
Шолпанда жыл мезгілінің алмасуы болмайды, себебі планетаның айналу осі оның орбита жазықтығына перпендикуляр 3 градусқа ауытқыған.
20.Неге жер бетінде меториттер соққыларының ізін табуға болмайды?
Жер бетінде меториттердің соққысының ізін табу қиын, себебі жердің атмосферасы бар және жауын, жел әсері ондай іздерді жоқ қылып жібереді.
21.Меркурийде айқайды естуге бола ма?
Меркурийде дауыс естілмейді себебі онда атмосфера жоқ.
22.Марс аспанынан Күн(жерден көрінетін өлшемімен салыстырғанда )қалай көрінеді?
Марсттың аспанында Күн мөлшері (жермен салыстырғанда) 1,5 есе кіші болып көрінеді№
23.Уран планетасы неге көгілдір жасыл түсті?
Уранның түсі-көгілдір.Себебі беттік қабаттарында сутек-гелийлік атмосферасында планеталық метан түтіні бар.
24. Күн жүйесіндегі астеройдтарды қай маңайдан кездестіруге болады?
Күн жүйесіндегі астеройдтарды барлық жерде кездестіруге болады, бірақ олардың көбі негізінен Марс пен Юпитерорбиталарының арасында жинақталған.
25.Астеройдттардың Күнді айнала қозғалысының орташа айналу периоды қандай?
Астеройдттардың Күнді орташа айналу периоды 5 жылға тең.
|