- Сабақтың тақырыбы:
- Етістіктің райлары. Киіз үй
- Психологиялық дайындық
- Бір-біріне жақсы тілектер айту.
- Миға шабуыл
- Етістік дегеніміз не?
- Қандай сұраққа жауап береді?
- Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
- Етістіктің неше шағы бар?
- Өткен шақ қалай жасалады? (мысалы)
- Келер шақ қалай жасалады? (мысалы)
- Осы шақ қалай жасалады? (мысалы)
- III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- 1) ашық рай
- 2) бұйрық рай
- 3) шартты рай
- 4) қалау рай
- Ашық рай - үш шақта тұратын етістіктер.
- Мысалы: жазып отырмын, жаздым, жазамын.
- Бұйрық рай – етістікке-айын,-ейін,-ыңыз,-іңіз,-сын,-сін,-айық,-ейік,-ыңыздар,
- -іңіздер қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады.
- Мысалы: барайын, кел, айтсын, оқыңыз.
- Шартты рай – түбір + ca, се + жіктік жалғау.
- Мысалы: көрсем, барсаң, айтсаңыз, жүрсе.
- Қалау рай - түбір + қы, кі, ғы, гі + жіктік жалғау + кел.
- Мысалы: тойлағым келеді, барғың келеді.
- 1 тапсырма.
- Етістіктерді қалау райда, шартты райда жіктеңдер.
- Бар, айт, жаз
- 2 тапсырма.
- Берілген етістіктерді рай түрлеріне ажырату.
- Қалай рай, ашық рай, бұйрық рай, шартты рай
- Ашылды, барсам, кел, жүріп жатыр, күледі, барайық, көрсем, келсе екен, болды, оқып отыр, орындасын, көргім келеді.
- Киіз үй – юрта
- Шаңырақ – купол
- кереге- раздвижная решетчатая основа
- уық – купольные жерди
- көшіп-қону – кочевать
- жию- собирать
- бұзу – разбирать
- баспана-жилище
КИІЗ ҮЙ ШАҢЫРАҚ - Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады
- Шаңырақ ошақта жағылған оттың түтіні шығуына және күндіз үйдің ішіне жарық түсіруге арналған
- Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады
КЕРЕГЕ - Үйдің төменгі жағы
- Кереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырылады
- Олар тез жиналады, тез жазылады
УЫҚ - Уық немесе иілген ұзын ағаштар үйдің күмбезін құрайды
- Олардың төменгі жағы керегеге бектіліп байланады
- Уықтың жоғарғы ұшталған жіңішке ұшы шаңырақтың бүйіріндегі тесіктерге кигізіледі
КИІЗ - Киіз үйдің ағаш қаңқаларының үстінен жабылады
- Керегелерді төменгі жақтың киізін туырлық дейді
- Жоғары жақты – уықты жабатын киізді үзік дейді
- Шаңыраққа жабылатын төртбұрыш киізді түндік деп атайды
- Киіз үйдің ішкі жиһаздары:
- Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.
- Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.
- Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.
- Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.
- Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы
- Киіз үй
- Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиюға және бұзуға ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киіздерін қабаттап жауып, қыстап шыға берген. Киіз үй қатты боран соққанда жығылмайды, жаңбыр жауса суды өткізбейді.
- Киіз үйдің қанқасы үш бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыспен байланады. Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады. Уықтар шаңырақты тіреп тұрады.
“Даналық ағашы” ойыны - Нүктенің орнына болымсыз етістіктің - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалға.
- Үлгі: Бар - ма
- Бар..., жат..., отыр..., үз..., кел..., ат..., қой..., айт..., кет..., секір...
- 2. Етістіктерді нүктенің орнына қой.
- Киіз үй көне дәуірінде пайда .... . Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне ... . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен .... . Киіз үй негізгі төрт бөліктен ... .
- Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.
- 3. Барса сөзін жікте
Қорытынды: - Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Киіз үй деген не?
- Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
- Киіз үйдің ерекшелігі неде?
- Киіз үйді немен жабады?
Үйге тапсырма: - Жаңа сөздерді, ережені жаттау.
- Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: |