«Мақтарал» мектеп гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика пәнінің мұғалімі: Ахетова Р.
2016-2017 оқу жыл
«Бекітемін»
Мақтарал мектеп-гимназиясының
директоры
________ А.Б.Жолдасов
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Диалогтік оқытудың тиімділігі
|
1
|
Жалпы мақсаты
|
Мұғалімдер диалогтік оқытуды оқу үдерісінде тиімді пайдаланып, оқушыларды оқыту барысында олардың ой- өрістерінің дамуына мүмкіндік туғызатын аса маңызды тәсіл екендігін дәлелдейді.
|
2
|
Күтілетін нәтиже
|
-Әрбір мұғалім терең білім алуға, өз білімін жетілдіруге талпынады.
-Оқушылардың шығармашылығына көп көңіл бөлінеді.
-Диалогтік оқытудың бірнеше түрлерін және тапсырмаларды орындауда топтық жұмыстың қажеттілігін түсінеді.
-Топпен бірлесіп отырып берілген тақырыптар бойынша пікір алмасуға қатынасады.
|
3
|
Түйінді идеялар
|
Диалог- адамдардың ақпаратты бір-бірінен алудағы және таратудағы маңызды фактор
Диалогтық оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірден-бір тиімді стратегияларының бірі.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтық оқытудың балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
|
4
|
Материалдар және ресурстар
|
компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 және А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер
|
5
|
Оқыту әдістері
|
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер СТО Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану Талантты және дарынды балаларды оқыту Оқытуды басқару мен көшбасшылық
|
Бірлескен оқу
Топтық жұмыс
Диалогтық жұмыс
Жеке жұмыс
|
6
|
Дерек көздер
|
Слайдтар. Мүғалімге арналған нұсқаулық.
|
7
|
Тапсырмалар
|
Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақтарға жауап беру, сәйкестендіру, бағалау, рефлексия
|
8
|
Оқуға арналған тапсырма
|
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту.
Мұғалімге арналған нұсқаулық Power Point
|
Сабақтың барысы
Сабақтың барысы :
|
" Диалогтік оқытудың тиімділігі "
|
|
Коуч сессияны өткізу этаптары
|
Мерзімі
|
Коучтің іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Сәлемдесу
|
4 мин
|
1. Коуч сессия қатысушыларымен сәлемдесу
|
|
Психологиялық ахуал туғызу
|
4 мин
|
"Бүгінгі жаңалығым қандай", "Тілек айту"
|
Мұғалімдер жанып-өшетін шарикті алып, бүгінгі жағымды жаңалығы мен тілегін айтып келесі қатысушыға береді. Ол өз жаңалығын айтады. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.
|
Топқа бөлу
Алтын ережемен таныстыру
|
3 мин
|
Мұғалімдерді алма түстері бойынша 3 шағын топқа бөлу. Және топтарына ат таңдайды.
І топ: Қызыл алма
ІІ топ: Сары алма
ІІІ топ: Жасыл алма
Топ ұстанымын құрғызып, коуч қатысушыларды жауапкершілікке шақыру.
|
Топ ережелерін құрып, таныстырып, тақтаға іледі.
|
1-тапсырма
|
5 мин
|
Ой қозғау. Тақырыпты ашу. «Алма» жайлы әңгіме жүргізеді
Үш топқа тапсырма беру.
1-топ. Алма ағашын қалай күтіп, баптайды.
2-топ. Алманың шығу тарихы.
3-топ. Алмадан дайындалатын тағам түрлері
Коуч сырттай бақылайды.
|
Мұғалімдер тақырып бойынша топта талқылайды.
|
Презентация .
|
8 мин
|
1.Power Point презентациясын ұсынады. Диалогтың сабақта қолданудағы тиімділігін көрсетеді.
|
Презентация көріп,ойларын жинақтайды.
|
|
6мин
|
-Презентация көріп болдыңыздар, сіздер алма жайлы жүргізген әңгімелеріңіз Әңгіме- дебат , Кумулятивтік әңгіме , Зерттеушілік әңгіме
Осы үшеуінің қайсысына жатады деп ойлайсыздар?
|
Мұғалімдер әр топтан біреуі тұрып топта жасаған әңгіменің түрі қайсысы екенін айтады.
|
2-тапсырма Сәйкестендіру Жұптық жұмыс
|
10 мин
|
А4 парағында Әңгіме- дебат , Кумулятивтік әңгіме , Зерттеушілік әңгіме деп жазылган. анықтамаларды кестеге сәйкестендіріңіздер.
|
Сәйкестендіреді
|
3-тапсырма
«Бұл не екен»
|
5 мин
|
«Бұл не екен» 10-сұрақ
Коуч стикер таратады, мұғалімдерді жұптарға бөледі, оларға стикерге қасындағы жұпқа көрсетпей мектеп құралдарының атын жазуды сұрайды.
|
Стикерді жұптар бір-бірінің маңдайына жабыстырады.
Бір-біріне сұрақ қойып, диалогқа түседі, затты анықтайды.
|
Қорытындылау
|
10 мин
|
«Сағат тілі»
«Қаңбақ шал» ертегісі бойынша 5 ашық және 5 жабық сұрақтар үлгісін дайындаңдар.
|
Әр топ 10 сұрақтан дайындап «Сағат тілімен» келесі топқа ұсынады.
Олар сұрақтардың дұрыс, бұрыстығын тексеріп бағалайды
|
Рефлексия
|
5 мин
|
1. Сабақтан қандай жақсы әсерлер алдыңыздар?
2. Алған білімдеріңді қай жерде қалай қолданасыздар?
«Екі жұлдыз , бір тілек» стратегиясына сүйене отырып стикерге жазған ойларыңызды "Ізгілік ағашына" жабыстырыңыздар.
|
"Ізгілік ағашына" стикерлерін жабыстырады.
|
Түзген: Р. Ахетова
Сәйкестендіру
Әңгіме- дебат
|
|
|
Қарым-қатынас көбіне “иә, бұл солай”, “жоқ, олай емес” бағытында
|
|
Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, өзгелер ұсынған
идеяларды төзімділікпен тыңдау
|
|
Әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі
|
|
Идея қайталанады, жасалынады, бірақ мұқият бағалана бермейді
|
Кумулятивтік әңгіме
|
|
|
ой-пікірлерде алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады
|
|
әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады
|
|
Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталады
|
|
Қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды
|
Зерттеушілік әңгіме
|
|
|
Ресурстарды біріктіруге бағытталған талпыныс
|
|
Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың мех.түрде келісуі
|
|
Қатысушылар сұрақ қояды, айтқандарын дәлелдейді, осылай дәлелдеме болады
|
|
Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады
|
Рефлекция
Сабақтың ұтымды тұсы: Сабағымның сәтті өткен тұстары: бұл тақырыптың мұғалімдер үшін керекті де, өзекті мәселе екендігі, әріптестерімнің топтағы жұмыстарды қызыға орындап барлығының ат салысуы, постер қорғауда өз ойларын ортаға салып, әр топтың талқылаулары, менің теориядан алған білімдерін тапсырма барысында салыстыра отырып қорытынды жасағандары маған жақсы әсер етіп, күш-қуат бергендей болды.
Әрине, сабағымның сәтсіз тұстары да болды:
-Топтық жұмыстарда уақытты ұтымды пайдаланбау;
-Топтағы көшбасшы мұғалімдердің анықталмауы;
Нені жетілдіруім қажет:
Болашақта осы осы тақырыпта тағы да коучинг өткізетін болсам, мен нені ұсынар едім?
-Диалогтік оқыту әдісі бойынша теориялық білімімді толықтыру;
-Әңгіме түрлерін сабақтарыма енгізіп, әріптестерімді сабақтарыма қатыстырып, іс-тәжірибеде көрсету;
Жаңашылдыққа жаны құмар, білсем, үйренсем деген әріптестеріме ақпарат жеткізудің ең тиімді тәсілі коучинг сабағы екенін білдім. Осы коучинг-сабағымның әріптестерімнің өз тәжірибелерінде өзгерістер енгізу керектігіне септігін тигізгеніне, кішкене болса да үлесімді қосқаныма қуанып, келесі коучинг –сабағымды жоспарлауда жаңа идеялар туындады. Өзімнің де әріптестерімді үйрете отырып үйренетініме көзім жетті.
Кездескен қиыншылықтар: Бастапқыда мұғалімдердің көпшілігі қызықпай,өз орындарын ауыстырмай,пікір таласып,жөнге келмей,бірін-бірін түсінбей отырғандары қатты жүрегіме әсер берді.
Пән мұғалімі: Ахетова Р
Достарыңызбен бөлісу: |