Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымынан жел ееседі
Кіп кішкентай ағашқа
Су құйғанда өседі.
Ү. Жаңа білімін бекіту.
а) Оқулықпен жұмыс: Әріп тізбектерінің баспа және жазба түрін дұрыс оқып жаттығу.
ә) Дәптермен жұмыс: Алфавитті көшіріп жазғызу.
б) Диктант жазғызу. Астана, әтеш, балапан, вагон, гүл Ғалия доп, елік ёлка жастық.
ҮІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 07.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Есеп санға 3-тіқосу, саннан 3-ті азайту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еспепті талдауға оның қысқаша шартын құруға, есептің шешуін жазуға, жауабын табуға, сурет бойынша есеп құруға дағдыландыру. Есептерді оқу, олардың шешімін дұрыс табу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелілікке, қарым-қатынастыққа, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға тәрбиелеу. Логикалық қабілеті, танымдық қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: Сандар, кеспе есептер т.б
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру бөлімі
-Оқушылардың назарын аудару
-Психологиялық дайынды
ІІ Өткенге шолу
Сандар қатарындаға екі санды аттап қосу және екі сан аттап азайтуды қайталау,етеріне түсіру.
0 3 3 9 10 7 5 3 0
1 4 7 10 9 6 3 0
ІІІ Жаңа сабақ
Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста да сонша алма бар. Екінші ыдыста неше алма бар?
Есепті талдау
-Есеп не жайлы?
-Алма
-Есепте не белгілі?
-біріншісінде 3 алма бар екені
-тағы не белгілі?
-сонша алма
-Оны бірден табуға бола ма?
-Иә
-Қалай табамыз?
- 3+3
-Жарайсыңдар балалар
ІҮ. Сабақты бекіту
№1 есеп. І-Ыдыста-3алма І-ыдыста-3 алма
ІІ-ыдыста-? сонша алма. ІІ- ыдыста- сонша алма
2 ыдыста-? Алма.
3+3=6
Жауабы: 6 алма бар.
№ 2 Мысалдарды есептеу.
3+2=5 5+3=8 7+3=10
4+3=7 6+2=8 8+2=10
№3 сурет бойынша есеп құрату.№ 4 Тиісті сандарды орнына қою.
7-4 ...+4 ...-3 ...+3
8-3 ...+3 ...-5 ...+5
№4 Қосындыларды екі бағанға жаз. Бірінщі бағанға қосындыларды мәндерінің өсу ретімен жаз. Екінші бағанға қосындылардың мәндерін кему ретімен жаз.
3+2 5+3 6+2 7+3 4+3 8+2
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Беске бесті қосқанда
Болады сонда он саусақ
№5 Өрнек құр және мәндерін тап
7-4 3+4 7-3 4+3
8-3 5+3 8-5 3+5
Ү сабақты қорытындылау.
- салыстыруда қандай таңбалар қолданылады?
- есепті нелер арқылы шығарамыз?
- неше сан білесіңдер?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 08.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Есеп артық, кем. Санға 3-ті қосу, саннан 3-ті азайту.
Сабақтың мақсаты: Қанша артық ?, Қанша кем ? екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек екенін түсіндіру. Зерек, ұқыпты болуға баулу. Сандарды салыстыру арқылы білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
-Қосу амалына кері амал қай амал?
-Азайту 2+1=3 3-1=2 3-2=1
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Қанша артық ?, Қанша кем ? екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек екенін түсіндіру. Зерек, ұқыпты болуға баулу. Сандарды салыстыру арқылы білімін дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Заттарды сәйкестендіріп қойып салыстыру.
Ереже:
Бір санның екінші саннан қанша артық, немесе қанша кем екенін білу
үшін үлкен саннан кіші санды аламыз.
Ү. Жаңа білімді тексеру.
а) Оқулықпен жұмыс:
№1 Үстелдің үстінде 4 кітап жатыр. Сөредегі кітаптар үстелдегіге қарағанда артық. Сөреде неше кітап болуы мүмкін?
Балалар оз ойларындағы сандарды қойып шығарып есептің дұрыс шешуін табады.
№2 Сурет бойынша есеп құрастыру және шыңару
5кг сонша
№3 Мәндерін таппай-ақ, қосындыларды салыстыр
5+2*5+3 6+2*2+6 7+3*6+3
№4 Өрнек құр және мәнін тап
10-7 3+7 10-3 7+3
9-3 6+3 9-6 3+6
Сергіту сәті
Балаларға ноутбуктен сергіту сәтін көрсетем. Сол видеоға қарап қимылдап сергіту сәтін орындайды.
1. Сурет бойынша; Қанша артық? Қанша кем? Сандар құрамының суреті.
2. 3>2 2>3 2=2 оқып үйрену.
3. Төртбұрыштар мен үшбұрыштарды салыстыру.
4. Сызылған кесінділерді өлшеп, салыстыру.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
;
|
|
|
2
|
;
|
|
см
|
3
|
см;
|
|
см
|
2
|
см;
|
|
|
1
|
|
|
|
|
Дәптермен жұмыс: 1; 2; 3 сандарына 0-ді қосу және азайту.Сандарды салыстыру.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз нені білдік?Сандарды қалай қосып, қалай азайттық
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 09.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың білім деңгейін анықтау
Сабақтың мақсаты: Қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есептерді салыстыра қарастыру. Ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыт. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап , түсіндіру
Түрі: аралас
Көрнекілігі: сандар, кітап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Білім деңгейін анықтау
№1
Маймақ аюдың 5 құмыра балы бар еді. Ол 2 құмыра балды жеді. Неше құмыра бал қалды?
Бар еді-5
Жеді-2
Қалды-?
Ш: 5-2=3
Ж: Маймақ аюда 3 құмыра бал қалды.
№2
4+2 3+2 6-2 5+2
6+2 9-2 8+2 3-2
2-2 2+2 1-1 2+0
№3
Тіктөртбұрыш сал. Сол салған тіктөртбұрыштың периметрін тап.
Мысалы: Р= 2+4+2+4=12см
№4
10-ға дейінгі сандарды өсу және кему ретімен жаз.
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
№5
Төрт тура теңсіздік жаз
ІҮ.Сабақты қорыту ойлан тап 9+1*5+4
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 10.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Санға 3-ті қосу, саннан 3-ті азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға есепті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Логикалық ойын, есте сақтау қабілетін дамыту. Дұрыс есептеуге, шапшаң әрі дұрыс есептеуге үйрету.
Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап , түсіндіру
Түрі: аралас
Көрнекілігі: сандар, кітап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы пысықтап, тексеру.
ІІІ.Мақсатын анықтау
Оқушыларға есепті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Логикалық ойын, есте сақтау қабілетін дамыту. Дұрыс есептеуге, шапшаң әрі дұрыс есептеуге үйрету.
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Тақырыбымен таныстыру
Балаларға есеп туралы тағыда естеріне салып кетем.
Ереже.
Есептің шарты, шешуі, жауабы болады.
2. Тақтамен жұмыс
5+5 6+3 7+2 9+1 9+0 8+1
1+2 3+1 4+6 5+3 5+1 5+0
3. Оқулықпен жұмыс
Айсара 9 стакан таңқурай теріп алд. 3 стакан таңқурайды Айданаға берді. Айсарада неше такан таңқурай қалды?
4. Дәптермен жұмыс
8<9 6=6 3+3-2=4
9>7 8<10 6+2+2=10
№1
-Есеп не жайлы?
-Таңқурай
-Есепте не белгілі?
-Айсарада 9 стакан бары
-Тағы не белгілі?
-Айданаға 3 стакан бергені
-Не белгісіз?
-Қалғаны
-Оны бірден табуға бола ма?
-иә
-Қалай табамыз?
-9-3
-Жарайсыңдар балалар, енді осы есептің керекті сөздерін табайық?
Тер ал-9 ст Айсара-9 ст
Жеді-3 с Айдана-? 3 кем
Қалды-?с Ш: 9-3=6
Ш: 9-3=6
Ж: Айсарада қалды 6 ст Ж: 6 тер алды.
№2
8<9 8<10 8=8
№3
9-3=6 9-6=3 3+3=6
6-2=4 6-4=2 2+5=7
8-3=5 5-5=0 2+4=6
№4
2+4>6-1 3+5=10-2 4-1<2+3
5+1<9-2 4+3>9-3 8-0=1+7
Ү. Сабақты қорыту
Амалдар таңбаларын қой.5+4-3-2+1=5
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Математика
Күні: 11.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Тақырып: 4 санын қосу және азайту
Мақсаты: 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру
Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, пәнаралық байланысты арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, коментарий, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, есептер
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбі күнгі сабақ
Сәттілікке толсын.
Бүгін сенің алар бағаң
Тек қана бестік болсын.
ІІ Өткенге шолу
1+1 2+2 3+3 4+4 5+5 6+6 7+7
8+8 9+9 9+1 8+1 7+1 6+1 5+1
8+2 7+2 6+2 5+2 4+2 3+2 4+1
3+1 2+1 7+3 6+3 5+3 4+3 6+4
ІІІ Жаңа сабақ
Пеш үстінде 4 мысық
Пеш қасында 4 мысық
Айтшы сонда барлығы
Болады неше мысық? (8) 4+4
Он қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 4 саусақ
Алақанды ашамыз,
Бесті төртке қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы? (9) 5+4
Суда алты қаз,
Төбеде төрт қаз
Судың маңында
Айтшы неше қаз? (10) 6+4
Сегіз қарындаштың төртеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4) 8-4
Тал басында тізіліп,
9 жапырақ тұр еді
Жел тұрды да үзіліп,
Ұшып кетті төртеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (5) 9-4
Болып еді 10 торғай
Ұшып кетті төрт торғай
Енді талдың басында
Торғай нешеу балақай? (6) 10-4
Үш сан аттай отырып келесі санға жету (оқулықтағы №3)
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
0,4 1,5 т.б
Жұмбақ жасыру.
Қорықпайды еш аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
Сергіту сәті
№4 есепті дәптерге орындау
- Циркта аттар да өз өнерлерін көрсетеді
Олар тапсырманы дұрыс орындап па? Түзейік.
4+4=7 10-4=5
2+4=9 8-4=4
5+4=10 9-4=3
- Үй жануарларға не істеу керек?
ІҮ Қорытындылау
Бүгінгі сабаққа түсіндіңдерме?
Нені ұқтыңдар?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Дүниетану
Күні: 07.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы:.Адамның күзгі еңбегі.
Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдері туралы айта келе, күз мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру. Сөйлеу тілдерін дамыту сөздік қорын молайту. Ұжымдық еңбекке баулу
Сабақтың көрнекілігі: Күз мезгіліне мазмұнды сурет.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Көбею не арқылы болады?
Тұқым көктеп шығу үшін қандай ерекше жағдайлар керек?
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
-Өлі табиғатта болатын өзгерістер туралы не білесіңдер?
-Өсімдіктердің қай бөлігі өзгермейді?
-Өсімдікті бұтағы арқылы қалай көбейтеді?
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Әр жыл мезгілінде неше ай бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі, қай ай?
ІҮ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жыл мезгілдері туралы айта келе, күз мезгіліндегі адамдар еңбегімен таныстыру. Сөйлеу тілдерін дамыту сөздік қорын молайту. Ұжымдық еңбекке баулу
Ү. Жаңа сабақ:
өлі тірі
а) Күз мезгілі кіріспе әңгіме.
ә) Өлі табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелеу.
б) Адамдардың күзгі еңбегімен таныстыру.
в) Дауыстап оқыту.
г) А. Сәрсеновтың күз жайында жазылған өлеңін жаттату.
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық-алтын дән Сергіту сәті.
ҮІ. Білімді бекіту.
1.Күзде қандай жұмыстар аяқталады?
2.Көкөністерден қандай тағамдар дайындалады?
3. Суреттегі адамдардың күзгі еңбегі жайлы айт.
4. Мал күтімі жайлы әңгімеле.
5. Күз неге жиын-терін науқаны деп аталады?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз не жайында білдік?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Бейнелеу өнері
Күні: 09.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: «Жаңбырлы күн», «Аққала» тақырыптарына сурет салу. Қыс көрінісі
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Оқушылардың туған жердің табиғатын аялауға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету, сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс көрінісі бейнеленген плакаттар, тақырып жазылған плакат, интерактивті тақта, слайдтар.
Құрал жабдықтар: Формат А3, акварель бояуы, қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, сұрақ - жауап INSEPT әдісі.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
II Жаңа сабаққа даярлық
Балалар, біз бүгін «Пейзаж. Қыс көрінісі» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. Сабақ бастамас бұрын қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуын, қылқаламдарыңды дайындап алайық. Енді қыс көрінісінің салыну жолдарына, бояу тәсілдеріне үңілейік.
III Жаңа сабақ
Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді? (графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері) Осы өнер түрлерінің қайсысы бояу түрлерін көп қажет етеді? (бояу түрлерін живопись кескіндеме өнерінде қолданамыз)
Живопись деген не? (живопись - жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма) Живопись орындалу ерекшеліктеріне қарай бірнеше жанрға бөлінеді? Натюрморт, Портрет, Тарихи жанр, Батальдық жанр, Маринистік жанр, Анималистік жанр,
Пейзаж жанры. (оқушыларға слайдтағы сурет бойынша көрсетіп түсіндіреді.) Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.
Пейзаж жанры – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, күз, жаз, көктем. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталайық. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша - ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты, қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
IV. Оқушылармен өзіндік жұмыс:
Кескіндеме пәні сабағына байланысты тест алынады.
Толықтыруды қажет ететін тест
1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы.................................................. дейміз
2. Түс және бояумын алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін............................................................... дейміз
3. Дайындық суреттері.................................... деп аталады.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары
Балама жауаптары бар тест
1. а)
2. а)
3. а)
Таңдамалы тест
1. б)
2. ә)
3. б)
Толықтыруды қажет ететін тест
1. Натюрморт
2. Живопись
3. Нобай
V Сабақты қорыту:
Жаңа сабақты қорыта келе біз Пейзаж. Қыс көрінісі туралы және салыну жолдарымен таныстық. Өтілген сабаққа қорытынды INSEPT әдісі және сұрақ жауап арқылы жүргізіледі.
1. Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
2. Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (ата?)
3. Кімге қай жыл мезгілі ұнайды? (әр оқушы өзіне ұнайтын мезгілдерін және не себепті ұнайтынын айту)
4. Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
5. Қыс мезгілі несімен көңілді?
Тексерілді: Калиниченко Л.С
Пәні: Еңбекке баулу
Күні: 11.12.2015
Мұғалім: Қайролла М.М
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі пішіндерден жүк машинасын құрастыру. Дөңгелек пішіндердн құрамақ құрастыру.
Сабақ мақсаты: Дөңгелек пішіннен балапанның, қуыршақтың пішінін құрастырып үйрену. Оқушылардың қиялын, ой — өрісін дамыту. Оқушыларды желіммен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ әдістемелік тәсілі: Түс суретін көрнекілеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Класта қажетті оқу – құралдарды даярлау
ІІ. Өткенді тексеру:
Кішкене кеме тапсыру
ІІІ. Мақсат қою: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дөңгелек пішіндерден , қандай құрамақ құрастыруға болады?» Соны үйренеміз. Дөңгелек пішіннен балапанның, қуыршақтың пішінін құрастырып үйрену. Оқушылардың қиялын, ой — өрісін дамыту. Оқушыларды желіммен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Жаңа сабақ:
2 суреттегі фигуралар қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған ? Оларды ата
Сурет-балапан, сурет-қуыршақ
Практикалық жұмыс:
1. Алдымен пішіндерді қиып ал.жапсыруды үлкен бөліктен баста.Оған ұсақ бөліктерді жапсыр.
2. Апликацияны безендір
10>9>10>9>
Достарыңызбен бөлісу: |