Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



жүктеу 4,22 Mb.
бет8/16
Дата18.12.2017
өлшемі4,22 Mb.
#4707
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Жіктелуі



Қорытындылау

1.Музыка әлемі қандай дыбыстардан тұрады?

2Музыкалық дыбыстар дегеніміз не?

3.Шулы дыбыстар дегеніміз не?

 

Үйге тапсырма

Қазақстанның Мемлекеттік Рәмірдерінің бірі Гимн (Әнұранын) жаттау



Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 12.09.2015

Сабақтың тақырыбы: ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН

Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету

Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері


бірлік




Отан




білім




махаб­бат

Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің.

Балапан

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.

Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.

Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

·        Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

·        Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Суретке қараңдар. Төмендегі сұрақтарды қол­дана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Жағдаятты шешу

·             Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?

·             Адамның дамуына не ықпал етеді?

·             Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер бай­қадыңдар?

·             Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалай­сыңдар?

Жүректен жүрекке 

  


Біз осылай өсеміз

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

 

Қайырмасы:

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

 

Таулар көріп өсеміз,



Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау. 

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 19.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Арайлап атсың әр таңым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: әр түрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарыс қатынас  жасауды үйрету

Дамытушылық мақсаты: сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: өзін және айналасындағы адамдарды сыйлау және қуанта білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

 

Кел, балалар, күлейік!



Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

 

Кел, балалар, күлейік!



Күлкіменен түлейік!

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

·              Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

·              Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?
Жаңа ақпарат

Бос қайық

Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:

–    Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.

 

 

Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе-бет жалғыз қалдым.



Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу-ыза қыса бастаса, өзімнен-өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.

·        Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болады?

·        Өздерің аңыздан қандай қорытынды жасар едіңдер?

·        «Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?



Ойын

Адамның көңіл күйі әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Жақсы іс, ізгі ниет, жылы сөз, жақсылық хабар, қуаныш адамның көңіл күйінің көтерілуіне әсер етеді.

Суреттегі балалардың бет-бейнелеріне қарап, қандай көңіл күйде тұрғанын әңгімелеп беріңдер.

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.



Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 15.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Біздің сынып

Сабақтың мақсаты: Дыбыс пен әріптің ерекшеліктерін түсіндіру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II. Ой қозғау.

Адамдар бір – бірімен қалай байланыс жасайды?

Тіл арқылы, сөйлеу арқылы

Бейнетаспамен жұмыс


IV. Мақсат қою кезеңі

Дыбыс пен әріптің ерекшеліктерін түсіндіру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?

Олай болса бүгінгі сабағымызда дыбыс пен әріп туралы әңгімелейміз


V. Жаңа тақырып

біздің сынып үлкен әрі өте әдемі,біздің сыныпта жиырма бала,сегіз ұл бала,он екі қыз бала,біздің сыныптың балалары бір-біріне адал,қамқор болып жүреді,менин сыныбымнын артында коп гул бар,олар оте адими,сыныптын кабыргасында ана тили,казак тили,дуние тану сабагынын бирнеше малиметтер бар, менің сыныбымның мұғалімі Альфия Таңатқызы,ол кісі сабакты керемет тусиндиреди, апайымыз оте адеми,мен ол кисини оте катты жаксы коремин, мектеп менин екинши уйым сиякты ал сыныбым екинши болмем сиякты,бул тамаша мектептин иегери Ғ,Х,Кереев,ол оте мейиримди киси,мен оз мектебимди оз сыныбымды оте катты жаксы коремин


Ә ә әрпін көркем жазу

Сызбамен жұмыс Дыбыс Әріп


1-тапсырма Суреттегі заттардың атауын буынға бөліп жазу

2- тапсырма и, й дыбыстары бар сөздерді буынға бөлу.

3- тапсырма Көп нүктенің орнына и немесе й ді қой.

4- тапсырма Қажетті сөзді тауып жаз
VI. Жаңа материалды пысықтау

VII. Бекіту кезеңі

Пәні: Логика негіздері

Күні: 14.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Заттарды топқа бөлу

Сабақтың мақсаты:

Геометриялық фигураларды ажырата білуге, суреттің жетіспейтін бөліктерін зейін қоя отырып таба білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: түрлі пішіндер, суреттер

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау


ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.

Ширату.

Көктайғақта таймау үшін, аттың тұяғына қағылатын темір ...................... таға



Жарысқа түсетін жүйрік жылқы .................................сәйгүлік

Гүл шырынынан ара арқылы алынатын шипалы тәтті тағам.................. бал

Ұсақтап туралып, майға қуырылатын ет................................. қуырдақ
Ү. Жаңа білімді меңгерту»

№ 1 суреттерге зер салып, әр қатарда артық фирура болса, сызу

Жауабы: дөңгелек пен шаршы. Үшбұрыштың көлемі әртүрлі, бірақ олар үшбұрыштар.
№2 Фигураларды түсті қарындашпен бояу. Бос орынға көшіру.
Көңілді үзіліс.

Көгілдір аспанда күлімдеп,

Ғарышкер зымырап барады.

Ал төменде орман, алаң

Жерге кілемдей төселді.

Қимылмен жасау.


№3 сөздерді оқып өз қалауынша бір әріп қосып сөз жасау

Жауабы: ерік- берік , серік, керік



Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
№4

Айнұр мен Асқардың 8 ойыншығы бар. Әпкесі тағы 2 ойыншық берді. Барлығы қанша ойыншық болды? 10


№5 Өрмекшіге өрмекке жетуге көмектесу.
Графикалық диктант

Бастапқы нүктеден1 тор солға, 1 тор жоғары, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1 тор жоғары, 3тор солға, 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1тор төмен,1 тор солға,2 тор төмен, 1 тор солға, 1 тор жоғары, 1 тор солға, 1 тор төмен,6 тор оңға, 4 тор жоғары. поезд


ҮІ. Білімді бекітуОқушыларды мадақтау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 22.09.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Н дыбысы және әрпін түсіндіру. Н әрпін дұрыс жазуға үйрету. Еңбек ету дағдысын қалыптастыру. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Н дыбысы және әрпін түсіндіру. Н әрпін дұрыс жазуға үйрету. Еңбек ету дағдысын қалыптастыру. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.


ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

Естеріне түсіру, хормен оқыту,жеке –жеке оқыту


ІҮ. Жаңа сабақ.

а) Түсіндіру.

ә) Суретер көрсету арқылы н дыбысына қатысты сөздерді атау.

б) Сурет бойынша сөйлем құрату.

в) Н дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.
Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Хормен оқыту.

П П п На,па та ана,апа,ата а а а нан Жеке-жеке оқыту.


Ү. Білімді бекіту, тиянақтау.

Та па на қандай буын? Өткен әріптерге қатысты сөздерді тақтаға жазғызу.

(Кеспе әріп)
Дәптермен жұмыс.

Н әрпіне берілгенді дәптеріне жазғызу.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау