Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқул
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
басқарушы және мәлімет беруші;
объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Үйге тапсырма: 1.1 тақырып. Ақпарат.
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты түрлендіру
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және сақтаудың
тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASСII кодтарымен таныстыру:
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,инт.тақта, элект.оқулық
Сабақтың өту барысы:1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берген тапсырманы тексеру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:
* Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
* Адам ақпараттытың қандай түрлерін қабылдай алады?
* Байланыс тілі деп нені айтады?
* Қандай тілдерді білесің?
* Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
* Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір
Жаңа түсініктер:
Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады,оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді
айыра білуі керек, мысалы; 1-құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын , немесе 1-жоғары кернеу ,
0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар , 0 немесе
1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды . Символдарды кодтау үшін
8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының
жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.
ASCІІ коды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCLL коды - американдық
апарат алмасудың стандарттық коды.
Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар . Кесте екі бөліктен тұрады ; стандарты, баламалы .
Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар , 0- ден 127-ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз- оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз- сигналадар жіберу.
Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері,музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады.Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 байт = 8бит;
1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;
1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;
Сабақты бекіту сұрақтары:
Кодтау мен кері кодтау деген не?
Бит, байт деген не?
Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды.
Үйге тапсырма: Ақпаратты түрлендіру .
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Компьютер
Сабақтың мақсаты: Компьютердің - әмбебап ақпараттық машина екенін, информатиканың не екенін түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен,
компьютер өндейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және
бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Сигнал дегеніміз не?
Аналогтық сигналды дискреттік сигналға қалай аустыруға болады ?
Алынған хабарды қай кезде ахпарат деп есептеген , қай кезде есептеуіне болады?
Ақпараттың қандай қасиеттері бар ?
Хабардың ақпараттық көлемі деген не ?
Жаңа түсініктер
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады. Ақпаратық процесті жүзеге асыратын негізгі құрылғы компъютер деп аталады. Ақпаратты автоматты түрде өндеу адамының қатысуынсыз өңдеу , бұл кезде компьютер алдын ала берілген багдарлама боиынша ақпаратты өңдеуі алғашқы мәліметтер енгізуден бастап нәтеже алғанға дейін жүргізіледі.
Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін:
Мәтіндік ақпарат
|
Оқулықтағы мәтін,дәптердің шығарма,ауа райын болжау,радио арқылы хабар
|
Сандық
|
Көбейту кестесі,арифметикалық мысал,хоккей оцындағы есеп.
|
Графикалық апарат
|
Суреттер,схемалар,сызбалар,фотосуреттер.
|
Музыкалық апарат
|
Дыбыстар,музыка,сөз.
|
Бейне апарат
|
Түрлі түсті графика,дыбыс,фильмдер,екі және үш өлшемді жылжымалы обьектілер.
|
Компьютердің аппараттық құралдары: * Бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларына:
* Ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған кампьютерлік жадынан: * Мәліметтерді өңдеу процесін басқаратын процессрдан.
* өңдеу нәтижелерін шығаратын-шығару құрылғылардан :
* барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық
Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.
Олар:
Жүйелік деп, аталатын, к-ң барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;
Қолданбалы деп, аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
Программалық жабдықтамалар
Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік бағдамалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система –ОС) негізгі болып табылады.
ОЖ - компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ-әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.
ОЖ - лер өте көп, бірақ біздің қарастыратынымыз үйде және мектептерде тұрған компьютелердің операциялық жүйелері. Бұдан аз-ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ MS DOS тұратын. Қазірг кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.
Бұл операциялық жүйелердің және көпдеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жауапшысы) американың Microsoft фирмасы.
Компьютерде жұмыс істеу- негізінде оның ОЖ-мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және жақын долстықта екендігі өте маңызды.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды.Дербес компьютерлерде қатынасудың –интерфейстің-команданың және терезелік екі тәсілі болады.
Командалық интерфейсте адам компьтермен ОЖ-нің командаларының жиынтығының көмегімен қатынас құралады,олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі.Командалық интерфейсі бар ОЖ-ға ОЖ МSDOS жатады,олкомпьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болып келді.компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін,ОЖ MSDOS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.
Терезелік интерфейстің жөні басқа,ол WINDOWS тіпті Ож-де жүзеге асырылған.Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады.Компьютермен жұмыс істеу үшін,экранда графикалық формаларды компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесіндетүсінікті еді.
Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәсел елерді,ал MSDOS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.
Әрине, WINDOWS типті ОЖ-лар тек белгілі жағдай жасалғанда,яғни процессордың жұмысының жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілген ғана MSDOS-тың орнын басты.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселелерін шешуге арналған.Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеу жүргізуге және өздеріңнің демалыстарынды ұйымдастыруға көмектеседі.
Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөлінеді.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Компьютер дегеніміз не?
Ақпараттық құралдар неден тұрады?
Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
Үйге тапсырма: Компьютер .
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі
принциптерімен таныстыру,ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын
дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың тәрбилілікке ұқыптылықа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интер.тақта, элект.оқулық, Сабақтың өту мақсаты:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
1.Компьютер дегеніміз не?
2.Ақпараттық құралдар неден тұрады?
3.Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?
4.ОЖ-нің негізгі функцияларын атандар.
5.Интерфейс деген не?Қандай интерфейстерді білесіңдер?
6.Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?
7.Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
8.Дрейвердің рөлі қандай?
Жаңа түсініктер:
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.
Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында балған.
Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған
17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логорифм түсінігін енгізді.логорифм кестесін құрды.
1761 ж.Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.
1642 жылы француз математиці Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
1694 ж неміс математиці Лейбниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды.Есептеуіш техниканың XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.
1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады.Он казіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.
Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машанасына бағдарлыма жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.
XIX ғасырдың соңында американдық Герман Халлериат есепші перфарциялық машинасын құрды.Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлериат есепші-перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. 1944 американ математигі Говард айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.Бірінші электронды машиналар 1946 жылы Пенсильван университетінде ENIAC деп аталды, 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында – бірінші электрондық машиналар 1940-1955 жылдар
Екінші буынға 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер, транзисторлар пайда бола бастады.
Үшінші буынға – интегралдық негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Төртінші буынға - ЭЕМ –лар қолданылуда.
Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ. ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.
Сабақты бекіту сұрақтары:
бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
Марк-1 машинасы қандай элементтерде жатады?
Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-біірнен йырмашылығы неде?
Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
Үйге тапсырма: Есептеуіш техникасының даму тарихы.
Пән аты: Информатика
Класы: 7
Сабақтын тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Баспа құрылғылары
Сабақтын мақсаты: Аппараттық құрылыстыру.
Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың
міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерінкөрсету. Компьтердің
негізгі құрылғылары –процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқул.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты тексеру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер-деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы.Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді, деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. Бірақ.ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады.
Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.
ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.
Достарыңызбен бөлісу: |