Сабақтың тақырыбы: Ақпарат Сабақтың мақсаты



жүктеу 0,78 Mb.
бет4/5
Дата10.02.2018
өлшемі0,78 Mb.
#9332
түріСабақ
1   2   3   4   5

Жаңа түсініктер:
Үзінді- Бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мвна құралдар арқылы бөліне немесе белгіленеді:

Белгілеу батырмасы (выделение) Төрбұрышты үзіндіні таңдайды

Кез келген аймақты бөліп алу батфрмасы ерікті пішінді аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

1.Алмасу буферіне қйып алу

2.Алмасу буферіне көшіру

3.Басқа жерге апару

4.Басқы жерге көшіру

5.Сурет бойынша көбейту

6.Пішіні мен көлемн өзгерту

7.Машстабын өзгерту, қисайту

8.Төңкеру және бұру

9.Түсін өзгерту

10.Өшіру (жою)


Үзіндіні жылжыту және көшіру
1.Үзіндіні белгілейміз

2.Правка- Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз

3.Правка- Вставить командасын орындаймыз.

Үзіндіні беинелеу немесе бұру әрекеттері:



  1. Үзіндіні белгілеу

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Оразитъ/Повернутъ коман-дасын орындаимыз

Бұл команда арқылы үзіндіні тік (вертикалъ)

Немесе көлденең (горизанталъ) осътеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.



Үзіндіні еңкейту немесе созу әрекеттері:

  1. Үзіндіні белгілеу.

  2. Рисунок менюіндегі немесе қосымша менюдегі Растянутъ/Накланутъ командасын орындаймыз.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Үзінді дегеніміз не?

  • Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?

  • Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?

  • Үзіндіні жю әрекеті қалай орындалады?


Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторында үзінділермен жүргізілген

әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзінділерді көбейту.




Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Суретті қағазға басып шығару

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету. Білімділік: Суретті қағазға басып шығару тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмалады орындау

  5. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Суретті қағазға басып шығару үшін Файл-Печать командасын орыңдаңдар. Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.

Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл-Предварительный просмотр командасын орыңдаңдар. Егер құжат кескіні өздеріңе ұнаса, осы терезеде Печать батырмасын шертіңдер. Олай болмаған жағдайда Закрыть батырмасын шертіңдер де, суретті өңдеуді жалғастыру үшін, Paint программасының бас менюіне қайтыңдар.

Өзің орыңда!

Өткен материалды пысықтау үшін сендерге бірнеше практикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамыз.



1-тапсырма.

Суретті өте ұқыпты қарап шығып, амалдар тізбегі мен қолданылатын командаларды ауыстырмай орындаңдар .



  1. Сурет сал:

а) экран жартысына теңіз (толқын) суретін сал;

ә) кеме сал;

б) суда жүзіп жүрген балықтарды сал;

в) аспандағы шағалаларды сал;

г) кеменің сол жағына күннің суретін сал;

д) кеменің сол жағына пальмасы бар арал сал.

2. Суретті боя.

3. Мұғалімджі шақыр.

4. Күннің суретін өшір.

5. Күннің орнына айдың суретін сал.

6. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей шағаланың аузына апар.

7. Жұлдыздар сал.

8. Кеменің сол жағына орналасқан аралды, оның оң жағына жылжыт.

9. Кемені басқа жаққа бұр.

10. Біріншісімен бірдей шағаланың 3 көшірмесін сал.

11. Шағаланың екеуіноңға, ал екеуін солға бұр.

12. Мұғалімді шақыр.

Егер бұл жұмысты орындағанда тапсырманың барлық пункттерін толық орындап үлгермесеңдер, оны кез келген атпен сақтап қойыңдар. Келесі сабақта сол файлды ашып, тапсырманың орындалмаған тармақтарын орыңдаңдар.



Үйге тапсырма: Суретті қағазға басып шығару.

Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы. WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы , стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және

WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен

жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

Казіргі кезде дербас компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.



Пуск => Программы => Стандартные => WordPad ( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.



Сабақты бекіту сұрақтары:


  • WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  • WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу.

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторында құжат құру.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік. Құжаттың құрылымы , стилі, баспа бетінің геометриясы туралы және

WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтімен

жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды қыруға, ашуға, сақтауға үйрету.

Тәрбиелік. Оқушыларды тәрбиелікке , ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілеттін ,логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі. Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьтер,оқулық,жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер.

WORDPAD – та құжат құру

WORDPAD қолданбасында құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:



  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау

  2. Мәтінді енгізу және редакциялау

  3. Мәтінді пішімдеу

  4. Құжатты сақтау және ашу

  5. Баспаға шығару

Осы сатыларды қарастырайық:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай

аламыз.


Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.
Қаріпті,Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту Формат – Шрифт (Формат – Қаріп) командасын орындаймыз.

2.Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі;

Enter-жаңа жолға көшу

Shift- бас әріптерді теру

Caps lock-бас әріптер режиміне көшу

Backspace-меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру

Delete-меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

3.Мәтінді пішіндеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті:Ж-жартылай қалың,К-курсив,Ч-асты сызылған,Кәдімгі пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы Ж,К,Ч,батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі,

Мәтінді тегістеу үшін пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы сол жақ шеті,оң жақ шеті,ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады.Бұл әрекетті Формат-Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

4. Құжаттарды сақтау және ашу:

WORD PAD- мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл –сохранить как командасын орындаймыз.Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:


  • WORDPAD МӘТІНДІК редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • WORDPAD мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

  • WORDPAD мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.

  • WORDPAD мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз.

  • Мтәнді тегістеудің қандай түрлері бар?

Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторында құжат құру.

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар wordpad мәтіндік редакторының қосымша

мүмкіндіктерімен таныстыру.



Білімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық

объектілері және графика мәтінде енгізуді үйрету.



Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абсракциясын дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары : компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақыфрыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

.WordРad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

.wordРad редакторын қалай іске қосамыз?

.wordРad мәтірдік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

.Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?

Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?



Жаңа түсініктер:

WordРad бғдарламсында мәтіннің үзінділерін маустың көмегімен апару және көшіру әдісатері немесе командалары ақылы көшіруге және жылжытуға болады.

Апару және орналастыру әдісі-бұл мәтіннің үзіндісін бөліп ,қажетті орынға апарып орналастыру.

Мәтіннің бөлігін көшіру үшін алдымен мәтіннің бөлігін белгілейміз, одан кейін Ctrl пернесін басып тұрып, қажетті орынға апарамыз. WordРad – та жұмыс істеген кезде мәтіннің бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орнынан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, басқа құжаттар арсында, басқа қолданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағайда жылжытатын немесе көшіретін ақпаратты уақытша сақтауға арналған алмасу буферін пайдаланған жөн.



Мәтіннің бір бөлігін көшіру әрекеті:

  1. Көшіретін мәтін бөлігін белгілейміз:

  2. Правка – Копировать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню – Копировать, пернетақтаның көмегімен Ctrl + С

Мәтіннің бір бөлігін жылжыту әрекеті:

  1. Жылжытатын мәтін бөлігін белгілейміз

  2. Правка – Вырезать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню – Вырезать, пернетақтаның көмегімен Ctrl+Х

Көшірілген немесе жылжытылған мәтінді кірістіру әрекеті:

  1. Көшірілген немесе жылжытатын мәтінді кірістіретін орынға меңзерді орналастыру.

  2. Правка – Вставить командасн орындаймыз немесе Қосымша меню – Вставить, пернетақтаның көмегімен Ctrl+V

Құжатқа суреттерді кірістіру:

  1. Paint пайдаланып сурет саламыз немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан аламыз.

  2. Суретті белгілейміз.

  3. Правка – Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз.

  4. суретті кірістіретін мәтінді ашамыз.

  5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастымазы.

  6. Правка-Вставить командасын орындаймыз.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Мәтіннің бір бөлігін көшіру және жылжыту дегеніміз не?

  • Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

  • Жылжыту, көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет.

  • Мәтінге сурет, енгізу әректі қалай орындалады?

Үйге тапсырма: WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: WordPad құжатына суреттер кірістіру.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар wordpad мәтіндік редакторына суреттерді кірістірумен

танысу


Білімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық

объектілері және графикалық суреттерді кірістіруді үйрету.



Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық-абсракциясын дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары : компьютер, инт.тақта, элект.оқулық

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту

6.Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

* WordРad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

* wordРad редакторын қалай іске қосамыз?

* wordРad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

* Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?

* Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?



Жаңа түсініктер:

WordPad құжатына дайын суреттерді, сондай-ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.

Графикалық обьектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.


    1. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.

    2. Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)

    3. Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.

    4. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.

    5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка-Вставить командасын орындаңдар.

    6. Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.

Өткендегілерді пысықтау үшін төмендегі практикалық жұмыстарды орындаңдар.



Үйге тапсырма: WORDPAD құжатына суреттер кірістіру.
Оқушыларды бағалау.

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Блокнот программасы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың блокнот және калькулятор

қолданбаларын таныстыру.



Білімділік: Блокнот және Калькулятыр қолданбаларының міндеттері

таныстыру көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;



Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

үйрету.


Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

  1. оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. тапсырмаларды орындау

  5. сабақты бекіту

  6. үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

    • Wordpad мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі қандай?

    • WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

    • WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

    • WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

    • Мәтінің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    • Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындаолады?әрекеттерін

    • Мәтінің бір бөлігі көшіру жәнежылжыту дегеніміз не?

    • Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

    • Жылжыту көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет

    • Мәтінге сурет енгізу әрекеті қалай орындалады?

Жаңа түсініктер

Блокнот-бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнотжұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған.Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск-Все программы-Стандартные-Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі.

Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка-Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.

Файл-Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын(Альбомдық немесе Кітаптық)таңдауға болады.

Формат-Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.

Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады.

Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.

Сабақты бекіту сұрақтары:


    • Блокнот қолданбасын атқаратын қызметі қандай?

    • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз№

    • Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, элпетін қалай өзгертеміз.?

    • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу, әрекеттері қалай орындалады?


Үйге тапсырма: Блокнот программасымен танысу.
Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор программасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасымен таныстыру.

Білімділік: Калькулятор программасының міндеттерімен

таныстыру көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;



Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

үйрету.


Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

1. оқушыларды ұйымдастыру

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  2. тапсырмаларды орындау

  3. сабақты бекіту

  4. үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

    1. Wordpad мәтіндік редакторыныңатқаратын қызметі қандай?

    2. WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

    3. WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

    4. WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

    5. Мәтінің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    6. Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындаолады?әрекеттерін

    7. Мәтінің бір бөлігі көшіру жәнежылжыту дегеніміз не?

    8. Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

    9. Жылжыту көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет

    10. Мәтінге сурет енгізу әрекеті қалай орындалады?

Жаңа түсініктер

Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Жүйеде қалькулятор екі түрлі болады: Қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор. Калькулятордың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.

Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін: Правка – Копировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланымыз.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

2. Калькулятордың қандай түрлері бар?
Үйге тапсырма: Windows –тің блокнот және калькулятор қолданбаларымен танысу.


Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасымен таныстыру.

Білімділік: Инженерлік калькулятор программасының міндеттерімен

таныстыру, көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;



Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау