Сабақтың тақырыбы §41-42. Табиғат зоналары Сабақтың оқытудағы мақсаты



жүктеу 142,14 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі142,14 Kb.
#16050
түріСабақ

Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал

Сыныбы : 7 «ә»

Күні: 10.02. 2015 ж

Сабақтың тақырыбы

§41-42. Табиғат зоналары

Сабақтың оқытудағы мақсаты

Оңтүстік Америка материгінің табиғат кешендерінің ерекшеліктерін мен табиғат зоналарын оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі

Оқушылар Оңтүстік Америка табиғат кешендерінің ерекшеліктерін біледі. Табиғат зоналарын атай алады және орналасуы мен ерекшеліктерін атап отырып , картадан көрсете біледі.

Тілдік мақсаттар

Гилея , саванна , пампа , сельвас , льянос , кампос т.б. Табиғат зоналары тақырыбында мәтінмен жұмыс жасайды. (оқылым дағдысы) Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым мен тыңдалым дағдысы)

Барлығын қосқанда

Тапсырмаларды деңгейіне қарай 1.Дарынды окушыларға (тақырыпқа байланысты өмірмен байланыс тұстары туралы проблемелық мәселелерге талдау жасайды). 2.Оқу үлгерімі орташа оқушыларға (ұсынылған дидактикалық тапсырмаларға өз пікірін түсіндіру жұмысы жасайды). 3.Үлгерімі төмен оқушыларға (топтастыру жұмыс)

Оқытуда қолданылатын

әдіс -тәсілдер

Географиялық диктант , тест , терминмен жұмыс , түсіндірме жұмысы , электронды оқулықпен жұмыс , картамен, дәптермен жұмыс

Негізгі дерек көздер

Материктер мен мұхиттар географиясы . Авторлары: Ә. Бейсенова , С.Әбілмәжінова , К.Каймулдинова «Атамұра» баспасы. 2012 ж. §41-42.

157-162 бет. "География «Шың»баспасы



Ресурстар

Дүние жүзінің физикалық картасы , электронды оқулық , «Оңтүстік Американың климаттық картасы » , оқулық , атлас , кескін карта

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сабақтың мақсаты мен қойылатын тапсырмалармен таныстыру.

Алдыңғы білім

§40. Өзендері мен көлдері

Кезең

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту



10 минут




  • Мұғалім: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

  • Балалар:  Оңтүстік Американың өзендері мен көлдерін оқу , кескін картаға материктің өзендері мен көлдерін белгілеу. - Оқушылар үй тапсырмасы бойынша пысықтау тапсырмаларымен жұмыс жасаймыз. (географиялық диктант , тест , терминдермен жұмыс)

1. Географиялық диктант.

1.     Оңтүстік Американың негізгі суайрығы  –  … тауы. (Анд)

2.     Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель  …  таулы үстіртінде орналасқан.(Гвиан)

3.     Түбінен мұнай өндірілетін көл – … (Маракайбо)

4.     …  су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)

5.     Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда  …  деп аталады. (Қалайы алаңы)

6.     300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама – …   (Игуасу)

7.     Жазда кеуіп қалатын тұзды көл – … деп аталады.  (Поопо)



Бағалау шкаласы:

0-1 – «2»

2-3 – «3»

4-5 – «4»

    1. «5»










2.Тест тапсырмалары

 1. Тынық мұхиты мен Атлант мұхиты арасындағы суайырық жотасы.                                

А) Гвиан таулы қырыты                      С) Анд тауы                                                               

В) Бразилия таулы қырыты                Д) Патогония үстірті 

   2. Игуасу сарқырамасы қай өзенде.                                                                              

А) Парана өзені                          С) Ориноко өзені                                                                    В) Амазонка өзені                      Д) Магдалена өзені 

3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама.                                                                                                 

А) Игуасу                                    С) Ниагара                                                                        

В) Виктория                               Д) Анхель 

4.Титикака бұл ..?                                                                                                                      

 А) Ең тұзды көл.  С) Ең биікте орналасқан    көл                                                                      В) Ең терең көл.     Д) Ең үлкен көл   

5.Су жинау алабы ең үлкені                                                                                                                    

  А)Магдалена өзені.                          С) Амазонка өзені                                                                        

  В) Ориноко өзені.                             Д) Парана озені   



3.Терминмен жұмыс

Амазуну-

Виктория –регия –

Арапаима -

Пиранья-

Иния -



Мағынаны тану

20

минут

Жаңа сабақ жоспары : (электронды оқулық арқылы таныстырылым)

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары  ажыратылады:

1.     Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);

2.     Ауыспалы ылғалды (муссонды)  ормандар;

3.     Саванналар мен сирек ормандар;

4.     Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;

5.     Жалпақ жапырақты ормандар;

6.     Субтропиктік дала (пампа);

7.     Шөлейт және шөл;

8.     Анд тауларындағы биіктік белдеулер.

      

Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары (гилея) алып жатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Мұндағы қызыл-сары ферролитті топырақтарда тек қана ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. сондықтан бұл аймақты «ғаламшардың өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді.  Ағаштардың аса бағалы түлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағакшы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.



Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибарадан және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тотықұстар мен  туканлдар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай тқұс – колибри мекендейді. Ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең ұзын жылан – анаконда да кездеседі.

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос және Бразилия саваннасы – кампос деп ажыратыладжы. Топырақ жамылғысы ферролитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.










Солтүстік жарты шар саваннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктерн таралған. Оңтүстік жарты шар саваннасы- кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, суттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактсутың екінші отаны»  деп атайды.

Жануарлар дүниесінен пекари, ергежейлі, бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.



Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа деп атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстіктен ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойынша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын  шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен тернісі бағалы саз құндызы мекендейді. Құнарлы қызғылт-қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған аудандарына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігінде Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп,  киіздей тұтасқан жамылғысы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы дамыған. Сауыттылардың бірнеше түрі кемірушілермен қатар, пампа бұғысы мен пампа мысығы , магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлар  гуанако ламасы мен пума кездеседі.

Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішек алқапта, экавтор маңында ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралықты тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.

Анд тауларының жанартаулар дүниесі эндемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекендейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін – альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

 Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы  9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.  

 

 Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды – гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін  тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.



3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті.


Бекіту тапсырмалары

15 минут

Бекіту тапсырмалары :

1.Термин сөздер. Дәптермен жұмыс . Гилея – Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы

Льянос – Ориноко саваннасы

Кампос – Бразилия саваннасы

Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш



2. Ашық сұрақтар

1.     Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

2.     «Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты айтады?

3.     Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?

4.     Анд тауының символы деп қандай жануарларды атайды?

5.     Амазония ормандарының қазіргі экологиясы туралы не айта аласың?


3.Семантикалық карта




Ылғалды экваторлық ормандар

Ориноко саваннасы

Бразилия саваннасы

«Ғаламшардың өкпесі»

Субтропиктік дала




Сельвас



















Гилея



















Льянос



















Кампос



















Пампа










































































































+

 4.Электронды оқулық тапсырмалары:

1.Оңтүстік Американың өсімдіктері мен жануарларының аттарын жазып шығыңыз.

2.Оңтүстік Американың картасын құрастыр.

3.Оңтүстік Американың ойпаттарын көрсет.

4.Оңтүстік Американың  таулы қыраттарын белгіле.

5.Оңтүстік Американың  шеткі нүктелерін тауып, картадан белгілеңіз.




Бағалау

3 минут

Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Табиғат зоналары жайлы айта аламын;

1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;

2.Зерттеуде өзіндік үлесін бағалау;

3.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.

4. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.



Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма беру. 1.§ 41-42. Табиғат зоналаары (оқу , мазмұндау) .

2. Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.



Төменде берілген үлгі бойынша кесте толтырып келу.

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары








































жүктеу 142,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау