ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
8-СЫНЫП
Бөлім тақырыбы:
8.1 ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?
Оқу мақсаты:
XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерге баға беру
Бағалау критерийлері:
Тақырыптық ақпаратты оқу, бейнематериалды көру арқылы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері мен салдарларын анықтайды,
тақырыптың маңыздылығына баға береді.
Ұлт азаттық қозғалыс — ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес.
Бейнероликке назар аударыңдар.
|
Көтерілістің сипаты
| |
Қозғаушы күштері
| |
Жетекшілері
| |
Оқиғалары
| |
Орталықтары
| |
Жеңілу себептері
| |
Маңызы
| |
1 тапсырма. Мәтін бойынша көтерілістің
барысы туралы кестені толтыру.
Кестеге 1916 ж көтерілістің сипатын,
қозғаушы күшін, жетекшілерін, ошақтарын
кесте түрінде жазады.
Дескриптор: Білім алушы
* Көтерілістің сиаптын анықтайды;
* Қозғаушы күштер мен жетекшілерін анықтайды;
* Басты оқиғалары мен негізгі орталықтарын анықтайды;
* Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызын анықтайды.
|
№
|
Берілген тұжырым
|
Ақиқат
|
Жалған
|
1
|
«Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» - сөздерінің авторы Міржақып Дулатұлы
| | |
2
|
Ақмоладағы көтерілістің жетекшілері Амангелді Иманов пен Әбдіғаппар Жанбосынов
| | |
3
|
1916 жылғы көтерілістің басталуына 25 маусымдағы патша жарлығы түрткі болды
| | |
4
|
Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің негізгі орталықтары Орал мен Семей облыстары
| | |
5
|
1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа 19-43 жас аралығындағы ер азаматтар алынды
| | |
2 тапсырма. Берілген тұжырымдардің ақиқат
немесе жалғандығын анықтаңыз:
Дескриптор:
Берілген бес тұжырымдамалардың ақиқат
не жалғандығын анықтайды
3 тапсырма. Жамбыл Жабаевтың 1916 жылғы көтеріліске қатысты өлең жолдарынан үзінді ұсынылып, үлгі бойынша дерекпен жұмыс жасайды.
Патша Жарлығын «Зілді бұйрық» деп атаған халық жыршысы Жамбыл:
Халықтың еркі кетті баласынан,
Сөзімнің ғибрат ал сарасынан.
Ақ патша бұйрық қылды солдат бер деп:
Он тоғыз — отыз бірдің арасынан.
Осыған тірі отырып көнеміз бе,
Іріктеп бар боздақты береміз бе?!
Болмаса елдік қылып, тізе қосып,
Батырға қол бастаған ереміз бе?! –
деп халыққа үн тастап, кеңінен кеңесіп ақылдасуға шақырды.
Тапсырма:
- Дерек қай кезеңді баяндайды?
- Автор көзқарасын анықтаңыз
Дескриптор:
- Берілген деректің қай кезеңге қатысты екенін анықтайды;
Автордың көзқарасын анықтайды.
Қорытынды
Бүгінгі орындаған тапсырмалар бойынша өз-өзіңді бағала.
Сілтеме бойынша өтіп тапсырмаларды орында.
Достарыңызбен бөлісу: |