«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама



жүктеу 112 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі112 Kb.
#19356
түріКонкурс






«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама

«ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 071200, ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы Ибежанов көшесі 23,

анықтама телефоны 8(72339)2-16-79, факс 8(72339)2-17-80,

e-mail: alm.kurmangalieva@akimvko.gov.kz:

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

1.«ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кеңсе, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бөлімінің бас маманы (санаты Е-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77451 теңгеден 104935 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Кіріс іс қағаздарын бірыңғай электрондық құжат айналымы арқылы тіркеп, оларды жауапты лауазымды тұлғаларға табыс етеді, уақытында орындалуын қадағалайды. Шығыс іс қағаздарын бірыңғай электрондық құжат айналымы арқылы тіркейді, оларды тиісті мекен-жайы бойынша мекемелерге, жеке тұлғаларға жолдайды (бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, хат арқылы, факспен, жеке тұлғалар арқылы). Аудан әкімі аппаратына түскен және шыққан іс қағаздарының тиісті орындарға және адресаттарына уақытында жеткізілуіне, орындалуына жауап береді. Елтаңбалы бланктердің жұмсалуына, сақталуына жауап береді. Бақылауда тұрған іс қағаздардың, хаттарға жауаптардың уақытында орындалуына жауап береді. Іс қағаздардың толтырылуы тұрпатты Ережеге сай болуын қадағалайды. «Lotus notes» бағдарламасымен жұмыс істейді. Әкімдіктің қаулыларын, әкімнің өкімдерін, шешімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын тіркеп, олардың номенклатура бойынша сақталуына, талапқа сай мұрағатқа өткізілуіне жауап береді. «Айқын» бағдарламасы бойынша ауылдық округтер мен дербес бөлімдердің жұмысын ұйымдастырып, белгіленген уақытта есеп береді. Аудандық мұрағатпен келісіп, аппараттың істер номенклатурасын бекітеді. Бөлім басшысы ұзақ мерзімді іссапарда, демалыста немесе орны бос болғанда оның міндетін уақытша атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



2.«ШҚО Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ішкі саясат жөніндегі бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты уақытша орнына 17.11.2017-16.05.2019 жылдар аралығына) (санаты Е-R-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Өңірдегі діни ахуалға талдау және мониторинг жасау, конфессияаралық келісім мен діни экстремизмге қарсы бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ақпараттық түсіндіру топтарының жұмысын үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудан әкімі жанындағы кеңестің қызметін қамтамасыз ету, жұмысын үйлестіру, әдістемелік құралдарды әзірлеу, дін саласының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру. Аудандағы діни ахуал жөніндегі тоқсандық, жылдық есептер мен ақпараттарды дін істері басқармасына әзірлеу. Діни бірлестіктермен қарым-қатынас орнату. Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізу. Ақпараттық түсіндіру топтарын әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі комиссияның іс-құжаттарына жауапты. Жастар мәселелері жөніндегі кеңес отырыстарының іс-құжаттарын дайындайды. Аудандық білім бөлімімен байланыста тәрбиелік бағыттағы іс-шараларды жүзеге асырады. Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады. Әртүрлі жастар акцияларына, мақсатты тақырыптық мерекелерге білім беру мекемелерінің қызметкерлерін, мектеп оқушыларын тарту. Аудандық әкімдіктің отырыстарына анықтамалар, ақпараттар дайындайды. Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



3.«ШҚО Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ішкі саясат жөніндегі бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты уақытша орнына 21.03.2018-20.01.2021 жылдар аралығына) (санаты Е-R-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіруде ақпараттық түсіндіру тобының қызметін ұйымдастырады. Бөлімнің жұмысын жоспарлау, мақсатты бағдарламалар құру, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларды жүйелеп, жинақтау жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік органның ақпараттық түсіндіру, идеологиялық жұмыстары бойынша уақытылы ақпарат беріп отырады. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік органдармен өзара қатынасы мен ынтымақтастығын ұйымдастырады. Мерзімдік баспасөзге жазылуды ұйымдастырады. Мемлекеттік органдардың бұқаралық-ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасын үйлестіріп ұйымдастырады, мемлекеттік атқарушы органдардың қызметін жария етуде бұқаралық-ақпарат құралдарымен шаралар дайындап, өткізеді. Мекеме басшыларының республикалық, облыстық, аудандық басылым беттеріндегі мақалаларына талдау жасайды. Қоғамдық ұйымдар, саяси партиялармен байланыстарды жүзеге асырады. Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырыстарының іс-құжаттарын дайындайды. Аудандық әкімдіктің отырыстарына анықтамалар, ақпараттар дайындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің, ішкі саясат басқармасының тапсырмаларын орындауды, бөлімнің құзырына енетін сұрақтар бойынша шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бақылау күндерін ұйымдастыруға жауапты. Кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді ұйымдастырады. «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталдарында ақпаратты уақытында орналастыруға және жаңартуға жауап береді. Бөлім басшысы ұзақ мерзімді іссапарда, демалыста немесе орны бос болғанда оның міндетін уақытша атқарады. Бөлімнің іс-құжаттарын бақылауда ұстайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



4.«ШҚО Күршім ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маман-есепшісі (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты уақытша орнына 06.08.2016-13.04.2019 жылдар аралығына) (санаты Е-R-5) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік құжаттамаларды заңға сәйкес жүргізілуіне жауап береді. Негізгі қорларға, тауар-материалдық құндылықтарға есеп жүргізеді, жауапты болады. Іссапарлар, жолсапар қағаздарды, қолданылған қаражаттар бойынша есеп қабылдайды, бұйрықтарды жазады. Төлем тапсырыстарды рәсімдейді, бөлімнің қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне еңбекақы, сыйақы, демалыс ақыларын есептейді, жұмысқа шығу табелін, ведомость толтырады. Қызметкерлерге жеке әлеуметтік код берілуін және зейнетақы қорына қаражаттардың аударылуын қамтамасыз етеді. Жанар-жағар май, жылу, жарық үшін төлемдерді аударады. Даулы мәселелер туғанда сот орындарына жіберілетін тиісті құжаттарды дайындайды және сот отырысында бөлімнің мүддесін қорғайды. «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталдарында ақпаратты уақытында орналастыруға және жаңартуға жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент; бухгалтерлік) білім, орта білімнен кейінгі («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент; бухгалтерлік) немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.




5.«ШҚО Күршім ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы жөніндегі жетекші маманы (санаты Е-R-5) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен механизмдерін түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізу. Агроөнеркәсіп саласын өркендетуге бағытталған аумақтық бағдарламаларды дайындау, ауыл шаруашылық саласына алдыңғы қатарлы технологиялар енгізу. Заң талабына сәйкес, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысын халық арасында түсіндіріп, құрылған кооперативтерінің толық қанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету, атқарылған жұмысқа сараптама жасап, мемлекет тарапынан қолданылатың құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар болған жағдайда уақтылы жеткізіп, орындалуын қамтамасыз ету. Бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғаларға асыл тұқымды тұқымдық малдың құндылығын бағалау және тексеру. Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенін және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық) аумақтық бағдарламаларға және де басқа да нормативтік кұқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету. Агроөнеркәсіптік кешені саласында жедел ақпарат жинақтау және аудан бойынша мал басының зоотехникалық нормаларға сәйкес толық қозғалысын қамтамасыз ету, сонымен қатар ауылшаруашылығы малдарын асылдандыру сапасын арттыруда қолдан ұрықтандыру жұмысын жүйелі іске асыру. Мал шаруашылығы саласында ішкі өнімнің (ет, сүт, жүн, жұмыртқа) берілген тапсырманың орындалуына мониторинг жасап, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есепті жүргізу және тиесілі уәкілетті мемлекеттік органдармен салыстыру, есеп беру жұмыстарын іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары ауыл шаруашылығы, ветеринария саласындағы мамандықтар және орта білімнен кейінгі ауыл шаруашылығы, ветеринария саласындағы мамандықтар немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



6.«ШҚО Күршім ауданының Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (санаты Е-G-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардан салық төлемдерін жинау. Салық басқармасына, округ әкіміне салық төлемдері туралы есеп беру. Сұраныс орындарына салық төлемдері туралы ақпараттар береді. Құжаттардың өтуі мен орындалуына, олардың есепке алынуына бақылау жасау жұмысын ұйымдастырады. Алгоритм бойынша қосымша салық көздерін қарастыру, кәсіпкерлермен меморандум жасау жұмысын ұйымдастырады. Округтегі иесіз ғимараттармен және жаңа құрылыс объектілерін тізімдеу, тіркету жұмыстарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы» Заңын азаматтарға насихаттау, үгіттеу жұмыстарын жүргізеді. Әскери міндеттілердің есебін жүргізеді. Аудандық Қорғаныс бөліміне және Әділет басқармасына есеп береді. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



7.«ШҚО Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (санаты Е-G-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы» Заңын азаматтарға насихаттау, үгіттеу жұмыстарын жүргізеді. Әскери міндеттілердің есебін жүргізеді. Аудандық Қорғаныс бөліміне және Әділет басқармасына есеп береді. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



8.«ШҚО Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (санаты Е-G-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ бойынша мүгедектер, аз қамтылған отбасылар, жастардың есебін жүргізу. Бекітілген құжаттарды, есептілікті сапалы жүргізіп, талдау жасайды. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді. Жұмыссыздық, жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу. «Күміс алқа», «Алтын алқа» бойынша құжаттар қабылдау. Балабақшаның тұрмысы төмен отбасыларына арналған «Әлжуаз» тобына құжаттар қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



9.«ШҚО Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (санаты Е-G-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы» Заңын азаматтарға насихаттау, үгіттеу жұмыстарын жүргізеді. Әскери міндеттілердің есебін жүргізеді. Аудандық Қорғаныс бөліміне және Әділет басқармасына есеп береді. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 7 жұмыс күн, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса берілген);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (нысан қоса берілген);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күннен кешіктірмей Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының2-қосымшасы

Нысан


__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш

     


Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.


Приложение 3


к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»

Форма       



«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения












_____________________


Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата

жүктеу 112 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау