Сабақтың тақырыбы : Сан есімнен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты


-аялдама «Бейбітшілік пен Келісім сарайы»



жүктеу 2,69 Mb.
бет3/5
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24280
түріСабақ
1   2   3   4   5

3-аялдама «Бейбітшілік пен Келісім сарайы»

Сәулет өнерінің тамаша ескерткіші Қазақстанның Астана қаласында 2006 жылғы қыркүйек айында шаңырақ көтеріп, ол Бейбітшілік және келісім сарайына айналды. Небәрі 14 айдың ішінде салынып біткен бұл пирамиданың биіктігі 25 қабатты үйге тең. Пирамиданың жер астындағы көрінбейтін қабатының биіктігі 13 метр болса, жер бетінен үшкір биігіне дейінгі аралық 62 метр, сонда барлығы – 75 метр


Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайына айналған бұл пирамида ғимараты идеясының түп авторы – Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайында бай 1500 орындық опера залы мен маңызды келісімдерге қол қойылатын аспалы зал, мұражай, көрме залы, кітапхана, барлық дәстүр-лі дін өкілдерінің кеңселері жұмыс істейді. Бұл ғимарат халықаралық деңгейдегі қай шараны өткізуге де өте қолайлы. 

Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше, балалар, тапсырмаға көшейік. Неғұрлым тез орындасаңдар, соғұрлым тез келесі ғимаратқа жететін боламыз. Сендерге сәттілік тілей отырып, «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той- думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.Мысалы, «Бір бала», « Жиырма бес», «Екі жирен», «Бір келіншек», «Он алты қыз», «Сегіз аяқ» ( Ән тыңдау)


Талдау – табыс кілті.

І топ

Сан есімдерге фонологиялық талдау жасау ( бес, жетеу)



ІІ топ

Сан есімдерге фонетикалық талдау жасау ( отыз, елуден)



ІІІ топ

Сан есімдерге сатылай кешенді талдау жасау ( тоғыз, алтыншы)




4-аялдама «Ақ Орда»

Ойлан, ізден тап.

Ақ Орда ғимаратының жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 жылы 24  желтоқсан күні өтті.Ғимараттың биіктігі 80 м. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.

«Ақ Орда» бізге сандық сыйға тартып отыр.Бұл – жай сандық емес, сиқырлы сандық.Ал енді осы сандықтың сұрақтарына жауап беріп, келесі ғимаратқа жетейік.

Ой қозғау.

І топ Жұмбақтар шешу

1.Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді,



Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)

2.Он көзі бар өзінде,



Он саны бар көзінде.

Көзіне саусақ саласың,

Жырақтан хабар аласың. (телефон)

3. Қатар тұрып екеуі,

Бірін-бірі көрмейді

Көр десең де көрмейді. ( екі көз)

4. Үй ішінде

Отыз екі батыр

Кіргендерді

Отап, турап жатыр. (тіс)
5. Үш-төрт қана тісі бар,

Шөп көтерер күші бар. ( айыр)




ІІ топ Сан есімі бар мақал-мәтелдерді кім көп біледі екен?
ІІІ топ Математикалық жұмбақтардың шешуін тап.
Мұз айдында жеті бала,

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап

Енді осы баланың

Санын айтсаң жарадың ( тоғыз)



ІІтоп

Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің,

Нешеу болды, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын ( алты)

ІІІтоп

Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,



Жапырақтың нешеуі. ( төрт)



5-аялдама «Хан шатыры»

. Хан Шатыр» -  Астана қаласындағы ірі ойын-сауық  орталығы. Ол 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр.

“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Енді келесі аялдамаға өту үшін «Ханшатыры» аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.



жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау